Әлемнің гектарлары татымайды, Бір жапырақ Арқамның топырағына ...

Ассалаумағалейкум, Алаш жұрты! Бүгінгі тақырып шет елде оқып келген немесе оқып, келмей қалған жастар жайында болмақ!
Шет елдерде әртүрлі оқу бағдарламаларымен оқып келген студенттерімізді жылы-жұмсаққа қоямыз, құнды кадр дейміз! Әрине, олар шетте шыңдалып, оқып, құнды кадр болып келер, дегенменде бізге "құнды кадр" керек пе "құнды қадыр" керек пе? Кадрын қоя тұрып Қадырына мән берсек: Студенттеріміз «тұлға» болып қалыптасқан тұстарында басқа елде жүріп, сол елдің менталитетімен сусындады! Әңгіме бала кезіндегі тәрбие емес, профессионалдық мінездің қалыптасар тұсы, жалын атқан жастықта! Енді студентіміз елге келіп, бірден жоғарғы орынды алған соң, ол өзінің шетте көргенін қол астындағыларға көрсетеді! Сол үшін де жастарға қазіргі таңның үлкендерінің көңілі толмайды!
Ал егер еліне жаны шынайы ашыса, ауызға бес саусақты бірден тықпай, төменнен бастап елге қызмет қылсын! Кішіпейілділік-міне осы қасиеттен арылып барамыз жастар!
Біріншіден, ол «Студент» жоғарыға жеткенше өз ісінің хас-шебері болады!(тәжірибе)
Екіншіден, ол «Студент» он жылдан соң да білікті кадр болып қала береді!
Теория тәжірибесіз өлі, тәжірибе теориясыз соқыр демекші, ол студент елінде жұмыс істеу арқылы шет елдегі теориясын өз еліндегі тәжірибеге қосып, мықты басшы болады! Ал біз теориясы бар, тәжірибесі жоқ "өлі" жастарды билікке тартамыз! Әрине тартуға тиіспіз, тек дараларын, тек даналарын!

Жастарымыз елді емес, көбіне өздерін ойлайды! Сөзіме тиек етейін, Алматылық Тимур (Temir Khan) өз пікірін facebook-та жариялаған(Қазақ елі жайында)! Жалпы алғанда онда ол:"Қазақстанда өмір сүру қиын, парақорлық жайлап, әр адам елді емес, өз қара басын ойлайды"- деген! Өз кезегінде ол штаттарда қалып, болашағымды сонда құрамын деді! Ақ жол, сәт-сапар! Әрине, таңдау еркі өзінікі, демократия!
Тимур жайында жаман пікір қалдырып, сөккендер мен демеп, белін буғандар да болды! Әрине, екі адам екі ойлы демекші ол заңдылық, бірақ енді өзімізге тиетін кері әсерін саралайық: Әр Қазақстандық солай ойлап, осындай іс-әрекет жасаса не болмақ? Әрине, АШТ-та айлық жалақы мөлшері ауқымды, әлеуметтік жағдай біздікінен жоғары делік! Бірақ, АҚШ-ты сондай ел дәрежесіне жеткізген кім? Тереңінен ойлансақ сол АҚШ азаматтары! АҚШ саясаткері айтпақшы Мемлекет маған не береді емес, мен мемлекетке не беремін деген ұстаныммен өмір сүрейік! Біз жас мемлекет емеспіз! Біз өте жас мемлектпіз, жиырма бес жыл мемлекет үшін жиырма бес күн іспеттес! Жемқорлық, т.б. мәселелер барлық елде, барлық заманда болған және бұл тоқтамайтын құбылыс! Өйткені біз адамбыз, ал адам-ол пенде! Бізге мемлекет беруі үшін әлі жас, әрине, байлық көп болғанымен, әлі дұрыс бағыттарға қойылмаған тұстары өте көп! Бірінші берейік, сосын алармыз! Осы ұстанымды берік ұстанған АҚШ жаман болған жоқ! Тимурға Ақ жол, бірақ неге ол жасаған әрекетті елде жасамаймыз! «Америка-мүмкіндіктер елі» деген стереотипті қашан қоямыз?!
Бәрі емес, дегенменде ел грантын «Сәттілік көпірі» қылып, шет елде карьера жасағысы келетін жастар да бар! Бұл сөзімді жақтайтындар мен өз кезегінде даттайтындар да бар! Тимурдың өз еңбегі, өз адал еңбегінің жемісі деп! Әрине, солай секілді, дегенмен Тимурдың "Өз еңбегінің жемісін" жіктесек: Жас нәресте дүние есігін ашып, мектеп, университет бітіргенше, онан соң жұмысқа тұрғанша оған ата-анасы көмектесті делік! Енді өз қолы өз аузына жеткен соң ол «Маған ата-ананың қажеті жоқ»-деп айта алмайтығындай, ол өзін оқытқан елін өз қолы өз аузына жеткен соң танымай қалуы заң бұзушылық болмағанымен, рухани қылмыс, керек десеңіз арсыздық! Әрине ұмытпғанымыз абзал, демократия! Егер мемлекетке қарыз емес екенбіз, онда неге әскерге барамыз, әңгіме әскерде емес, осы ел алдындағы ар-намысың біле-білсең!
Қорыта келгендегі айтарым, Қызым саған айттым, келінім сен тыңда, айналайын, құрбы-құрдастарым, елі жоқ, жері жоқ қанша ел бар! Олар да ел мен жерді аңсайды! Қолда барда алтынның қадірін білейік және алтынымызды әлденеге айырбастап, қапыда қалмайық! Шаңырағымыз биік болсын, Ел — бізден басталады, гүлденуі де, күлденуі де әуелі Алла, екеінші тек өз қолымызда!

0 пікір

Пікір қалдыру