Жаса, жаса - Қазақ тілім!

Ассалаумағалейкум, Қазақ елі!
Жалпы бүгінгі мәселе көп жерде айтылғанымен жөні түзу шешімін тауып, бабына келген мәселе емес!
Блогтарым өзіне әлеуметтік реформаларды қамтып жүргендігінен, қазіргі айтар ұсынысыма атқа мінерлер бейжай қалдырмайтындықтарына сенемін! Тіл мәселесі айтылмай емес айтылып жатыр, тек ол үшін істеліп жатқан нақты қадамдар жоқ!
Бұл күнде біз тіл мәселесін жәй ғана сөз қылып қойдық, мұны айтқанымен атқарылып жатқан іс болмаса сөз қадірін жоғалтпақ! Құдды бір әдеттегі су мәселесі, яки болмаса жер дауы іспетті!Шын мәнінде атқамінерлеріміздің көкірегі ояу болса бұл сөзімнің ұшы заң шығарушы органдарына жетер деп сенемін!Аталған мәселеге оралсақ;
Негізгі екпін түсетін сала жарнама агенттіктері! Олардың нарықтағы бәсекелестіктеріне, кәсіптік сапасына тағар мінім жоқ, әрине, дегенменен орфографиялық сапасы жайында мұндай мінездеме беру соқыр адамға да қиын болар! ҚР Тіл туралы кодексінің 1 бабының 4 тарауында «Орфография, дұрыс жазу ережесі» деген бөлім бар! Ал бұл заңның орындалмауы үкіметіміз үшін үлкен сын! Сын түзелмей мін түзелмес дейді!
Ал енді әңгіменің қызығы, жалпы жоғарыда айтқан ұсынысым жайында;
Елдегі жарнамалық фирма, компания, агенттіктерінің үстінен мемлекеттік деңгейде «Сауатты жазу» стандартын бақылайтын ұйым болса деген ұсынысым бар! Әрине, «Тіл сақшысы» деген бағдарламаның ескертуден басқа заң жүзінде компитенциясы көп дүниеге жетпеді! Бұл ұсынысымды заң жүзінде жүзеге асыруға шенеуніктер қауқарлы және комиссия мүшесі болуға лайықты профессорлардан да Алла бізді кенде қылмады!
Егер азамат несие алып, оны қайтармаса сот орындаушылары дереу үйді босатуларын талап етеді, ал енді көшедегі қате жазуларды көргенде неге тура сондай заңды тұлға келіп, заңның орындалуын талап етпейді?
Заң шығарушы тиісті органдар назар аударады деген ойдамын!
Бұл мәселе ешбір ұлтшылдықсыз, тікелей Заң жүзіне сүйене көтеріп отырмын;
1-шіден Қазақ Тілі мемлекеттік тіл! Мемлекеттік тілдің қорлануы Мемлекеттің қорлануы!
2-шіден Қазақ Тілін мемлекеттік тіл деп қабылдаған соң, мойнымызға осы Тілді қадірлеу міндеті артылған соң, міндетімізді өтеуіміз Тіл алдындағы парызымыз!

Қорыта келгендегі айтарым Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады демекші, жастар, қарақтарым, Ұлтымыздың жоғалуы алдымен Алланың сонан соң өз қолымызда!

0 пікір

Пікір қалдыру