Әкелі-балалы Барақ-Асау батырлар

Бұны жазып отырған себебім өсіп келе жатқан ұрпақ елі үшін жанын берген батыр бабаларын ешқашан ұмытпауы керек. Қазақстан тарихы кітабында көптеген батырлар есімі жазылмай қалған, неліктен екенін уақыт шешер. сіздерге солардың бірін ұсынып отырмын.
Тарих: Әкелі-балалы Барақ-Асау батырлар
БАРАҚ БАТЫР Барақ Сатыбалдыұлы (1743-1840) батыр, Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі. Кіші жүздің Жетіру тайпасының Табын руынан шыққан. Үстірттің Сам құмында дүниеге келген. Барақтың батыр атағы 18 жасында торғауыт батыры Алакөбікті жекпе-жекте жеңгеннен кейін шыққан. 18 ғасырдың 70 жылдарына дейін шөмішті-табын қолын бастап, Еділ мен Жайық арасында қалмақтармен соғысқан. 1785-1792 жылдар аралығында Сырым Датұлы бастаған Ресей отаршылдығына қарсы күрес басшыларының қатарында болған. Сырымның жақын серігі Барақ батыр үш мыңдық жасағымен Орынбор шебіндегі қамал-бекіністер бойында және қазақ даласына жіберілген патша үкіметінің жазалаушы отрядтарымен кескілескен шайқастар жүргізген. Орал әскери рапортында Барақ батырдың екі мың жасағы үкімет әскеріне қарсы тұрғаны жазылған. Барақ батырдың әскери күші туралы барон О.Игельстромның император Екатерина ІІ-ге жазған хатында айтылады. Барақ батырдың тегеуірінді қарсылық әрекеттері орыс отаршыларының зорлық-зомбылығын шектеп, Жайықтың оң жағалауындағы қазақ жерлерін сақтап қалуға септігін тигізді. Ол Батыс Қазақстанның отарлануын тежеп, әскери бекіністердің көптеп салынуына жол бермеген. Барақтың есімі табын руының ұранына айналған. Оның ерліктері «Барақ батыр» тарихи дастанына арқау болған. Барақ Сатыбалдыұлының ұлы Асау мен немересі Дәуіт те атақты батырлар болған. Барақ батыр мен Асау батыр Сам құмында Тұрыш ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде жерленген.
Барақ батыр Айшуақ ханды орыстардан босатуға кеткенде, Асау 13 жаста үйге тастап кетіпті. содан ұйықтайын десе, Шалдар асамен қайта-қайта түртіп Әкеңе көмектес деп ұйықтатпаса керек. Тымағын әкесі танып қалмас үшін бастыра киіп қосынның алғы шебінде жүріп орыстармен айқасса керек. Барақ баласын, айналасында жүрген Шалдарды байқап Балам маңдайыңнан аққан терді сүртпе деп айқайлайды. Беріліп кеткені соншама байқамай терін сүртіп қалғанда, маманадан тимей жатқан оқтардың біреуі иық тұсынан тиеді. 13 жасында аты шыққан батыр Бабам — Асау Барақұлы.
Мынау сол Қалмак батыры Алакөбік пен Барақ Сатыбалдыұлының жекпе жегіінен үзінді:
Көп оғының ішінен Сұр жебені алады,
Көзі отай жанады бар күшін жинап алады,
Шотытуға қалмағың алдында тұрған баланың
Қақ жүректің тұсы деп, өлер жері осы деп
Толғап тартып қалады.
Үстіне тиген ақ сауыт не гып аман калады?
Ғайып ерен 40 шілтен Төңірегін қамады.
Батыр Барақ қарасы қасында көрді қожаны
Алаулап жүр қожалар, Зікір салып Аллалап
Асан ұожа Аллалап, Оң жағында тұрады
Қосым қожа Аллалап, Сол жағында тұрады
Ата қожа Аллалап, қарсы алдында тұрады
Асаменен тигізбей кәпірдің оғын қағады…
… Батырлар кірді ұрысқа болмайды ерлер тұрысқа
Өтпеген соң найзасы, балтаны салды соғысқа
кеспеген соң балтасы, қолын қойды қылышқа.
Ұрған қылыш кеспеді, Ұрған балта өтпеді.
Ер Барақтың үстінен, Жиналып журген Пірлері
Қасынан ұзап кетпеді…

Бекет ата мен Барақ ата замандас, бір-бірін сыйлап өткен жақсы дос болып өтіпті.
Бекет ата мен Барақ батыр аңызында жетті
аққудың ұшуы бар. Барақ батыр: «Қасиетің аспанда жеті аққу болып ұшты,
әруағың биік тұр, жеті ұрпағыңа дариды екен», — дейді Бекет атаға. Сӛйтіп,
бірінші болып сәлем беріп, оның әруағының басымдығын мойындайды.
Ол аңызда абыз Бекет атаға «келе жатқаныңда алдыңнан жеті аққу ұшты, қасиетің жеті атаңа
жетер», — десе, Барақ батырға «алдыңнан үш аққу ұшты, зайырлығың үш
атаңнан аспас», — дейді. Сол Бекет атаның айтқаны дәл келді, Барақтың Қасиеті тек өзіне, баласы Асауға, немерсі Дәуітке ғана дариды.

Барақ батыр мен Асау батыр Сам құмында Тұрыш ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде жерленген. Тұрыш ауылы Бейнеу ауданына қарайды.
Тарих: Әкелі-балалы Барақ-Асау батырлар
Тарих: Әкелі-балалы Барақ-Асау батырлар

0 пікір

Пікір қалдыру