Сталинің арқасында аман қалдық

Сәлем достар, Қалдарың қалай? Интернет ауылынан жарым-жартылай алыстап, өткен аптаны кітап оқып, әңгіме тыңдап, алдағы таңда жазар тақырып дайындаумен өткізген болатынмын. Енді міне, бүгіннен бастап бір апта бойы көрген-білген, естіген-түйгендерімді сіздермен бөлісіп шықсам деймін. Олай болса, ұстазым Қойлыбай Асановтан естіген мына бір әңгімеге назар салыңыздар.

Ұлы Отан соғысының қызған шағы болса керек. Қару ұстап, соғысқа кіруге қауқарлы жастың бәрі майданға аттанған. Елде қалғаны кілең, ауру-сырқау, қатын-қалаш, кемпір шал мен ұсақ балалар ғана. Бұл әрине өндірістің әр саласына ауыр соққы болып тигені анық. Бірақ, Отан қорғау үшін әскердегі ерлермен бірге тылдағы әйелдер мен шал-шауқан бала-шағалалар жан аямай еңбекке кіріседі. Өндіріспен бірге "Қарқаралы" газетінің де жұмысы ақсай бастайды. Қаламы қарымды, ойы орамды журналистердің көбі ел басына күн туған шақта алдыңғы шепке шығып, майданға аттанып кеткен болатын. Ауыл арасы шалғайда орналасқан, қыс ішінде қатынау қиындық тудырады, жіберілген тілшілер, апталап, айлап барып бірақ оралатын. Айналдырған бес-алты тілші осы жағдайларға байланысты газет бетін толтыра алмай, әбігерге түседі. Жоспар орындалмай, бет толмай қалғандықтан облыстағылар, аудандағылардың төбелерінен сипай қоймайды. Қайта, осындай қиын-қыстау шақта негізгі идеологиялық құрал газет жұмысын ақсатқандары үшін итжеккенге айдалып кету қаупі туындайды. Дегенмен тісқаққан газет басшылығы бұл қиындықты жеңудің оңтайлы тәсілін табады. Қалай дейсіз бе?
Міне былай:
Тарих: Сталинің арқасында аман қалдық
Газеттің толмай, материял салынбаған бетіне үлкееен етіп, Сталиннің суретін баса салған. «Сталинді неге басасыңдар? Баспаңдар»- деп облыстағылар айта алмайды. СТАЛИНДІ газетке басуға тиым салу дегенің өміріңмен қоштасумен тең саналатын еді ол кезде. Сөйтіп, газет редакциясы материял таппай, газет беті толмай қалған кездері үнемі Стекеңнің портретін басып жібере берген- жібере берген. Бұл әрекеттеріне облыстағылар іштей кіжінуден әріге аса алмайды. Сталиннің арқасында газет ұжымы қудалаудан аман қалады…

3 пікір

AsylhanUysinbaev
Демалыстан кейіңгі бірінші жазбан Сталин. Қандай кітап оқығаның қызық болып отыр)))
Ал ойыннан алыстайтын болсам, жазбан жақсы екен. Ескі ақпаратты тауып қызық қып жазу барлығының қолынан келе бермейді…
tomarlik
Кіртаптар туралы ақпарат жақында болады. Өзің білетін «Закат Европы» туралы жазссам димін. Тек әлі біте алмай отырмын…
kibaken
Газет редакциясына осындай кермет ой қайдан келген екен?!) Қатты ұнады жазбаң!

Пікір қалдыру