Ғажайыпқа сенесіз бе?

Өмір. Бұл сөз туралы не ойлайсыз? Жо жоқ жаман айтпаңыз. Иə, өмір əділетсіз, қысқа, қиыншылықтарға толы. Бірақ, ойлаңызшы өмірдің өзі осымен-ақ қызық қой. Тек қана жақсылық бола бере берсе, барлығы керемет бола берсе біз ғажайыпқа сенбейтін едік. Ал ондай өмір қызық емес те болар еді.
Білесіз бе, өмірде жəй ғана сіз шектеулі, белгілі уақыт аралығында боласыз. Ал осы қысқа өмірде оны зерттеудің қажеті жоқ. Өмірді қанша үлгергеніңіз бойынша ғана сүресіз. Мен "өмірге бір-ақ рет келеміз ғой, жас кезіңде көңіл көтеріп ал", деп батыстың сөзін қостап айтқым келмейді. Не дегенмен мұсылман елміз ғой. Менің айтқым келгені əрбір қиыншылықтың тек жақсы жағын көре біліңіз. Алдыңызда кедергі тұрса, кері бұрылып кетіп қалмаңыз. Керісінше ол кедергі бір ғажайыпқа толы болуы мүмкін. Ғажайыпқа сеніңіз, күтіңіз. Өйткені ол кез келген уақытта пайда болуы мүмкін. Ал бір ғажайыптың боларына сенбесеңіз, мен сіздің ойыңызды тез арада өзгерткім келеді. Қарап отырсаңыз, сіздің өмірге келгеніңіздің өзі де ата-анаңызға бір ғажайып болды. Сіздің достарыңыздың пайда болуы, денсаулығыңыздың саулығы. Осылар ғажайып емей немене?
Жақсы болсын, жаман болсын қазіргі жағдайдың өзгеретіні анық. Оны ғажайып өзгертеді. Сен.

0 пікір

Пікір қалдыру