Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі!

Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Блогтұғырда жазбағаныма біраз уақыт болып қалды, енді міне ойыма ойлар түсіп, шабыт келді!
Сөзім ел ағаларына бағытталатын болады!
Біз, жастар, тәрбиені ауадан емес ағадан аламыз.Қазақта «Малым жанымның, жаным арымның садағасы»деген сөз бар,Аталы сөз арлы сөз, арлы сөзді сіздерден күтеміз. Қазақ сөз қадірін білген халық, балық басынан демекш Ағаларымыз көшеде ішіп, мас болып не болмаса нәфсінің жетегінде кетіп жүрсе біз кімді үлгі тұтамыз! Арын емес нәфсісін биік қойып жүрсе не болғаны? Біздің құндылықтарымызға Кеңес үкіметі орасан зор зиянын тигізді, етек-жеңімізді қазір жимасақ жағдайымыз қиындайды! Арлы ел ұлдарын еш ұлт ала алмайды, қыздың артын қорығанша, сол қыздың арын қорыйық!
Мұны оқыған үлкендер ''Көкіген әңгіме, боқмұрын" деуі мүмкін, бірақ ол намыс емес бетпақтық! Бабаларымызда Жасшағында үлкенді сөзбен тоқтатқандар болды, өз кезегінде ол үлкендер сөз қадірін біліп, жөн сөйлеп тұрған жасты жас демей бас деген! Міне бұл Намыс, өз қателігін мойындап, жігітше іс жасап тұр! Біз қазір сөз қадірін түсінбейтін, басынан сөз асырғысы келмейтін ұлт болдық! Сөз асырмау дұрыс болар болса, қазақта Сын түзелмей, мін түзелмес деген сөз болмас еді!Қазір бұл қасиет жоқтың қасы!
Таласым жоқ, базалық тәрбие жанұядан, әкеден, ал негізі жүрген орта мен елдің үлкен буынында! Біз иманды, аузында арағы емес Алласы болған халықпыз! Бір жылдары ойсыраған құндылықты, мінезді бірге дамытып, Текті елдің Текті ұлдары болайық!

0 пікір

Пікір қалдыру