"Жаныңда жүр жақсы адам"

Өмірдің мәні неде?
Сен кімсің? Айналаңдағылар кім?
Күйбеңі көп тіршілікте адамдық құндылықтар туралы ой сырт қалып жатады.
Сен жан-жағыңда тек атаққұмар, пайдақұмар адамдар ғана бар деп ойлайсың-ау?!
Жақсылық жасау, өмірді өзгерту туралы ойладың ба?
Таң атысымен, тек адамға қол ұшын берейін деген ниетпен ояндың ба?
Қарашы, дүние қандай кең! Өмір неткен тамаша! барлығы тек көзқарасты өзгертуде ғана жатыр.




"Қолда барда қадірі жоқ." Өмірге не үшін келдің? Ата-ана деген кім? Сен қаншалықты ата-анаңның алдындағы қарызың туралы ойландың?! Мейлі, күніне бір рет болса да жаныңда жүрген әкеңнің қамқор пейілін түсінуге тырысасың ба?





Сәби — адам өміріндегі Жаратқанның берген теңдесі жоқ сый. Әрбір ананың тар құрсағын кеңітіп, мейірім шуағын себе білген қасиетінің қайталанбас таңғажайыбы. «Анаң бір өлмес болсайшы, Анаң бір өліп қайғысын, Баласы көрмес болсайшы» деп жырлаған Майлықожа ақын қандай тамаша сезім иесі.



0 пікір

Пікір қалдыру