Ата-бабам ГЕЙ болмаған, БИ болған

Ассалаумағалейкум, Қазақ елі!
Бүгінгі тақырыбымды бұл күндегі жастарымыздың таным-тəрбиесіне, ой-санасына бір үмітпен қарауым деп түсініңіздер!
26.06.16ж. Нью-Йорк қаласында өткен ЛГБТ(Лизбиан, гей, бисексуал, трансвистит) шеруінде қазақ қызы туымызды қысылмастан шерудің алдыңғы қатарында алып жүрді!
Міне, осындай жастарға біз қолдау жасап, шет елдерге грант сыйлаймыз!Əрине, грантты өзі де ұтып алған болуы мүмкін, дегенменен негізгі идеологияға мəн берсек!
Əрине, Отан — балаларына қолдау білдіріп, оқып-тоқуына жағдай жасауы тиіс, бірақ осы рухани тəрбиесіз берілген мұндай «ЗОР ҚОЛДАУ» адамды насындырып, кім екенін ұмыттырады!
Н.Ə.Назарбаев «2050 БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ» атты жолдауында: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен ӨЗ мəдениетімізді, ӨЗ тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін ӨЗГЕ дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн»- демекші, ол ГЕЙ шеруіндегі жас қыз «Ата-бабамнан қалған мəдениет осы ма еді, бұл іс-шара деуге де келмес, бұл НАДАНДЫҚҚА қатысқаным дұрыс па?-деп ойламақ түгілі, керісінше ол: BORAT COUNTRY(Ағылшын тілінен: Борат елі, Ал Борат қандай фильм екенін Бекболат ағамыз тайға таңба салғандай айтып берген), ЛГБТ Қазақстан жəне басқалары, мен сендермен біргемін»- деген еді!
Елден рухани тəрбиені аз алып, шетке кеткен жастарымыздың рухани мүгедекке айналуы əп-сəтте! Шетке оқытпас бұрын, "ӨЗГЕ дүниені игеруден" бұрын, ел тарихы мен мəдениетін, əдебі мен əдетін бойға сіңірген жөн!
Алаш елі, қорыта келіп айтарым Депутаттарға мынау:
Тəрбиесіз берілген демократия-жас ұрпақтың жауы! Алдыменен шетке жібермес бұрын сіздер сол жастардың тіл деңгейін не болмаса басқа да бір өз-өзіне толысқандығын байқайтын бір шара, заң шығарсаңыздар! Ал ол заңның қандай боларын өздеріңіз менсіз-ақ шешесіздер деген ҮМІТТЕМІН!

0 пікір

Пікір қалдыру