Израиль қазаққа бас иді

Талқыдағы тақырып айдарының осы жолғы жариялымдарымен таныса отырыңыздар. Біршама қызықты ақпарат аласыздар деген сенімім бар...

Израиль қазаққа бас иді

Талқыдағы тақырыптар: Израиль қазаққа бас иді

Әлем елдерінде қалыптасқан көзқарас бойынша еврейлер өздерін-өзгелерден жоғары қоятын ұлт. Бұл пікір есте жоқ ескі заманда қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жеткен. Алайда олардың басқа ұлтты өздерінен жоғары қоя алатындығы анықталып отыр. Израиль мемлекеті ресми түрде қазақ халқын «ҰСТАЗ-ХАЛЫҚ» деп мойындауға ұсыныс білдірген.
Бұл атаққа әуелде бірнеше үміткер ұлт болған екен. Алайда еврейлердің таңдауы қазақ халқына түседі. Оның да өзіндік себебі бар.Тәуелсіздік алған жылдан бері қарай біздің елде анау айтқандай ірі ұлт аралық қақтығыс болмаған. Бұл 140-қа жуық ұлт пен ұлыстың өкілдері мекен ететін мемлекет үшін мақтануға тұрарлық нәтиже және қазақ халқының ардақты ұлт екендігінің айғағы. Тағдырдың тауқыметімен қазақ халқының қол астын паналаған ұлттар мемлекет құраушы халық тарапынан еш қысым көрмеген. Олардың арасында еврей ұлтының өкілдері де бар. Рас, егер шектен шығып, қазекемнің ащуына тисе намысқой қазақ жігіттерікім екендерін естеріне салып береді. Ал жөнін біліп, соқтықпай тыныш өмір сүрсе, тимейді. Осы бір ерекше қасиетіне тәнті болған еврейлер қазақ халқына «ҰСТАЗ» атағын беруді және сәті түсе өз елдерінде ескеркіш орнатып, ағаш егуді жоспарлап отыр екен. Бұл туралы қоғамдық-саяси «Алеф» орталығының өкілі Николай Горбунов мәлімдеген.
Израильде "әлемнің ұстазы" болуға лайық ұлтқа ескерткіш мүсін орнатып, құрметіне ағаш отырғызу дәстүрі бұрыннан бар екен. Олар ұлты еврей емес, қиын-қыстау кезеңдерде олардан көмегін аямағандар. Мысалы, ҰОС кезінде Белорус әйел бірнеше еврей балаларын басына төнген қауіптен жасқанбай фашисттерден құтқарып қалады. Оның құрметіне Израиль көшелерінің біріне ескерткіш мүсін орнатылып, есімі алтынмен әптеліп жазылған және ағаш отырғызған. Ол ағаш Иерусалим көшелерінің бірінде жайқалып тұрған көрінеді.

Президент сайлауын өте ме?

Талқыдағы тақырыптар: Израиль қазаққа бас иді

Ағымдағы жылы елімізде мерзімінен бұрын президент сайлауы өтуі мүмкін. Бұлай деуіміздің себебі ақпанның 14-і күні Қазақстан халқы Ассамбелясының кеңесінде осы ұйым төрағасының орынбасары Анатолий Башмаковтың айтқан сөзін парламент пен «Нұр Отан» партиясының қолдап кетуі.
Анатоли Башмаковтың бұлай бастама көтеруіне алда келе жатқан дағдарыстың салқыны себеп болыпты-мыс. Айтуынша сайлауды уақытында өткізу ел қазынасына айтарлықтай салмақ салып кетуі мүмкін. Сондықтан ерте өткізу қажет. Оның бұл ұсынысын «Нұр Отан» партиясы елдегі жетекші саяси күш ретінде толығымен қолдап, мәлімдеме жасады. Партия ассамблея ұсынысын «мемлекет пен халықтың мүддесіне сай келетін ең дұрыс шешім» деп санайды. Сонымен қатар, Анатолий Башмаков бастап, «Нұр Отан» қостаған бастаманы ел парламентінің төменгі палатасы Мәжілісмендер де бір ауыздан жақтап отыр. Ал басы бірікпей, өзара ырду-дырду болып жатқан опазиция өкілдері әзірге іліп алар пікір білдіре алған жоқ. Дәл осы бастамаға қатысты президенттің қызы Дариға Назарбаева: «Мен дербес тақырыппын»,- деп пікір білдіруден бас тартқан.
Халықтың қызу талқысына түскен бұл мәселенің соңғы нүктесін қойып, сайлаудың мерзімінен бұрын немесе мерзімінде өтуін тек Елбасының өзі ғана шеше алады. Бұл туралы мәжіліс депудаты Зағипа Балиева мәлімдеді.
Саясаткерлер мен халық арасындағы қазіргі сұрақ, «Егер сайлау бола қалса, президенттікке үміткер ретінде кімдер ұсынылады?».

Керек кеңес

Ағза ауаға су мен тамақтан да қатты зәру. Ол тек өкпені толтыру үшін ғана емес, денедегі миллиардтаған жасушалардың қалыпты жұмыс істеуі үшін де қажетті өте бағалы зат. Сондықтан тыныс алуыңа көп көңіл бөлу керек. Қолыңыз қалт еткенде таза ауада жүріңіз және түрлі сергіту жаттығуларын жасаңыз.


Он екі жылдық жыр жалғасады

Талқыдағы тақырыптар: Израиль қазаққа бас иді

Білім беру саласындағы жауыр болған тақырып тағы да жалғасын таппақ. Сөзінде пәтуә қалмаған Білім және ғылым министрлігі 12 жылдық білім беруді мектептерге енгізуді жоспарлап отырғандықтарын мәлімдеді. Реформаның жаңартылған жобасы бірер айдан соң таныстырылмақ. Ал оқытудың жаңа стандарты жылдың соңына дейін жасалады.
Естеріңізде болса осыдан аз ғана бұрын министрлік өкілдері 12 жылдыққа көшу жоспарының біраз уақытқа кейінге қалдырылғанын айқан болатын. Келтірген уәждері әлі келмеген, бірақ көп дүниеге сылтау болған жаһандық дағдарыстың салқыны. Ал енді бір айға жетер-жетпес уақытта не өзгере қойды дейсізғой. Жооқ, дағдарыстың беті қайтқан жоқ, тек бұл мәселеге Елбасымыздың өзі араласты. Кілең білімділер жиналған министрлікке тығырықтан шығып, 12 жылдыққа көшудің жолын да президент көрсетіп берді. Енді сол бойынша, біртіндеп ауыспақ. Яғни мектеп бағдарламасы бұрынғысынша 11 жыл болып қалады, ал он екі жылдық ретінде мектепке дейінгі балаларды дайындау жүйесі жаңартылады, әрі қарай дамытыла түседі. Себебі балаға берілетін білімнің негізі 6 жастан бастап қалануы керек. Елбасымыздың сөзі бойынша «Балапан» бағдарламасын дамыта түсу арқылы біртіндеп он екі жылдық оқыту үлгісіне ауысу қажет.

Ресей мен Қазақстан шекараны өзгертпек

Талқыдағы тақырыптар: Израиль қазаққа бас иді

Солтүстік Қазақстан мен Ресейдің Омск облысы арасындағы шекара сызығы өзгертілуі мүмкін. Бұған Омск облысының гуернаторы Виктор Назаровтың өтініші себеп болыпты. Оның шекара айырбастау туралы өтінішіне Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов келіскенге ұқсайды. Енді бұл мәселенішекара бөлу туралы үкіметаралық комиссияға ұсынып, оң шешім шығару сұралмақ.
Ресейлік шенеуніктің қазақ даласына көз алартуының өзіндік себебі бар екен. Айтуынша Омск облысына тиесілі «Русская Поляна» елді мекені орталықтан ажырап барады. Оған қатынайтын тас жол, Қазақстанның шекарасында қалып қойыпты. Бұл алдағы таңда облыс орталығы мен елді мекеннің арасында қарым-қатынас жасауда қиындық туғызады. Сондықтан оған баратын жол орналасқан өңір Ресейдің қол астына өтуі керек. Ал ол жер үшін Қазақстанға Ресейдің басқа бір жерінен дәл сол көлем мен табиғи жағдайы бірдей аймақ берілмекші.

Сенаторға сәлемдеме

Талқыдағы тақырыптар: Израиль қазаққа бас иді

Өткен аптада сенатор Бірғаным Әйтімова жастарды несиеге өмір сүруге шақырып, бастама көтерген болатын. Бұл өз кезегінде қоғамның қызу талқысына түсті. Осы тақырыпта түрлі мақалалар жарық көрді. Бірақ бәрінің айтқаны бос сөзден аса алған жоқ. Ал танымал қазақстандық порталдардың бірі «Жақсы.kz» сайтының ұжымы, сөзден нақты қадамға көшті.
Расында соңғы уақытта Қазақстанның несиелік қарызы тым жоғарылап кеткен. Оның үстіне Елбасымыз алда келе жатқан дағдарыстың салдарынан 120 000 жұмыс орны қысқаруы мүмкін екендігін ескертіп өтті. Сәйкесінше несиенің көмегімен үй, тұрмыстық техника ең ақыр аяғы той жасап әйел алған азаматтардың ұйқысы қашты. Несиенің пайызының тым жоғарылығы мен төлем қабілеттіліктің аз болуы салдарынан жастар арасында өз-өзіне қол салушылықтың да өрістеп кеткенін айта кеткен жөн. Бұл мәселенің тек бергі жағы ғана. Қазбалай берсек несиенің талай кесапатын байқайтынымыз анық. Олай болса сенатор ханымның бұл қай сасқаны?
«Жақсы» ұлттық порталы арнайы Бірғаным ханымға «Кредиттің кесірі» атты материалдар жинағын жіберіп отыр. Сынау, мінеуден аулақпыз. Тек қана жанашырлық. Рас, өз сенаторларымыздың жайын біз, яғни жастар ойламасақ, кім ойлайды?»,- дейді сенатор ханымға сәлемдеме жіберге блогер жігіттер.

ЗАМАН БЕЙНЕСІ

Талқыдағы тақырыптар: Израиль қазаққа бас иді

Ғаламтор деген жақсығой… Бірақ арасында баспаның исін сезіп, газет оқыған да дұрыс. Ощым газет оқудың пайдалы жағы көп екенін мен айтпасам да білесіздер...

0 пікір

Пікір қалдыру