Біріңді, Қазақ, бірің қас Көрсеңіз көзден ағар жас ...

Ассалаумағалейкум, Қазақ елі!
Жазбағаныма біраз уақыт болып қалды, дәптерім де шаң басып, сарғая бастады, сол дәптерді парақтап отырып бір жазбаға көзім түсті, оған өзім "Үлкен және Білінбейтін дерт" деген атау бердім…
Сөзіме тиек етіп, айтар мәселемнің Үлкендігін және Білінбейтіндігінің ара жігін ашып, қарашаға түсіндіре өтсем…
Біріншіден, Білінбейтін дерт деуімнің себебі:
Осы біздің, Қазақ жігіттерінің аузынан шыққан сөздерінде «Батыс жігіттері анадай», «Шығыс жігіттері мынадай» деген сөздер естіледі! Жүзіміз бен руымызды, Жеті атамызды біліп, жетелі болғанымыз дұрыс, әрине, дегенменен оның бәрі келін түсіру не болмаса тағы бір сол секілді керекті кезінде айтылар дүние емес пе?!
Жөні жоқ Найман мен Шығысты бөліп, Анда Адай болып, мұнда Дулат, қырық пышақ қызыл кеңірдек болсақ біздің елдігіміз қайда? Бірлігіміз қайда? БІРЛІКСІЗ ТІРЛІК ЖОҚ, ТІРЛІКСІЗ ДАМУ МЕН ӨРКЕНДЕУДІ АЙТУДЫҢ ӨЗІ КҮЛКІЛІ! Демек тәуелсіздікті Алаш қайраткерлері ұрпағым өзара қырылыссын деп аңсағаны ма? Әрине олай емес!
Қазір бұл әңгімені әдеттегі сандырақ деп ойлауыңыз мүмкін, сол үшін де сөз басындағы дерттің Үлкендігін ашып кетсем ...
Екіншіден, Үлкен дерт деуімнің себебі:
Қазақты қашан да құрып кетуден Әуелі Алла, онан соң төртеудің түгел болуы, жау төнген тұстағы жиындар, біргулер құтқарып отырған! Қарасиырыңыз болсын, Күлтөбеңіз болсын, барша жиын, бірігу ғана Қазаққа әбүйір беріп, құрудан сақтап отырған! Арқаны кеңге салмайық, ағайын! Өзіме ұлы бір ұстазым айтпақшы, Тарих қайталанбақ, тек техника ғана өзгермек!Қанша ел бар, бәрі дерлік егемендікті аңсайды, автономия болғысы келеді!
Тарихқа жеңіл-желпі көз жүгіртсек, Түркі қағанаты Тобо-хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді. Одан кейінгі қай мемлекет болсын, қай қағандық, қай империя болсын өзара бөлінуден ыдыраған! Ал сол бөлінуді шет мемлекеттер өте ұтымды пайдаланып отырған! Біз көпұлтты мемлекетпіз!
Қорыта келе айтарым Оралман болсын, Батыс болсын, Шығыс болсын Біріңді, Қазақ, бірің дос Көрмесең істің бәрі бос деп Абай бабам айтпақшы, Бір қазақ болайық!
Руымызды айтып емес
Жақсылыққа тіккен туымызды айтып мақтанайық!
Батыс дегенде Маңғыстау емес Еуропа елестердей, Шығыс дегенде Семей емес Қытай елестердей дәрежеге жетейік!

0 пікір

Пікір қалдыру