Жол мұраты жету, қыз мұраты кету

Қазір еліміздегі жасы жиырма бестен жоғары бойдақтардың саны үш миллионнан асып кеткен. Қазақстандағы қыздардың тұрмысқа шығатын орташа жасы шамамен 24 болса, жігіттердің жасы 26-27 жас шамасында. Жастардың карьера жасап алу ұғымы бүгінгі таңда бірінші орынға шықты. Соның салдарынан олардың жай үйленуі жаппай етек алып барады. Сіз қазіргі бойдақ жүрген кез–келген жасқа «неге үйленбейсіз?» деп сауал тастасаңыз, солардың дені ең әуелі үйім, сосын машинам болғаннан кейін ғана бұл мәселені ойланып көрерміз деген сыңайда жауап береді.
Блог - sima_ablezova: Жол мұраты жету, қыз мұраты кету
Батыс жастарының 80-90 пайызы осы ұғымды дұрыс деп санайды екен. Бүгінгі Қазақстандағы үш миллионнан астам бойдақтың түбіне жеткен де осындай кемтар көзқарас. Бабаның ұрпағына мирас еткен ”бас екеу болмай, мал екеу болмас” сөзі бүгінгілердің қаперіне кіріп те шықпайды. Қазақтың ұлттық түйсігі жойылған сайын отбасы құрудың құны мен жауапкершілігі әлсіреп кетті.

Карьера дегеннің артында кәріліктің сығалап тұрғандығын түсініп жатқан жастар жоқ. Әуелі, тіршілігімді түзеп алайын деген сылтау болашағын ойлаған азаматтың жауабы емес. Мәселе ұлттық түйсіктің батыстанғандығында болып отыр. Кеш үйленудің кеселінен бізде қазір үш құрсақтан асырып бала көтеретін әйелдердің саны тіптен некен саяқ… Бұл біраз жылдан кейін қазақ халқының нағыз трагедиясына айналуы мүмкін. Осы он жылдың ішінде еліміздегі бала туу көрсеткіші 30 пайызға кеміген.
Блог - sima_ablezova: Жол мұраты жету, қыз мұраты кету
Бүгінгі таңда ертерек үйленіп бала сүю көрсеткіші индустриалды елдерде күн санап құлдырап барады. Қазіргі дамыған елдердегі бар проблема осы болып отыр. Соның салдарынан отбасы құру жауапкершілігінен қашып, тіз етпе құмарлыққа бой алдырған жастардың көптігінен «азаматтық неке» деген дүниеге келді. Мұнда екі жас (екі жас деймін-ау…) қаласа бірге өмір сүреді. Жараспаған жағдайда екі жаққа кете берулеріне болады. Біз осыдан-ақ«азаматтық неке» дегеннің арзан құмарлықтың жемісі екендігін көреміз.

Бұған ақиқат дін – Ислам қатаң тиым салады.Бір қызығы, Қазақстанда жай жүріп үйленген жас жұбайлардың алпыс пайызы бір жылға жетпей ажырасып кетеді екен. Былтыр Алматыда тоғыз мыңға жақын шаңырақ көтерген жастардың жылға жетпей 5 мыңы ажырасып кеткен. Қазақ халқы өзінің табиғи түрде өсіп – өну қарқыны жағынан әлем халықтарының демографиялық даму деңгейінен төмендеп барады. Әлем бойынша орташа көрсеткіш – 1,5 пайыз болса, қазақтар 1,1 пайызды көрсетіп отыр.Қазір халқы 100 миллионнан асқан он мемлекет бар. Оған дейін Қытай халқының саны 1,5 миллиардқа, Үнді елі 1,4 миллиардқа жетіп жығылмақ.

Бабаларымыз «Қыз мұраты ‒ кету» деп, қыздың қияға қонуы ‒ басты мұрат болуы керектігін баса айтып кеткен болатын. Бұрынғы ол қағида бүгінгі күні «Қыз мұраты ‒ оқу, сосын табысқа жету, кейін өзінен жоғары теңіне өту» деген қағидаға өзгергендей. Бұрын қазағымыз қыздың қонақ екенін естен шығармай, қыз баласын жар болуға, ана болуға, жақсы келін атануға тәрбиелейтін еді ғой?! Себебі ол кезде қазіргідей дамыған заман жоқ-тұғын. Сол үшін де ата мен ана қызының құтты қияға ертерек қонғанын, қонған жерінде тастай батып, судай сіңгенін тілеп, мұрат тұтатын болса керек. Ал, енді, қазіргі ата-аналар қыздарының оқуы керектігін ең бірінші орынға қояды. Оның да заманауи өзіндік себептері бар, әрине.
Блог - sima_ablezova: Жол мұраты жету, қыз мұраты кету
«Қызым барған жерінде абыройлы болсын» дегені шығар. Әйтпесе, қай ата-ана өз баласына жамандық тілейді дейсіз? Жә мұның бәрі тек өз көргеніміз бен бір-екі себеп ғана. Ал, біз көрмеген, біз естімеген қаншама тағдыр, қанша жағдайлар бар. Алайда бүгінгі күні жағдайдың мұнша өзгеруі ‒ ниет пен санаға байланысты болып тұр. Өйткені, амалдардың ниетке байланысты екенін білеміз әрі Аллаһ тағала әркімге ниет еткен нәрсесін береді. Сондықтан да бұның бәрі де Алланың тағдырынан деп сенеміз.

Аблез Сымбат, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, 4-курс


Сізге ұнауы мүмкін

Заң

Қазақстанда АЖЫРАСУҒА арыз беріп талаптанған отбасыға айыппұл төлету керек. Бұл заңды жан жақты зерттеп қарастыру керек. 1 ай уақыт берем үкіметке. Іске кірісіңдер. Н.Ә. 2014 3 26

0 пікір

Пікір қалдыру