Гарвардтық ғалымдардың байлықтың сыры жайлы зерттеуі

Психология: Гарвардтық ғалымдардың байлықтың сыры жайлы зерттеуі
Миллиардерлердің байлыққа қалай жеткен құпиясына қызықпайтын, білгісі келмейтін адам маған кездеспеді. Баюдың құпиясы неде деген сұраққа жауап беру мақсатында соңғы он жирма жылда бірнеше мың кітап жазылды, мыңдаған бизнес треннингілер болды, миллиондаған долларда соның нәтижесінде «жасалды». Құпиялары әлі де бар. Бар бола бермек. Ал басқада құпияларды білгенмен мардымды нәтижеге жете алмайды, демек ең маңызды құпиясы бар сияқты, — деп, Гарвардтың бизнес мектебінің ғалымдары жорамалдаған. Әлемдегі барлық адамдардың өмірлерін жан-жақты қамтыған кең ауқымды зерттеу жүргізіп, сол зерттеу нәтижесін қорытыпты. Зерттеудің басты мақсаты адамдардың тұрмыс деңгейі — олардың өз өміріне көңіл аударуы, тұрмысын жоспарлауы, мақсат қою сияқты нәрселерден қаншалықты әсер ететіндігін анықтау еді. Зерттеу нәтижесі гарвардықтарды таң қалдырды. Жер жүзіндегі адамдарды төрт категорияға бөліп, әр қайсысын жан-жануардың атымен атап, зерттеу қорытындысын жариялаған.

Психология: Гарвардтық ғалымдардың байлықтың сыры жайлы зерттеуі
Бірінші категория. «Көртышқандар»

Әлемдегі барлық адамдардың 27%-ын қамтыйды.
Жаһандағы қаржыдан 0-ге қарай ұмтылатын пайызын иеленушілер.
Алға қойған мақсаты, жоспары мүлде жоқ. Көртышқандарды анықтаудың басты белгісі «мүлде көр соқыр» екенін балалардың өзі білетін шығар. Ғалымдар бұл категорияға үйсіз-күйсіздер, маскүнемдікке салынғандар, ауру адамдар, құмар ойынға шырмалғандар сияқты қоғамның әлсіз таптарын жатқызып, және де өкініштісі еш бір қараусыз қалған зейнеткерлерді де осы категорияға кіргізген екен. Бұл топтағы барлық адамдарда алдарына қойған еш бір мақсат жоқ, тек «жеу-ішу-ұйқтау» деген ұғымында қалған «ағыспен ағатын» адамдар.

Психология: Гарвардтық ғалымдардың байлықтың сыры жайлы зерттеуі
Екінші категория: «Тауықтар»

Әлемдегі жан санының 60%-ын қамтыйды.
Әлемдегі қаржының 5%-ын иеленеді.
Алға қойған мақсат, жоспарында көбісінде өзгенің мақсатын орындауы болады. «Тауық сияқты» соқыр деген сөздің білесіздерғой. Тауық тек жақсы жарық түсіп тұрған жерді ғана көреді және кешке қарай яғни қараңғыда көру қабілетінен мүлде айырылады. Әлемдегі адамдардың 60%-ын қамтитын жұмыс күші деген өзінің басшыларының жоспарын, мақсатын орындап жүрген жалақылы жұмысшылар, бірақта жалақы алатын нақты жұмыс күші (Әлемдегі қаржының 5%).
«Тауықтар» әлемдегі барлық нәрселер олардан бұрын жоспарланып қойған деп ойлап, өзінің «босс»-ы үшін жұмыс істеуден басқа еш қандай мүмкіндікін байқамайды.«Тауықтар» айлық жалақыдан, келесі жалақы аралығындағы өмірін тастап, бұданда көп жетістікке жету үшін алдына мақсат қоюдан гөрі, тұрақты жұмысынан айырылып қалудан қорқады. Неге қорқады? Неге десе олар «Адамдар не деп ойлайды», «Мені жынданған шығар деп айтар», деп қорқумен қатар «Бәрібір мен бұл өмірде ешкімге керек емеспін», «Менде өнер-білім, біліктілік, ақша жоқ» деген сияқты өзінің әлсіз қырын қорғаштайды. Бір сөзбен айтқанда «тауықтар» қаржылық тәуелсіздікке жетудің жолын іздеудің орнына "қозғалыссыз" жағыдайды дұрысқа шығарады. «Chiken» сөзі америкалықтардың ауыз екі тілінде "қорқақ", «ойсыз» деген мағынаны да білдіреді. Айтар болсақ «Кім тәуекелге бармаса, сол жақсы шарап, сыра іше алмайды» деген сөз тек «тауықтар»-ға ғана қатысты. «Тауықтар» өзінің бағына сенеді, алға қойған қандайда бір нақты мақсат жоспарсыз көп жетістікке жетуді армандап, мұнысы орындалған сәтте басын кегжите масайрап: «Кім тәуекелге бармаса, сол жақсы шарап, сыра іше алмайды» деп айтады. Керісінше жағыдайда қабағын түсіріп, қолын сілтеп, «дәулетті отбасында тумағанымның кесірі»-деп, өзін ақтап алуды ойлайды.

Психология: Гарвардтық ғалымдардың байлықтың сыры жайлы зерттеуі
Үшінші категория: «Маймылдар»

Әлемдегі жан санының 10%-ын иеленеді.
Жер бетіндегі қаржының 15%-ына иелік етеді.
Өмірінің мақсат, жоспары: Мақсатын ойланып нақтылайды, өзінің өмірін анық жоспарлап, өзін көрсететін кезде қобалжуы болады. Маймылдардың көзі қалай көруші еді? Еш қандай мәселе жоқ, маймылдар күндіз де, түнде де жақсы көреді. Не дегенмен ғалымдар бұны жоққа шығармайды. Бірақ маймылдар басқаны еліктейтін ерекше қасиеті бар (осыдан «маймыл сияқты» деген сөз шыққан). Олар кімге еліктейді? «Тауықтардыма?». Жоқ олай емес. Олар осы тізімдегі ең соңындағыларды еліктейді.
«Маймылдар» деген категорияға Гарвард ғалымдары белгілі бір өнері бар адамдар — шоу бизнес, театр, кино актерлары, саясаткерлер, және спортшыларды еңгізген. Олардың бәрі мақсатына жетуі үшін нақты жоспармен жүреді. Олар шешуші сәтте (егер әртіс болса-концерт) спортшы болса — жарыс) бабында болу үшін өздерінің ай күн сағат минутын жоспарлап қояды. Соның нәтижесінде табысқа жетеді. Олардың жетістігі кенеттен аспаннан түспейді. «Маймыл»-дардың жетістігі — бұл бір-бірімен тығыз байланысқан кезектелген жақсы жоспарлардың әрекет тізбегінің нәтижесі. «Маймылдар»-дардың кірісінің көп бөлігі жұмысының ақысы емес, сыйлық марапаттаулар. Сонымен «маймылдар» кімге еліктейді?

Психология: Гарвардтық ғалымдардың байлықтың сыры жайлы зерттеуі
Төртінші категория: «Мысықтар»

Жер бетіндегі адам санының 3%-ын қамтиды.
Әлемдегі қаржылық қордың 80%-ына иелік етеді.
Өмірдегі алға қойған мақсат, жоспары: Өмірінің соңына дейін мақсат қояды және оған жетудің жолын нақтылап жоспарлап, жиі жетістікке жетеді. Мысықтардың көзі жақсы көруші ме еді? Әрине, жақсы көреді. Тек осы себеппен ғана «мысықтар» басқалар болған жерден бөтен жерде іс істеуді артық көреді. Олар ешкім байқай алмайтын саланы таңдап, оны басынан бастап зерттеп дамытып, кейін өзінің жеткен жетістігін өзгелерге ашық жария етеді. Ірге тасын қалап жатқанда өзінен басқа ешкім сенбеген Майкрасофтының негізін қалаушы Билл Гейтсті еске алыңыз. Жүз жылдың алдында «Макдональдс» фастфуд тамақтар желісін ашып, ол қазіргі таңда бүкіл әлемге тарап, адам ақылына сыймайтын табыс тапқан Ричард Макдональдсты ойлаңыз. Интернет, Google, Facebook т.б. технологияның биік жетістіктердің негізін қалаушыларды еске түсірейік. Олар жайында айналадағы адамдар не деп ойлайтыны «Мысықтар» ға еш қандайда маңызды емес. Олар ешкімге тәуелсіз өмір сүріп, еш қандай кедергілерден қорықпай, көздеген мақсатына жету үшін өзіне сенімді түрде алға жылжиды. «Мысықтар»дың кірісінде жұмысының жалақысы деген болмайды, олар ақша үшін жұмыс жасамайды. Өзінің сүйікті ісімен айналысады. Сонысын кірісіне айналдырады.
Сіз қай категорияға жатасыз? Сіздің қазіргі қаржылық жағыдайыңызға көңіліңіз толама? Гарбард бизнес мектебінің ғалымдарының айтуынша өмірде табыстарға жету үшін әлемге деген көз қарасты өзгертуден бастау алады деген. Олардікі дұрыс та шығар?! Әлемдегі адамдардың 13%-ақ пайызы барлық қаржының 95%-ына иелік етеді деп ойлап көріңізші?

0 пікір

Пікір қалдыру