Қазақтың Ұлттық Университеті

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір
Құрмәтлі, ағайын!
Қадірли, жамағат!

Дәл қазір бір елде — аяғы қан-төгіспен тынатын шағын дау-жанжалдар үлкен қақтығыстарға жалғасып, бір елде — қарапайым мейрамдар ауқымы кең тойларға ұласып, бір елде — жыл сайынғы халықаралық байқаулар ұйымдастырылып, бір елде — аяқ асты тап келген девальвациядан экономикалық кризис болып, т.б. сан түрлі жағдаяттар мен елеулі оқиғалар өткен тарихтың ескі парақтарына еніп жатқан шақта, біздің ұлан-ғайыр атыраптың көшпелі жұртына, оның ішінде 17-18жасар бозбала мен бойжеткендерді тәрбиелеп отырған әр қара шаңыраққа жыл сайын дәл осы айда маза бермейтін бір «дерттің» тағы да келіп жармасқанын байқаймыз. Ол дерт — "Ұлттық бірыңғай трагедия" деп аталады, шамасы… Сол «трагедиялық пьесаның» аяқталар шағын дүйім жұрт болып, сарыла күтіп жүргеніміз анық. Ал ондағы басты кейіпкерлер, яғни барша 11сыныптың өрелі жастары дайындықтан даурыққан бастарын қайда тығарларын білмей жүр. Әрине, барлығы бірдей жатпай-тұрмай кітап оқып, мазасыз мезгілді өткеріп жүр деуден де аулақпын. Біреулері — «Дуровтың дүрмегінде» дараланып, сол жердің тұрақты қонағы болып жүрсе, екіншілері — ессіздікке салынып, есірген түндердің кейіпкері атанып, үшіншілері — үйдегі әке-шешесінің үкілеген үлпершектей ақ үміттеріне сызат түсіріп, олардың мойындарына отырып күн кешуді жөн санаған кейпі алтын уақыттарын текке өткізуде. Әйтеуір, кім не істеп жүрсе де, ол «бәледен» қашып құтыла алмасы ақиқат. Қашқан күннің өзінде — не Ресейге барып, сәл әділетті өтетін «ЕГ» тапсырады, не АҚШ-да бас сауғалап, жұмысқа жегіліп, 4-5жылдан кейін жиған-тергенімен бір «ортаңқол» колледжге түсіп алады, байдың баласы болмаса, әрине…
Блог - stycamen93: Қазақтың Ұлттық Университеті
Негізі, қиын түгі де жоқ сияқты соның бар ғой. Өзіміз де тапсырдық қой «Міністірлік» әмірімен. Тапсырдық!!! Жеке басым жаман көрсеткіш көрсетпедім бақытыма орай(шешемнің айтуынша, құлаған күнде «базарға» барып, «тәшкі» сүйрейтін жайым бар ед). Анау-мынау емес, «113» балл, орыс тілсіз — 93. Сөйтіп, айқайы мен шуы тыйылмайтын алып Алматының қарбалас тірлігіне бір адамдай еніп кетпесім бар ма?!Ендік! Қаланың ішін аралап жүріп, ішіндегі бір "қалашыққа" тап болдық. Қызығы сол, жолыққан "қалашық" — менің 4 жылдық студенттік ғұмырымның куәсі болады екен. Иә! Иә! Барлығыңыз біліп отқанға ұқсайсыз! Ол, бәлкім, «сіз» оқыған немесе арманыңызда қалған сол КазГУ(ҚазҰУ демейінші, әсерлі емес) болар.
Блог - stycamen93: Қазақтың Ұлттық Университеті
Алматыдағы жұртшылықта кейбір жерлердегідей 3мезгіл ас ішіп, 1 мезгіл «Ананди» көріп, 2 мезгіл душқа түсетін мүмкіндік демалыстан өзге күндері бола бермейді(оның өзінде «редко»))). Бұндағы байғұс пенделер күн-түн демей еңбек етіп, жұмыс жасап, ақша тауып, оқу оқып, қолым босады дегенде ғана қаңғып, қыдырып, «KFC», "Қағанаттан" тамақ ішіп, «Медеуге» барып көңілдерін алдап жүреді. Вообщем, «мен» деген «Мегаполистің» тірлігі — әралуан.
Жоғарыда айтып өткенімдей, осы алып қаланың ішінен(керемет жерінен-жоғары жақтан) ойып тұрып орын тепкен шағын "қалашық" бар(Жолдасбеков деген жаны жайсаң азамат салып кеткен, Қонаев деген қариядан ақша алып). Оның аты — КазГУград! Иә, атағы Алты Алашқа мәшһүр, ғажайып инфраструктурасы бар — КазГУград(біз санасуға тиісті қандай универлердің қалашықтары бар елімізде?)))!..
Ал енді сол қалашықтың ішінде 80жылдық тарихы бар, Қазақстанның білім беру жүйесінің үздігі(тек Қазақстанның емес, ТМДның да), сүттің бетіндегі қаймағы болатын студенттерді дайындайтын бірден бір жоғарғы оқу орны — КазҰУ(бұрынғыша КазГУ) орналасқан! Қарт КазГУды барлық жағынан мақтап, көрсетіп, таныстырып өту мүмкін емес…
Блог - stycamen93: Қазақтың Ұлттық Университеті
Түйін: өзімізде оқитын Жолдас деген жолдасыммен бірге отырып әлемнің «Топ» университеттерінің рейтенгін көзбен бір шолып шыққанбыз. Сөөөөйтсеек, біздің "Қара шаңырақ" «топ-300»-дің ішінде жүр! Міне, керемет! Міне, абырой! Міне, мақтаныш! Қаншама мықты деген универлер артта қалып кеткен. Американың да, Германияның да, Францияның да, Қытайдың да, Ресейдің де… бізден кейін тұрғандардың арасында, анау-мынау емес — әйгілі Мәскеулік «МГИМО», «Бауман ат.экономика және бизнес университеттері» бар екен! Қалай қуанбайсың?!
Сосын, айта кететін бір жәйт, басқа жоғарғы оқу орындарының тәрбиеленуші-шәкірттері бәсекеге түсеміз деп әуре болмай-ақ қойыңдаршы! «Біздің ЕНУ мықты, біздің КИМЭПте байлар оқиды, біздің Асфендияровтағылар өте зерек, біздің КБТУда ең қымбат мамандықтар, біздің UIB халықаралық, т.с.с.» іспеттес жалаң ұрандарды естіп құлағымыз түсіп қалатын болды! Рейтенгте бізден бір саты болсын алға шыққан күні дәл осы «Blogtime»-нан жауапты резолюция күтемін!!!
Айтпақшы, мен — филологпын=)))
Блог - stycamen93: Қазақтың Ұлттық Университеті

18 пікір

kyrbalasy80
))) әхәхәхә,, қызық жазба екен)) Бауман, МГИМО-лардан озық болса, мықты екені рас болып тұр ғой! Қанша дегенмен, "Қара шаңырақ" деген атағы бар ғой… арман болып қалғаны болмаса…
stycamen93
жасыңыз келмесе, әлі де түсіп көруіңізге болады ғой!!! Сәттілік!
qonyrbai
ҚазҰУ жақсы ғой. Соның қалашығына барсам, шабыттанып кетем. Адам деген ығы-жығы. Керемет!
stycamen93
Иә, ғажап қалашық!!! Перваш болып келген күннен әзірге дейін таңқалудан жалығар емеспін!!!
uakenzo_93
Дүние жүзіндегіні білдік, Қазақстанда нешінші тұр ???
stycamen93
Қазақстандақ рейтинг жәй әшейін жасала салатын нәрсе ғой! КазГУдың осы кезге дейін алдыңғы қатарда тұрғанын білемін, көп жыл бойы 1орынды ешкімге бермеді. Былтыр ғана ЕНУ үздік университет болған. Оның өзі қалай не себепті түсінікті шығар… Әйтпесе, КаЗГУдегідей баяғыдан қалыптасқан білім жүйесі, ғажайып инфраструктура еш жерде жоқ әзірге… Кейбір жақсы, «МЕН» деген оқу орындары әлі қалыптасу үстінде…
uakenzo_93
түсініктііііі
ZhanbolatZhanshahan
Жалпы жаксы жазыпсын брат. Осындай ой пікірлерінді кулшыныспен окып турам не туралы болмасын. НУ (Назарбаев университет) жонинде не ойлайсын?
stycamen93
Рахмет, Жәкесі!!! Қуаныштымын! «НУ» жайлы жеке өз пікірім: бұл университет жаңа құрылып, әлі де толық бұғанасы қатпағандықтан, әзірге рейтингтерде жоғарғы орындарға ілікпей жүрген болу керек. Әйтпесе, сапалы білім беретін орда екенінде күмәнім жоқ. Тек аздаған уақыт керек шығар. Сосын алғашқы шәкірттерін енді түлетейін деп жатыр ғой… Бұйырса алдағы жылдары жоғарғы сатылардан көріп қалармыз!
akkerbez
Қала ішіндегі қалашық керемт қой!!! Алматы дегенде айшықтап көрсетіп тұратын да КазГУ! Биылғы талапкерлерге КазГУ туралы мықты блог жазыпсыз)
stycamen93
рахмет, Ақкербез! «Реклама! ғой аздаған)))
ZhandarbekZhumagulov
Расында КазГУ-дын аты КазГУ!!! Баска универдiкiлер, бiзбен таласпай-ак койыныздаршы. Отiнiш!!! Айеке, лайк жазбана!!! Кудайга шукiр осында окып жатканымызга!!! Мынадай асерлi жазбадарды окыганда аркаланып калады екенсiн кадiмгiдей…
stycamen93
Кезінде ағаңды тыңдап түскенің дұрыс болыпты, Жәке!!!)))
DauletKonebaev
Керемет мағлұмат
stycamen93
КазГУға оқуға кел, талапкер болсаң!)
AsselKaribay
КазГУ-де оқу — біздің отбасында дәстүр жалғастығы секілді. Әкем де, ағам да оқып бітірді. Енді менің де солардың салған сара жолымен аяңдап келе жатқан жайым бар!)
stycamen93
Қызық екен! Менің Ербол деген бауырымның да ата-анасы осы КазГУды бітірген екен, өзі де менімен оқиды… Естігенде, таңқалғам!!!
KymbatKz
ал мен әулеттегі алғашқы адаммын ҚазҰУ-да оқып жатқан… бірақ ендігі жағдай болмай болмайды Алла Қаласа! Бауырларым, балаларым келеді әлі!)))

Пікір қалдыру