Мектептегі қызық оқиғалар

Жаз бойы жаңа оқу жылының тезірек басталуын күтеміз. Сабақ ынтық болғандықтан емес, сыныптастарыңды, достарыңды көргің келеді.
Екінші үйіміз атанған білім ордасында қызық оқиғалар жиі боп тұрады.


1. Бұл жағдай барлық оқушының басынан өтуі мүмкін. Мектепке жаңадан мұғалім келсе, бірден «Танысайық!» деп бастаймыз. Сабақты селқостық танытып, уақыт өткізудің тамаша амалы ғой, шіркін…

2. Егерде қортынды бақылау сынды қауіпті кезеңдер басталса, мұғалімнің сыртқа шығып кетуін жан-тәнімізбен тілейміз. Білгішбектер кейде көмектеспей қояды…

3. Бірде менің бір ұстазым тартысқа толған әңгімен былай жалғастырды «Біздің ауыл Оралдан шалғайда еді. Мектепте орыс тілінен сабақ беретін мұғалімнің өзі, ештеңе білмейтін. Және аулымызда екі орыс тұрады. Екеуіде орысша білмейді» дегенінде 1 сағат күлгенім бар.

4. 8-9 сыныптың кезінде қыздарға қарсы бір амалды жиі қолданатынбыз. Яғни ұзақ қоңыраудың кезінде қыздар бірі қалмай сыртқа шығып кетеді. Ал, біз ұл балалар олардың сөмкелерінің ауыстырып, шкафтың ішіне жасырып қоямыз. Ішке қайтадан қоңырау соққасын, сөмкелерін таба алмай әуреге түскеніне мәз болатынбыз.

5. Сондай оқиғалардың бір тармағы еді. Жанымдағы балалар қауіпті ойын бастады. Техналогия сабағы кезінде бір қыздың орындығына әдейілеп су төгіп қойды. Өздерінің сынып бөлмесінен келген соң байқамай отырады деп сендірді. Бірақ күткен қызығымыз орындалмады. Дәл сол орындықтың үстіне сырттан келген сыныптағы ең бірі отырып қоймасы бар ма?! Алғашында ештеңе сезген жоқ. Күлкі қарық болған біздің бәрімізге, кейіннен қырғидай тиді.

Әй, сол кездер-ай. Сіздерде қызықтарыңызды айта отырыңыздар!

4 пікір

tomarlik
Біздің ауылда да Васка деген орыс болушы еді, бір ауыз орысша білмейді. Сол жігіт әскерге барып келіп, үйге әжеммен амандасуға келді. Әжеме қатты еркелеуші еді өзі. Содан әжем сұрап жатырғой:
— Борышыңды өтеп келіпсің, қалай болды,-деп.Сөйтсе Васканың айтқаны:
— Әже тай, әскерде жүргенде мені аққұлақтар (орыс) сойдығой, айтқандарын түсінбеймін, олар әдейі істеп тұрсың деп айтады. Өмірі орыс көрмегенімді қайдан білсін.
Айнаға қарамаған ба деп қаламын кейде, осы сөзінен соң )))
AkbotaMusabek
Еххх, шіркін, қайтадан оқушы болсам ғой)))
87713601654
бары сонгы партага кашатын бырак сабак басталганда мугалым бары быр алга отыргызат

Пікір қалдыру