Роза Рымбаева Бешбармаққа арнап ән шырқауда (+видео)

Толық нұсқасы: Розаны жылатқан Беш жазбасында

РОЗА РЫМБАЕВА, АЛИ ОКАПОВ, НҰРЛАН АБДУЛИН және BIG SOM бұл жолы қызық әнмен ел назарына ілікті. Махаббат жайлы шырқаудан шаршаған олар нағыз сүйіктісі Бесбармаққа арнап ән айтуда. Елдің бәрі ораза ұстап, тамақтан тыйылып жүрсе, еліміздің үздік әншісі Роза ханым мен оның серіктестері бешбармақты жеп, вискині (ет етке, виски бетке) ішуден артық нәрсе жоқ дейді. Ағаларымыз ұлттық тағамды «бешбармақ» емес ет дейік деп жүрсе, BIG SOM жай ғана Беш деп айтуға рұқсат беріп отыр. Тамашалаңыздар:



Ұнады ма? Әрине жаман емес, ерекше, жаңа, идеясы бар. Ерекше? Жаңа? Идеясы бар? Онда мына клипті де қарап көріңіз.



Келесі жазба


Сізге ұнауы мүмкін

Ет

Ет Көп уақыт бойы барша ашулы қазақ ретінде тойда басқа да орындарда көп адамдарға етті неге тәрелкеге салып бөлек береді деп ойлап жүрдім. Етті біздер қолмен бәріміз отырып жеуіміз керек деп дауласып та жүрдім. Бірақ кішкене кезімнен садақа тойларда кішігірім қонақтықта қолға су құйып жүрдім, бала күнімде көп мән бере қоймадым да енді байқап жүргенім көпшілік адамдар қолдарын дұрыс жумай сәл саусағының басына су тисе болды сипалап бір...

15 пікір

tomarlik
Шоу бизнесте жүргендерге көк қағаздың шетін көрсетсең болдығой… айт дегендеріңнің бәрін айта береді…
AlmasNakhypbek
ұнамады клип, жазбаға рахмет
Daniyar_Zhanys
Орыстардыкі жақсы екен. ал біздікі Бешбармақ жайлы айтқанымен бірде-бір ұлттық нақыш жоқ. Ұлттық нақыш болғанда көшірме екенін кешуге де болатын еді…
AkbotaMusabek
Үтір-нүктесіне дейін көшіріп алмаса қайтеді, жарықтықтар!
ERNUR
Орыстардікінде Геллен жоқ екен
NurlanJanai
Мына жазба бүгін хит болды!
Фейсбукта біраз адам бөлісті. Әлімжанға рахмет өзекті тақырып көтергені үшін!
AlmasNakhypbek
жалпы, креатив керек деп бекер қақсап жүрген жоқ екенмін… жетпейтін нәрсе
ErzhanNarbotaev
Жарайды коширме болсыншы казакилык деп бешбармакты алайык ал вискиды кайда коямыз Роза апамыз катыскан бейнебаянда виски жайлы айту типти ойга конымсыз осы уакытка дейинги абыройына салде болса нуксан келген сиякты
nasipkaliimangaliuly
Бешбармақ -деген, қазақтың құдретті асын қорлау сөз екенін неге түсінбейміз, қазақ әуелден құрметті қонағына бешбармақ та, ет те емес «ас » асқан емес пе? Олай болса неге «Ас» -деп атамаска, олай десек олқы болып кете ме? Ал ақшаға қызығып, осы кезге дейінгі жиған абройға нұқсан келтрер шараларға қатысу әр адамның ар-ожданына байланысты іс деп түсінуіміз керек.
AlimzhanAskarov
әңгіме ақшада емес, ұлы сұраған болар
neoaskar
Қайран Роза әпшем-ай. (апа дейін десем әлі қыздай ғой). көк қағазға бола, мына клипке түскенің бе Сәулем-ай. Ақша жүзің албырап, қайда жүрсің Қатираш…
BauyrzhanNursharip
Роза апамыздан бұндай күтпедім. «Халықты бір таң қалдырайын» деген шығар?!
FromNowhere
wtf? до чего докотились
kudaibergenova
Magan klip katty unady) prikol`noo)

Пікір қалдыру