Баланың құны "500 теңге"

Бұл сұмдыққа не айтасыз? Күні кеше ғана Қарағанды қаласындағы көк базарлардың бірінен ит пен мысыққа жем болып жатқан жас сәбидің мәйіті табылған еді. Естіген ел есін жиып үлгермей жатып, екінші бір базардан тағы да шу шықты. Күн көріске ақша таппай қиналдық деген ерлі-зайыпты қала тұрғындары, құндақтаулы сәбиін, ескі-құсқы, заттар сататын «Аврора» базарына (Арай базары) апарып, ашықтан-ашық саудаға салған. Куәгерлердің сөзіне сенер болсақ, бұл жұп балаларын әуелде 100 мың теңгеге бағалаған екен. Бірақ, сатып алушылар табыла қоймаған соң, бағасын арзандата-арзандата 500 теңгеге дейін түсіріпті. Егер жұрт шу шығарып, іске полиция қызметкерлері араласпағанда тегін беріп жіберулері де мүмкін ба еді кім білсін.

Блог - tomarlik: Баланың құны 500 теңге

Базардағы көп тауардың бірі тәрізді шақалақ баланы сөреге шығарып, саудаласып тұрған ерлі-зайыптыларға қала жұртшылығының қаны қарайып, бас салуға дайын тұрған екен. Бірақ, аброй болғанда құқық қорғау саласының қызметкерлері келіп, ана мен баланы оқиға орнынан алып кетіпті. Адамның құнына жетер еш нәрсе жоқ, адам баласы ең қымбат жаратылыс деп жатамыз. Бірақ мына екі оқиғаны алып қарайтын болсақ, балада құн қалмаған тәрізді. Біреуі керексіз зат тәрізді қоқысқа апарып тастап, ит пен мысыққа жем қылады екіншісі ескі-құсқы зат сататын базарға апарып, ашықтан-ашық саудаға салады. Мөңке бидің айтқаны келе жатыр. Өз баласына жаны ашымайтын безбүйрек аналар қаптап, қоғамның сана деңгейі төмендеу үстінде. Бірер жылда бұл да әдеттегі нәрсеге айналып кетпесе болғаны. Әлде, ендігі айнылыпта кетті ма екен?

Блог - tomarlik: Баланың құны 500 теңге

Мәліметтер Bnews.kz сайтынан алынды

6 пікір

AsylhanUysinbaev
Халықтың азып, адал жолдан тайып, кері жолға тартқаны емес пе…
Әй мына әйел теріс жолда, ақша үшін баласын сатса, келешегіміз не болмақ. Барлығы қысылғанда баласын сатса?
Ойлан қазағым! Ойлан!
AlmasNakhypbek
Біз де өмірге оңай жолмен келмедік, біздің де ата-анамыз айтарлықтай қиналды. Бірақ, сол қиналғандары үшін қазір тәтті жемістерін көреді деген сенімдеміз. Мынадай суық жүректіктен сақтасын Жаратушым. Бір қозы дүниеге келсе, бір жусан артық өседі. «Балаларыңды асыра алмай қаламыз деп жерге көмбеңдер. Олардың нәпақасын Біз береміз» деген мағына беретін бір кітап оқыған едім, сол секілді сөз болады.
neoaskar
Алмас, Құранда айтылған аят қой. қайсы аят екені есімде жоқ. Баланың сұрауы қиын болады ақыретте.
ашықтан ашық саудаға салу сұмдық қой мынау.
AlmasNakhypbek
мүмкін солай да болар. Атам айта отыратын. есімде қалып кеткен. ия, сұмдық дсе сұмдық
Temirtaulyk
Ондайларды халык алдында жазалау керек баскаларга сабак Болу ушин
nurbek
Бірақ, сатып алушылар табыла қоймаған соң, бағасын арзандата-арзандата 500 теңгеге дейін түсіріпті. Егер жұрт шу шығарып, іске полиция қызметкерлері араласпағанда тегін беріп жіберулері де мүмкін ба еді кім білсін.
Бұл сөзіңізден баланы тегін берген сатудан да қорқынышты дегенді аңғартқыңыз келгендей ме?

Пікір қалдыру