Онлайн мектеп - Білім алудың жаңа жолы

Блог - skype_2196: Онлайн мектеп - Білім алудың жаңа жолыОнлайн мектеп — Білім алудың жаңа жолы

Әлем XXI ғасырға келіп жетті, ал білім беру жүйесі бұрыңғы қалпында. Саусақтың екі кілтті басуымен-ақ шет елдіктердің YouTube видео платформасында математикалық интегралдарды түсіндіріп жатуын көру біз үшін, мына заманда, таң қаларлық жағдай емес.

Неге шет елдіктер дейміз? Себебі, Қазақстан білім алу мен Интернеттегі жүйелерді байланыстыру жағынан әлі де артта келе жатқан сияқты. Мәселең, Стэнфорд университетінін ашқан онлайн мектебін қарастырайық (https://ohs.stanford.edu). Бұл мектептің оқушыға беретін білімі ыңғайлы, әрі тиімді. Жыл сайын мындаған адамдардың балалары осы мектепті бітіріп, аттестаттарын алып жатады. Білім алу бұрын сонды бұдан оңай болған емес.

Қазақстандықтардан да уақыт өте келе, осы жүйені байқап, соған ұқсас кішкентай прототиптерді жасағандар бар. Оған бір мысал — «Unique» тіл үйрету онлайн центрі. Бұл Қазақстандықтар үшін өте оңай білім алу жолы. Өйткені, бұл центр ұсынатын ағылшын курстарының бағасы салыстырмалы түрде әлдеқайда арзан, оған қоса, кез келген уақытта, уйден шықпай-ақ Skype арқылы үйрене беру мүмкіндігі бар. (http://vk.com/uniquest)

Одан басқа Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдерінің онлайн сабақ өткізуі мысал бола алады. Бұл да бір Қазақстан білім беру жүйесінің алға жылжуы деп есептеледі. Осы трендті алға жылжыту үшін басқа мектептердің де ат салысуы қажет. Оған әр қазақстандық өз үлесін қоса алатынын ұмытпаған жөн. (nis.edu.kz)

Қазақстан осылайша баяу қарқынмен білім беру мен Интернетті интеграцияландыруға тырысуда. Баланызды енді уйден шығармай-ақ ағылшын тіліне, математикаға үйрету әбден мүмкін. Әрине, айтылған мысалдар әлі шет ел жүйесіне жете қоймас, алайда, бұл бағыттағы даму болашақта қандай жетістіктерге әкелетіндігін болжап табу оңай емесі анық.

Менің ұсынарым — білім беру саласын дамыту үшін, осы білім беру жолын қарастырған дұрыс. Білім алу жолы, он жыл бұрын, мектепке барумен ғана шектелген болса, қазір, одан жоғары, сапалы білім алу жолы Интернет екенін ұмытпаған жөн.

1 пікір

SUN
тамаша жазба, сәттілік!)

Пікір қалдыру