Желімдей байлаған желіге шолу

Мен әлеуметтік желінің маманы емеспін, алайда сағаттап қолданатын тұрақты қолданушысымын. Сондықтан осы жазбамды өзімнің байқап, көргендеріме және естіген әңгімелеріме сүйеніп жазып отырмын. Осы жазба арқылы, әлеуметтік желілерге шолу жасап шықпаққа талпындым. Әуелі ең танымал желілер ФБ мен ВК туралы ой қозғалады.


ТАНЫМАЛ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР

Қазір екінің-бірі интернет пайдаланады. Біреулер үшін бұл бос уақытын өткізудің жолы болса, келесі біреулер үшін пайданың көзі. Бэлла Орынбекова ханымның сөзімен айтқанда әлеуметтік желі мақтаншаққа лайк, эксгибоционистке көрермен, еріккенге ермек болып жүр. Мамандар арнайы сараптама жүргізіп, халықтың басым көпшілігі интернетке әлеуметтік желі үшін кіретіндігін анықтаған екен. Ал бір нәрсе үйренейін, ақпарат алайын дейтіндердің қатары аз. Тіпті өзіміз қатарлы студенттердің өзі сабақ қарау мақсатымен интернетке қосылған кезде, қосымша әлеуметтік желіні ашып қойып, көз жүгіртіп отырады. Артынша сабақты қалдырып, әлеуметтік желіге қалайша кіріп кеткенін байқамай да қалады.
Сонымен, қазір халық арасында ең көп қолданылатын және пайдалы желілер қандай? Олардың қатары қалың. Санамалап жатудың керегі бола қоймас. Жұрт онсыз да біледі. Біз ең негізгі екеуіне тоқталайық. Олар: Фейсбук пен Вконтакте. Бұл екеуінде басқа желілерде кездесетін барлық функция бар. Екеуінің ұқсас жақтары да көп. Тіпті, ағайын деп айтуға да келеді. Алайда айырмашылықтары да жоқ емес. Екі желінің бір-бірінен қаншалықты айырмашылығы барын олардың функцияларынан емес аудиториялары мен жазбаларынан-ақ байқауға болады. Толығырақ тоқталып өтер болсақ.

TOP.kz: Желімдей байлаған желіге шолу

Әуелі фейсбук желісін қарастырайық. Бұл желіде көбінесе 1990 жылға дейін туылғандар отырады. Былайша айтқанда орта жастағы азаматтар және журналисттер, қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары топтасқан желі десек те болады. Мұнда сіз түрлі жаңалықтарды, ғибратты әңгімелер, саяси дүниелер мен пікірталастардың куәсі бола аласыз. Күндіз күні бойына ФБ қолданып отырып, Қазақстанда не болып жатқанын, бизнестегі өзгерістер туралы мәліметтерге қанық боласыз. Және тағы бір айта кетерлігі мұнда жазылған жазбалар әр адамның өз атынан шығады. Парақшалар мен Топтардың жұмысы аса жақсы дами қоймаған. ФБ пайдаланушылардың көпшілігінің парақшалар мен топтарға жазылудан қашқақтайтыны тағы бар. Себебі, бір топқа жазылсаңыз олардың әрбір жаңаруы сізге ескертпе жасап, мазаңызды алып жіберуі мүмкін. Тағы бір айта кетерлігі достар табуда шектеулік бар. Яғни сіз бар болғаны 5000 адаммен дос бола аласыз.
Ал енді вконтакте желісіне келсек. Мұнда отыратындардың көпшілігі жастар. Негізгі аудиториясы 1990 жылдан кейін туылғандар. Бұл жақтан анау айтқандай маңызды дүниелер оқи қойуыңыз қиын. Аудиториясы жастар болғандықтан көбінесе жеңіл әзілдер мен жұқа ақпараттарға басымдылық беріледі. Сонымен қатар, жазба салар болсаңыз өз атыңыздан жариялау тиімсіз. Мұнда жаңалықтар лентасында көбіне топтар мен парақшалардың жазбасы алдыңғы орынға шығады. Бөліскіңіз келген жаңалықты топқа салып бөліспесеңіз жеке парақшаңызда аса танымалдылыққа әкеле қоюы екіталай. Алайда бір жақсы жері қанша адаммен дос боламын десеңіз де ерік өзіңізде. Ешкім шектеу қоймайды. Сонымен қатар, кез-келген парақшаға немесе топқа жазылсаңыз олардың жаңалықтары сіздің мазаңызды ала қоймайды.
Екі топтың ұқсастықтары ерекшеліктеріне тоқталып өттік. Олай болса, әуелгі тақырыбымызға қайта келіп, әлеуметтік желілердегі топтар мен олардың жұмысына келсек. ФБ желісінде топтардың жұмысы аса жақсы дами қоймағандықтан әрі қарайғы әңгімеміз ВК желісіндегі парақшалар мен топтар турасында болмақ.

ВКОНТАКТЕ ЖЕЛІСІНДЕГІ ТАНЫМАЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРАҚШАЛАР

Бұл жақта парақшалардың жақсы дамығандығы соншалық кейбірінің жазылушыларының саны миллионнан асып жығылған. Алайда олардың қатарында Қазақстандық топтар жоқ. Біздің елдегі ең танымал топтың жазылушылары жарты миллионнан сәл ғана асқан. Олар:

1. За тебя, Бәке

TOP.kz: Желімдей байлаған желіге шолуАйтқыштардың сөзіне сенер болсақ, парақша әуелде қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтың құрметіне «За тебя, Зәке» деп ашылған екен. Алайда дами келе атауын «Бәке» деп өзгерткен. Оның да өзіндік себептері бар болар. Ол маңызды емес. Қазір топқа 619 647 адам жазылған. Жаңалықтар лентасынағы жазбаларға қойылған лайктар мен пікрілерді және бөлісушілер санына қарай отырып, жазылшылардың ішінде 5000-ға жуық адам белсенді қолданушы деген қортынды жасауға болады. Бұл топтың жазбаларына кемі 1000 лайк басылады. Жаңалықтары әр түрлі бағытта дамыған. Мұнда ел ішінің жаңалықтарын, саяси дүниелер оқып тұруға болады. Сонымен қатар түрлі әзілдер мен күлкілі картинкаларды, видеоларды да қарай аласыз. Топ әкімшілігі мән-мағынасы бар салмақты жазбалармен жеңіл-желпі дүниелерді қатар жариялап отырады. Сол арқылы бір сарындылықтан құтылып, оқырмандарын сергітіп отырады. Оған қоса әркімнің талғамына жауап беруге тырысады. Тұщымды дүние қарағысы келген жанда, жай әзіл оқығы келгендерде өз керегін осы арадан таба алады. Бір өкініштісі топтағы жаңалықтар екі тілде жүрсе де, орыс тіліне басымдылық беріліп кетуінде. Бірақ, желіні белсенді қолданушылардың көпшілігі өзге ұлт өкілдері және орыс тілді азаматтар екендігін ескерсек, олардың бұл әрекеттеріне кешіріммен қарауға болады. Қазір аталмыш топтың әкімшілері жарнаманың көмегімен ақша тауып отыр. Қазақстандағы №1 пабликке жанама беруге қызығушылық танытушылардың көп болатындығы айтпаса да түсінікті болу керек. Сонымен қатар, аталмыш топ өздерінің жеке сайттарын да ашып алған. Онда белгілі бір тақырыпқа байланысты толыққанды мәліметтер жарияланып отырады. Сайттқа өту үшін сілтемеден өтіңіз. «За тебя, Бәке»

2. Өмірлік мәні бар.

TOP.kz: Желімдей байлаған желіге шолуБұл топ жазылушылары жөнінен Қазақстанда екінші орын алады. Ал таза қазақ тілді парақшалар арасында көш бастап тұр десек те болады. Қазір аталмыш парақшаға 500 312 адам жазылған. Олардың ішінде белсенділік танытып, үнемі пікір қалдырып, лайк басып, бөлісіп отыратындарының қатары шамамен 1000-2000 адам. Көбінесе ғибратты әңгімелер, ұлылардың ұлағат сөздері, көрген жанды еріксіз ойландыратын суреттер мен мағынасы жоғары видеолар таратып отырады. Осы уақытқа дейін 28694 жазба салынған. Олардың арасында арзан әзілдер мен мағынасыз жазбалардың да кездесіп қалатындығын айта кету керек. Себебі онсыз болмайды. Аудиториясы жастар болғандықтан оларды сергітіп отырудың осы тәсілі ең тиімді тәсілдердің бірі.

3. Тұрсынбек Қабатов/ Әзіл әлемі

TOP.kz: Желімдей байлаған желіге шолу

Қазақстандықтарға жақсы танымал әртістің атын жамылған парақшаның да тасы өрге домалап тұр. Аты айтып тұрғандай бұл парақшадағы жазбалардың басым бөлігі әзіл-оспақтарға арналған. Мұнда түрлі қазақша анегдоттар оқып, карикатуралар мен прикол видеоларды тамашалауға мүмкіндіктеріңіз бар.
Аталмыш топқа 352 569 адам жазылған. Ал олардың белсенділігі аса жоғары екендігі байқала қоймайды. Жазбалардың кейбіріне болмаса, көпшілігіне қойылған лайктар саны мыңға жете бермейді. Сонымен қатар пікірлердің саны да алдыңғыларына қарағанда аз, алайда бөлісушілері жеткілікті. Ал ол өз кезегінде топтың дамуына үлкен ықпал ететіні бар.

4. Махаббат қызық мол жылдар

TOP.kz: Желімдей байлаған желіге шолу

Күн сайын қарыштап дамып келе жатқан парақшалардың бірі. Жазбалары негізінен жастар аудиториясына арналған. Негізгі бағыты сезімге, махаббатқа арналады. Алайда бұл жерден де салмағы жеңіл, сапасыз дүниелерге кезігіп қалуыңыз мүмкін. Бірақ, ол топтың дамуы үшін қажеті дүние болып саналады. Ашылған күннен бері аталмыш топқа 13 876 жазба салынған. Ал оларға қойылған лайктар саны мен бөлісушілерге және пікірлерге қарап, қолданушыларының белсенділігі аса жоғары емес екендігін байқауға болады. Тіркелген 203 739 адамның тек 200-300-дейі ғана белсенділік танытып отырады екен. Басқалары тек оқырман ғана болуы мүмкін.

ТОП ТАНЫМАЛДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Вконтакте желісінде парақшалар мен топтардың саны тым көп. Олардың біразы жалпылама адамдарға арналса, кейбіреулері тек белгілі бір аудитоияны қамтуға бағытталуы мүмкін. Сондай-ақ, кейбір топтардың танымалдылығын арттыру үшін арнайы сөздер қолданылуы мүмкін. Ол сөздер топтың нақты не туралы жазатындығын айқындап тұрады. Оған мысал ретінде «Признавашки» сөзін келтіруге болады. Бұл сөз ең кең тараған атау десек қателеспейміз. Осы сөз жалғанған топтардың саны мыңан асып жығылады. Бұл ат қосақталған парақшалар мен топтардың жазылушыларының саны аса көп бола бермеуі мүмкін. Себебі ол тек белгілі бір аудиторияны ғана қамтиды. Алайда тиімді жағы, тіркелушілерінің белсенділігі тым жоғары. Сонымен қатар, жазбалардың көпшілігін қолданушылардың өздері ұсынады. Топ әкімшілігінің міндеті оларды қабылдап, саралап, дұрыс, қызықты дегендерін жариялау ғана. Әрине, парақшаны әрі қарай дамыта түсу міндеті бар екендігін де естен шығармаған абзал.
Аталмыш топқа мысал ретінде өзім оқитын Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ студенттеріне тиесілі «Признавашки КарГУ» парақшасын келтіріп өтсем болады.

TOP.kz: Желімдей байлаған желіге шолу

Бұл парақшада шамамен 5 500 адам тіркелген. Жазбалары, күнделікті студенттік өмірдің қызықтары турасында. Мұнда әрбір студент өз ойларын, қиындықтары мен қызықтарын тіпті сезімдерін білдіріп жатады. Лайктар саны мен пікірлер саны жөнінен алдыңғы орында десек өтірік емес.
Танымалдылықты арттырудың келесі әдісі өтірік айту. Иа, ол үшін әуелі ең танымал топқа тіркелесіз, сол топтың атауын, бас суретін ұрлап аласыз. Тіпті кейбір кездері әлгі топтың жазбаларына да ауыз салып қойсаңыз болады. Осы арқылы ең танымал топтың көшірмесінің қожасы атанасыз. Ал адамдар, топтың атауын оқыған соң сізге тіркеле бастайды. Ал сіз өз жазбаңызды өзіңіз «ұрлаған» топтың жазбаларының стилінде жазып жүріп, кейін бірашама аудитория жинап алған соң, топ атауын қалауыңызша өзгертіп алуға болады. Бұл қаншалықты тиімді екенін білмедім. Алайда дәл осындай әрекетке барып жүргендер көп.

4 пікір

qonyrbai
Жарайсың! Өзің сарапшы боп барасың. :)
AsylhanUysinbaev
Еееее Нұреке кім болғысы келсе сол болады! Мақтағаным емес! Ақиқатты айтып отырмын!!!
NurNygymetov
мен жасаған ава-да танымал болды дейсің ғой)))

Пікір қалдыру