Жастар мен үкіметке реформа!

Біз, 21 ғасыр жастары "өте ауыр" және «зор мүмкіншілікті» елде өмір сүріп жатырмыз жәнеде осы екі сөз мағынасын терең ұғына білуіміз тиіс! Ал мұны түсінбеу ЕЛ тағдырына үлкен қауіп тудырады!
Жүгіміздің ауыр болу себебі :Кеңес одағы тұсында бізде қазақ тілі, діні, әдет-ғұрпы құндылықтарын жоғалтты! Оның зардабы бірден білінбесе де уақыт өте көзге ұрды! Енді осы ЕЛ құндылықтарын жаңғырту бізге парыз!
Ал зор мүмкіншілікті болу себебі(бізге бұйырған бақ):Алаш зиялылары зор қиыншылықпен жүргізген жұмысты бұл күнде емін-еркін жүргізе асыра аламыз және жүзеге асыруымыз келесі ұрпақ алдындағы парызымыз!
Ал енді осы «Егемен елде»(АҚШ азаматтығын армандайтын азаматтар(әрине, демократия)), "Қазақ мектептері көп елде"(Қазақ бола тұра баласын басқа тілді мектептерге беретіндер(әрине, демократия))", "Қалаға келген студенттер орысша сөйлей алмай, ұяңданып, қысылмайтын елде"(Басқа тілде сөйлейтін қазақ студенттері(әрине, демократия)) және т.б. мүмкіндігі көп елде сол «70 жылдықта» кеткен олқылықтардың орнын толықтай толтыруымыз керек емес пе? Бұл еркіндікті түсінбеген халық демократияны осылай түсіне берсе, арғы жағын болжау қиын!
Кеңес үкіметі біздегі құндылықтарды жәй ғана сөзбен емес іспен жойды, ендігі кезекте ҚР шенеуніктері де Кеңес үкіметі қолданған психологиялық ықпал бағытын ұстанулары керек, тек керіс бағытта және Кеңес үкіметінің сол тұста жүргізген жұмысы әлі күнге жемісін беріп тұрғандығындай (жоғарғы абзац), біздің шенеуніктер де бұл жұмысты соншалықты тыңғылықты жүргізулері тиіс!
Қорыта келіп айтарым, ағайын, алтаудың ала болса не боларын және төртеудің түгел болса не боларын иісі қазақ білетін шығар! Бір болайық, құндылықтарымызды жаңғыртайық! Бізді ЕЛ ететін өзімізге тән құндылықтарымыз!

0 пікір

Пікір қалдыру