Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден!

Ассалаумағалеукум, Қазақ елі!
Жалпы қазіргі кезде кеңінен етек жайып, қазақ елінің дертіне айналып бара жатқан мәселенің бір бөлігі НЕКЕСІЗ СӘБИ!
Нәрестені жол жиегіне де, әжетханаға да, қоқыс жәшігіне де лақтырдық! Құқық қорғау органдары ол азаматтарды анықтап, жазалайтынын жазалап та жатты!
Болар іс болып, бояуы сіңгеннен соң жазалауға шеберміз! Ал сондай жағдай орын алмас бұрын ол мәселенің шешілу жолын қарадық па?
Ол азаматтарды істеген қылмыстары үшін жазаламас бұрын оларға жастайынан рухани тәрбие беруіміз керек! Оларды құқық қорғау органдары қанша жерден жазалағанымен ЕГЕР АДАМНЫҢ СОЛ НӘРСЕДЕН ТЫЙЫЛУ ҚАУҚАРЫ БОЛМАСА, СОЛ АДАМ ОЛ ІСІН ТОҚТАТПАҚ ЕМЕС!
Жастарымыздың руханиятына көңіл бөлмей тұрып, олардың тәрбиесі жайында сөз қозғауымыздың өзі ұят, себебі ДӘН СЕБІЛМЕГЕН ЖЕРГЕ АРПА ӨСПЕС! Негізінен бұл мәселе тақырыптың негізгі мәселесіне аңдатпа болатын, негізгі ойымды, тақырыбымның негізгі жылы-жұмсағын келесі жаңа жолдарымда қарастырайын…
Жалпы жаһандануды айтқан тұста, кезіндегі әл Фараби бабамыздың: «Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас-жауы» деген сөзі еріксіз ойға оралады!
Бүгінгі таңдағы жаһандану, тәрбиесіз берілген ілім-білім өзімізге тиіп жатыр. Мәселе көшедегі тастанды балада емес, жалпы алғанда адамдардың мейірімі азайып, дүниеге деген махаббаттарының артуы, айта берсең таңды таңға ұрасың! Фараби бабамыз соны өз заманында айтқанына қарап ол заманда да тура біз секілді мәселемен кездесіп отырған, осыған қарап тарихтың қайталана отырып тек техника дамыйтынын байқаймыз!
Жаһандану саясаты әлемдік деңгейдегі терроризм іспетті: Адамдарды білімі бар, тәрбиесі жоқ күйге түсіріп мәңгүрттендіру! Роботизация! Адамдар өз құндылығын, ел құндылығы мен тарихын жоғалтса тобырға айналады, ал мемлекетпен соғыс жүргізіп жаулағанша, саналарын улап, соғыссыз басып алу кей елдерге өте тиімді!
Әрине, білім мен ілімге адамдар үздіксіз талпынулары қажет, тек сол білімге қосымша ретінде рухани тәрбие алуды да ұмытпағаймыз!
Руханиятымызға шын мәнінде, сөз емес бұл жолы іс жүзінде көңіл бөлмесек, Фараби бабамыздың айтқан апатының ұшы қылтиып шығып келеді!Фараби бабамыздың сһзін түсініп, оны құйтырқы саясаттарының ресурсы ретінде қолданып жатқан елдер бар, ал біз әдеттегідей ол дүниеге еліктегішпіз! Оларды саясатын біз қолдап жүргізудеміз!
Еліктегіштік — идеологияның жоқтығынан туатын дүние, Бізде, жастарда идеология, мораль болмаса, өмір бақи еліктеп өтуімізбен қоймай, келесі ұрпаққа өзіміз түсінбесек те, олай деп ойламасақ та сол ЕЛІКТЕГІШТІКТЕН басқа дүниені қалдыра алмаймыз! Өйткені бала әкесінің айтқанын емес, істегенін істейді!
Қорыта келе айтарым, дұрыс, аңсаған күніміз осы, тәуелсіз елде ілім-білім үйреніп, тыныштықта сүріп жатырмыз, тек адамгершілікті ұмытпай, сол асыл мінезімізді асыл тәжіміз деп бағалап, келесі ұрпаққа жақсы сарынымызды қалдыруға тырысайық…

0 пікір

Пікір қалдыру