Мен жайлы...

Өзің туралы өзгелерден естіген қызық қой. Негізі менің табиғатым жұмсақ, мінезім құбылмалы. Ұстанымым: «Сыйға- сый». Кім менімен қалай араласса, солай жауап қатамын. Бірақ қаталдыққа, ақылмен жауап беруді жөн көремін. Айналамдағы процестердің, өзгерістер мен жаңалықтың барлығын қалт жібермеуге тырысамын. Дегенмен барлығын мақтай беруге де болмас. «Сын түзелмей мін түзелмейді». Бұл да мен үшін екінші ұранға айналғандай. Достарым мен...

Қош көрдік, BlogTime!

Әлеуметтік желілерде күн түні отырсам да арнайы блог жазатын сайттарға тіркелмеппін. Университеттің алғашқы емтихандарына дайындалып отырып, осы сайттан бір шықтым. Бұрындары естіп, бір-екі рет қонақ болып, өзгелердің блогтарын оқығанмын. Бүгін өзім тіркеліп, азды-көпті блог жазуды жөн көрдім. Бұрын тек Facebook-та жазатынмын. Ал, ендеше, қош көрдік, BlogTime!