Ит тойған, Ер туған жеріне ...

Ассалаумағалейкум Алаш жұрты!
Жалпы жазбаларым жастардың руханиатына, ел идеологиясына арналып жүргендігі үшін, келесі мəселе жайында сөзқозғағым келді:
Қазіргі кезде билік деп айтуға келмес, əрине, бірақ саяси партия мүшелігіне өткен немесе бір ауыл, аудан əкімінің орынбасары болып тағайындалған жастарымыздың бəрі болмаса да, көпшілігі сол партияның жұлдызы төсіне тиген сəтте не сол лауазымға келген сəтте ендігі арғы жəне «тиісті» жұмысы халыққа қызмет екенін əпсəтте ұмытып кетеді!
Ол енді халыққа қызметті емес, жоғарғы, мəслихат не болмаса одан жоғары шенеуніктермен байланыс жасап, байып, мал жиып, атақ қуады! Саяси не болмаса еліне жаны ашу былай тұрсын, оны айтпағанда олар өзінің қара басының құлдық санасынан ары аса алып жатқан жоқ! Бұл дегеніміз адамда өзіндік ерекше харизм не болмаса идеологияның жоқтығы, ал анығырақ айтсақ СОЛ БАЮ МЕН АТАҚТЫ ИДЕОЛОГИЯ ДЕП ТҮСІНУІ!
Қыран шашып, қарға басып жейді демекші сондағы жиған байлығын көрсете алса игі ғой, қарға сияқты басып жегенде тұрған арғы не бергі дүниенің қызығы жоқ екенін олар түсіне ме екен?
Ескере кетер жəйт: Бұлар-жастар, осы жасыл шағынан, төске жұлдыз тиген сəттен бастап халықтан бөлінсе, біз олардан он жылдан соң қандай қайыр күтеміз, оларға елу жылдан соң ел тізгінін қалай береміз?!
Ал енді сұрақ! Олар неліктен сол жұлдызбен, лауазыммен бірге өздеріне халық қамы бірге артылды деген ойға келмейді? Тағы да идеологияның жоқтығы немесе тағы да мансап пен дүниені идеология деп түсінгендігі! Дұрысы — мансап пен дүниені идеология деп ТҮСІНІП, ҚАЛЫПТАСЫП ҚАЛҒАНДЫҒЫ! Ал осы жастарға мансап пен дүниені идеология деп түсіндіргенін өздері де байқамай қалған кім, əрине, аға буын, əрине, қоғам!
Баламызға бір ауыз «осы күнімізге шүкір» деп айтпай жатып, «жақсы оқы, өйтпегенде қара жұмысшы боласың» деп айтпаған ата-ана жоқ шығар! Əрине, жақсы оқысын, жұмыс қылсын, дегенменен сол сөздерменен бірге тəубе, адамгершілік, иманды бірге айта отырса бəлкім, рухани мүгедектер болмас па еді?! Енді сол ата-аналар 20-30 жылдан соң теледидар алдында«Осылар-ақ тоймай жейді екен»-деп айтқан тұсында, өзінің бұрынғы ағаттығын ойлай ма екен ?! Əлемді өзгерткіміз келсе, алдыменен өзімізді, өзіміздің тілімізді өзгертейік!
Қорыта келіп айтарым, Үкімет Ел жүгін арқалар азаматтарымызды таңдар тұсында мемлекет бекіткен əлдеқандай рухани, іскерлік қасиеттеріне көбірек көңіл бөлсе болар еді! Сұраныс қайда болса ұсыныс сонда демекші жастарымыз сонда ғана өз-өздерінің руханиятына көбірек көңіл бөлер еді! Мемлекет тарапынан Партияларға өтуге тек қана доктрина жаттап қана қоймай белгілі бір стандарттар мен, талаптанатын бағдарламалар қойылса!

0 пікір

Пікір қалдыру