Менің тілім кімге керек?

Қазіргі кезде, тіл мәселесі ең күрделі мәселелердің біріне айналды ғой. Өзіміз тіліміздің мәртебесін көтермесек, басқа ешкімге керек емесін бұрыннан білгем, бірақ мынау оқиғадан кейін одан әрі көзім жетті.

Бірнеше ай бұрын Азиялық Даму Банкінің форумы кезінде боп бір аптаға волонтер боп жұмыс жасадық. Міндетіміз осы форумға келген қонақтарды әуежайдан күтіп алып, арнайы автобуспен қонақ үйге жетуін қамтамасыз ету болатын. Бір күні кезекті ұшақтың келуін күтіп тұрғанда, жанымызға шетелдік кісі келді. Алматыда тұратын, Үндістан елінің азаматы екен. Қазақстанда 3 жылдан бері жұмыс жасап, тұрады екен. Әуежайда өз елінен келетін бір топ адамдарды күтіп жүрді. Қарап тұрмай, қыздар әңгіме бастады. Жөн сұрасқаннан соң сол кісінің орыс тілін әжептәуір сөйлеп үйренгенін байқадым. Мен: «Орыс тілін жақсы меңгеріпсіз, қазақ тілін неге үйренбедіңіз Қазақстанда жүрсіз ғой?»- деп сұрадым. Оның айтуы бойынша біздің елде өте көптеген адамдар орысша сөйлейді, қазақ тілін үйренудің қажеттілігі жоқ. «Менің айналамда барлық қазақтар тек қазақша сөйлейді»- дедім. Тағы бір қызығы, хинди тіліндегі көптеген сөздер қазақ тіліндегі сөздермен ұқсас дыбысталады және бірдей мағына береді екен. Оған мысал ретінде біраз сөз айтты. Есімде қалғаны: арман, махаббат — оларда мухаббат, дүние — дүния, қалам — калам, парақ — парак т.б. Ол үшін орыс тілі өте қиын болатын, қазақ тіліне қарағанда, бірақ сондада орыс тілін үйреніп алыпты.

Үйге келгенде сол жағдай есімнен кетпей қойды. Мұңлы сезім көңілді басты. Елде қазақ тіліне қарағанда орыс тілінде көп сөйлейтінін айтып, жазып, ұрысып, етіміз үйреніп барады. Ал, шетелден келген адамның Қазақстанға келіп, бірден орыс тілінің сөздерін жаттап алатыны өкінішті… Ондай жағдайды бірнеше рет көргенмін. Мен көрген жерде шетелдіктер сөз сұраса, бірден қазақ тілінің сөздерін үйретемін. Қалай болғандада тілдің мәселесін әркім өзінен, өз айналасынан бастауы керек. Қазақ тілі тек өзімізге ғана керек…

4 пікір

Daniyar_Zhanys
Кеше ғана естіген мақалым болатын. Өзбектерде: «Егер Ресейге барғың келсе, алдымен Қазақстанға барып, орыс тілін үйоеніп ал» дейді екен.

Көп нәрсені өзбектерден үйренсек болатын сияқты…
AlmasNakhypbek
Қазақ тілі тілі
қайталанып кетіпті
AlmasNakhypbek
өмірден алынғаны — қызық болып тұр. дұрыс айтасың. Айналамыздан бастаған дұрыс.

Пікір қалдыру