Интернет арқылы қалай ақша табуға болады?

Қазіргі заманның нарығына сай кез-келген бастамақ істің болар жері мен тоқтамақ тұсы да бар. Демек, технология дамыған дәуірде «жұмыс жоқ» деп қолды сілтей салу бос әңгіме іспетті. Қара жұмысқа салынып, екі жеңді түрмей-ақ ғаламтор арқылы жеңіл желпі жұмыстар жасай беруге де болады. Тиыннан басталған дүние үлкен бизнес көзіне айналуы да, мүмкін...

Егер де, спорт командаларына жанкүйер боп, кімнің осал, кімнің мықты екенін дәп білсеңіз бумерлік кеңселерге бас сұғуыңызға болады. Толық тіркелістен өткеннен кейін, шотыңызға ақша аударып, жаныңыз қалаған ойын түріне бәс сомасын саласыз. Сіздің болжаған командаңыз жеңер болса, ұтыстағы қаражатыңыз белгілі мөлшерде еселеніп қалтаңызға топ ете түседі. Бірақ, жекелей командаларға ставка қоя арқылы қалтаңыз қалыңдауы екіталай. Сондықтан, сайттағы экспресс жүйесін пайдаланғаныңыз жөн. Бірнеше командаға бір сома қою арқылы осы жүйеге қол жеткісіз. 12 матчтық ойынға болжам жасар болсаңыз коэффициент көлемі анақұрлым өседі. Орта есеппен коэффициентті 75 деп алып, 1000 теңге қаржы салсаңыз, 75000 теңге пайда табуыңыз ықтимал.
Бірақ, бір ойыннан қате кетсе ақшаңыз күйіп кететіні есіңізде болсын. Және де, қаржыңыз көбейген сайын ақшаға құнықпағаныңыз жөн. Болжамыңыз дұрыс емес болса, жер сипап қаласыз.
olimp.kz
golpas.com
Пайдалы кеңестер: Интернет арқылы қалай ақша табуға болады?

Әлеуметтік желілерде онлайн дүкен ашу арқылы біраз ақша айналымын жасауыңызға мүмкіндігіңіз бар. Тауарды арзан баға сатып алып, қымбатқа бағалайсыз. Қазіргі кезде қытайлық онлай дүкен сайттардың тілін меңгерген біраз адамдар сондағы өнімдерді, өз бетшелерінде(әлеуметтік желілердегі) орналастырып бағасын асырып сатып жүр. Мысалы, 200 теңгенің дүниесі 800 теңге деп бағаланып тұр. Немесе елді алдау үшін «Скидка» деп дабыл қағып, біраз аңқаулардың «аузын» айға қаратып жүрген жайлары бар. Қытайлық онлайн дүкендер:
www.tinydeal.com/ru
ru.aliexpress.com/
Пайдалы кеңестер: Интернет арқылы қалай ақша табуға болады?

Жарнамалық сайттарға тіркелу арқылы біраз ақша табуға болады. Жұмысы да жеңіл. Сізге ұсынған сілтемені достарыңызға таратып, бір кіріп шығуын өтінсеңіз жетіп жатыр. Әр адам кірген сайын кем дегенде 50 теңгеден қаржы табуыңызға да болады. Немесе қол астыңызға рефералдар жинап, олардың әр тапқан пайдасының 50%-ы сізге аударылып отырады. Бұл дегеніміз олар тапқан 50 теңге толықтай екіге бөлінеді деген сөз емес. Оларға өз ақшалары түсіп отырады. Сіз олардың бастығы болғандықтан, тең жартысы сайттан аударылады. Жиналған қаржыны интернет әмияндарыңызға аударуларыңызға болады.
www.seosprint.net
http://oldvisits.ru
Пайдалы кеңестер: Интернет арқылы қалай ақша табуға болады?

Жалғасы бар...

16 пікір

tomarlik
сұрақ №1. Сен өзің осы сайттар арқылы ақша тауып жүрсің бе?
maratkaniev
Бумерлік кеңседен аздап ақша жасағасын, шығып кеттім. Ютубпен жұмысты жақында ғана бастап, жарнамалық компаниямен вертуалды келісімге отырдым. Төмендегі көрсетілген сайттарда әзірде жұмыста бармын. Бірақ, білек сыбына кіріспедім. Қол астымдағы рефералдардан ақша түсіп отыр.
qonyrbai
Мен сайт арқылы ақша тапқым келеді.
maratkaniev
Ендеше, сайт ашып, ішіне осындай сайттардың жарнамаларын салып қой!
qonyrbai
Сайтымды аштым. Иә, жарнама қою арқылы ақша табармын. Бірақ мақсатым — сапалы контент жасап, белгілі бір жетістікке жеткізіп, кейін ақшаға сатып жібергім келеді қызыққан компанияларға. Сайт аша салып, жарнама да жарнама деп жүргім келмейді. Сәл де болса еңбек етіп, қазақ интернетіне үлесімді қосқым келеді.
maratkaniev
Сайтыңның аты қандай?
AtirkulTashimova
Марат, реферал деген не нәрсе?
maratkaniev
Реферал — бұл сіздің қол астыңыздағы адамдар тобы. Олардың пайдасының бір бөлігі сізге түсіп отырады.
jadira
Ен бірінші әдісті қолдабағандарыңыз жөн-ау. Сізге де оны жарнамалаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бәске ақша тігіп аяғын шалыс басып жатқан жандар жетерлік. Олардың қатарын көбейтіп қайтеміз?!
maratkaniev
Дейтұрғанмен, ақшаның ортасы осындай жерлер. Бұндай бәстер үшін алдымен ақыл, ой қажет. Командалардың қыр-сырын жақсы біліп ақша тіккен жөн-ақ.
AkbotaMusabek
Ютубтан ақша табу тиімді. Бір жыл бұрын сенбейтінмін, қазір ақша жәйден-жәй келіп отыр ютуб арқылы. Ең бастысы өз каналыңды жүйелі түрде жүргізу)
AsetBaymuhanov
Ютубтан калай акша табасынго, калай тиркелесин жанеде не истеу керек болады? Толыктай тусиндирип жиберсениздер. Алдын ала рахмет
Gamk
Маған да хабар берерсің ))
AydanaZhylkybaeva
Достар, money-birds.in/?i=400664 осы сайттан жаксы акша табуга болады. Басында озим де сенбеген едим. Кейин Актаулык бир баланын кунине 500-1400 р аралыгында акша алатыны туралы жазбасын окып тиркелгем. Шыныменде бул жаксы қосымша табыс көзі екен. Сұрақтарыныз болса вконтакте паракшасына vk.com/id313001021тиркелиниздер. Барлыгын озим үйретемин. Нәтиже шыгарганша көмектесемин. Бастысы жұмыс жасауга ниеттериниз болса.
AnarZhantumina
сайтты қалай ашуға болады

Пікір қалдыру