Сайт ережесі



Сайт қолданушылары жасына, жынысына, қызмет бабына қаралып, ерекшеленбейді. Қолданушылар кез келген тақырыпта,
кез келген бағытта жазба қалдыруға құқылы.
Тек төмендегі контентке тыйым салынған:
- Діни тақырыптар;
- Саяси тақырыптар;
- Анайы, ұятсыз сөздер қолданылған контент;
- Біреудің жеке өміріне қол сұғатын, ғайбат айтылған сөздер.

Сайт бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайды. Сондықтан Сайт әкімшілері ешқандай жазбаға түзету мен толықтырулар енгізбейді.
Барлық кем-кетік пен ақпараттың дұрыстығы жазба авторының жауапкершілігінде. Сайтта жазылған пікірлер мен жазбалардағы көзқарастар Сайт әкімшілігінің көзқарасы болып табылмайды.
Сайттан алынған қандай да бір дерекке сілтеме көрсетілуі қажет. Өзге дереккөзден келген мәліметте де сілтеме көрсетілуі тиіс.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұны мен мәтініне жарнама беруші жауапты.
Гиперсілтемелердің көрсетуімен жасалған веб-сайттағы ақпараттардың мазмұнына Сайт жауап бермейді.

Заңға қайшы деп тапқан контент көрсеңіз, сайт әкімшілігіне хабарласып, ақпараттандыруға еркіңіз бар. Сіздің хабарламаңыздан кейін міндетті түрде әкімші тарапынан шаралар қолданылады. Сіздің шағымыңыз жоғарыда тиым салынған тақырып аясына сиятын болса, жазба бірден жойылады.

Жазылған блог тақырыптарына блогтұғыр әкімшілері жауап бермейді. Жауапкершілік блог авторларының өздерінде.