Шығыстың Нью-Йоркі

Менің шетелге ең алғашқы саяхатымды Шанхай қаласынан бастау бұйырыпты. Шанхай(上海) — қытайша «теңіз жағасындағы қала» деген мағынаны береді. Ол ҚХР-дың ірі экономикалық орталықтарының бірі. Шанхайда 24 млн халық тұрады.

Қытай адамдары:


— орташа бойлы, шағын денелі, қарапайым;
— шетелдіктерге, әсіресе сәнді киінген әдемі өзге ел азаматшаларына ерекше көзқараспен қарайды;
— бірақ қарапайым халық көшеде жол сұраған, көмек сұраған шетелдіктерге жауап бере бермейді;
— үнемі айғайлап, ұрсысып жатқан адамдар секілді сөйлеседі;
— аяғы ауыр немесе толық адамды өте сирек кездестіруге болады;
— ағылшын тілін бірді-екілі адам ғана түсінеді, ал өздерінің ағылшыншасы нашар, түсініксіз. Ұшақтағы стюардтардың өздері түсінбейді. Қытай тілін бастаушы деңгейде білсең ғана немесе тек іс-қимылмен көрсету арқылы өмір сүре аласың.
— Шанхайдағы ер адамдар бас бармағының тырнақтарын өсіріп жүреді, ежелден қалыптасқан әдет, қандай да бір наным-сенімге байланысты көрінеді.
— Шанхай жаңбырлы қала. Кез-келген уақытта толастамастан жауа салады. Сол себепті де, қолшатыр — күнделікті қажет нәрсе.

Қозғалыс:


— Автокөлік — байлықтың көрсеткіші (айфон емес, кез келген адамның қолынан iphone 6/6 plus көруге болады, 5s көп жерлерде сатылымда жоқ);
— Автобустардың барлығы жаңа заманға лайықталған: ыңғайлы орын, кондиционер, жарық, орын жетпей қалып түрегеліп тұру деген жоқ, барлығы дерлік отырады;
— әдетте, қарапайым халық, жұмысшылар, қызметкерлер, т.б. велосипедпен және мотоциклмен жүреді. Өздеріне арналған жолдары, тұрақтары бар, яғни, жол қозғалысының толыққанды мүшесі.
— жолды 3-4 қабатты етіп салған. Сондықтан да, 5-10 қабатты үйлердің төбесінен оп-оңай қарай аласыз. Жол кептелісі жиі болмайды.
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
— Метро 13 желіден тұрады, әр желіде орташа есеппен 10 станция бар. Метро да бірнеше қабатты. Халық өте көп болады. Әр желінің кіретін/шығатын жерін, бағытын, станциясын іздейміз деп жүргенде күніміздің жартысы жердің астында өтті. Жолдың ұзақтығына қарай жол ақысы 3-10 юань (90-300 теңге) аралығында болады. Ең қызығы, әр станцияның үстінде сауда орталығы немесе ойын-сауық орталығы болады.
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі

Көрікті жерлері:


1.Nanjing Road — жанданған, қызу тіршіліктің ортасы, әлемдегі үлкен сауда көшелерінің бірі.
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
2. Global Harbor — Қытайдағы ең үлкен сауда орталығы. Ол 6 қабаттан тұрады(жер астында-2, үстінде-4). Ең қызығы, ғимараттың төбесінде автокөлік тұрағы орналасқан. Өте әдемі, ауқымды жер. Қонақ үйдің қасында орналасса да, 2 аптада толықтай аралап үлгермедік.
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
3. Шанхай мұражайы 1952 жылы салынған. 3 қабатты ғимарат, әр қабатында 4 әртүрлі тақырыптағы галерея жұмыс жасайды. Жаңа заманға лайықталған. Адамдарға арнайы басқару пульті беріледі, жәдігердің нөмерін басу арқылы тарихын біле аласыз. Тарихи видеоматериалдар да арнайы бөлмелерде үздіксіз көрсетілуде. Жәдігерлер көп мөлшерде сақталған және алуан түрлі. Мұражайға барушылар саны көп. Әсіресе, қытай халқының үш ұлпақ өкілдері бірге келіп тамашалап, талқылайды.
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
4. Zhujiajiao — Шанхай маңындағы судың үстінде орналасқан қала. Қала дегенмен, тарихи ескерткіш іспеттес. Ежелгі қытайлардың тұрмысы, ежелгі құрылыстар, тар көшелер, толған адамдар. Негізінен, туристтерге арналған базар деуге болады.
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
5. Gubei Civic Centre/ Beijing Opera. Мәдени орталығына барған уақытта қытайша киінген нәзік жан қарсы алып, аралатып, бәрін баяндап берді. Орталықта қытайша емдеу бөлмесі, кітап оқитын бөлме, сурет салатын, каллиграфиямен айналысатын бөлме, ұлттық киімдерге арналған бөлмелер бар. Ең соңында, қытай халқының өздеріне тән операсымен таныстырды.
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
6. Саябақ. Біз кешкі уақыттарда бірнеше үлкен саябақтарында болдық. Барлығында шағын-шағын көлшіктер бар, бірақ суы лас. Сол жерге әдемілеп көпір салып, сәндеп, көгалдандырып қойған. Бәрі тап-таза, мұқият жасалынған. Негізінен, жасы үлкен адамдар дене жаттығуларымен, йогамен, бимен айналысып жүреді.
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
7. Shanghai Zoo қаланың шет жағында орналасқан. Билет құны — 40 юань (1200 теңге). Аумағы өте үлкен. Әр жануарды өз тегіне қарай бөліп тастаған. Жыландар мен балықтар 2 қабатты ғимаратта орналасқан. Аққу, үйректер жүзіп жүрген көл өте әдемі. Біз жануарлар бағына панда көру үшін барғанбыз. Оған жетеміз дегенше көптеген қызықты тамашаладық. Жануарларды былай қойғанда, саябақтың өзі ерекше әдемі.
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
8. Соңғы күндердің бірінде теңізге бардық. Әдеттегідей, су лас. Бірақ, айналасы тап-таза, әсем.
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
9.Oriental Pearl — Шанхайдың басты ғимараты, белгісі. Lujiazui көшесі бар кереметті өз бойына жинаған: аспанмен таласқан зәулім ғимараттар, миллиондаған адамдар, жарқ-жұрқ еткен шамдар, судың жағасы… Кіру құны — 160 юань (4800 теңге). Бұл ғимараттың негізгі мақсаты — Шанхайды «алақандағыдай» етіп көрсету. Ең алдымен, 267-қабатқа көтерілдік. Ол жерден бүкіл Шанхайды көре аласың. Өте өте әдемі көрініс. Содан кейін 264-қабатқа түстік. Қызық сонда. Бұл жерде айналаң ғана әйнек емес, еден де әйнек. Ол жердегі сезім тіптен ерекше!!!
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Ең соңында, 1-қабаттағы мұражайына бардық. Ерекше, шынайы жасалынған. Сол жерде, сол кезде жүргендей сезіндіреді.
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі
Күнделікті өмірде айта бергенімізбен, сезінгенде, көргенде түсінесің. Біз Қазақстанды, қазақтарды, қазақ тілін қатты сағындық!
Саяхат: Шығыстың Нью-Йоркі

2 пікір

MaulenAnerbaev
Жарайсыз, мына жазба дәл қазір билет алып ұшып кетуге тұрарлық екен)))
botakankz
Рахмет! Барсаңыз, өкінбейсіз!

Пікір қалдыру