ҚУАНЫШ ШОНБАЙМЕН КЕЗДЕСУ

Блог - maratuly_kz: ҚУАНЫШ ШОНБАЙМЕН КЕЗДЕСУШындығы сол, “Көзқарас” жобасы аясында ұйымдастырылған осы кездесу ерекшелігімен есте қалды. Оның екі себебі бар: біріншісі, спикер ретінде “Rumi” және “Madeni” асханалар желісінің директоры – Қуаныш Шонбай келген болса, екінші себебі – дәл осы күні “Madeni” асханасында жобаның соңғы шарасы өтті. Осы уақытқа дейін өз білімі мен еңбегінің арқасында зор табысқа жеткен тұлғалармен он жеті кездесу өтіп, жастар мотивацияға толы күш-жігер жинап, болашаққа деген сенімдерін арттырған болатын. Бүгінгі спикер де барын аяп қалмады. Білгенін үйретіп, өзі жасаған қателіктерге жастарды ұрынбауға шақырды. “Қазақта тайм-менеджмент бар”- деген тақырыпты талдаған қонағымыз өз кәсібінің даму сырларымен бөлісті. «Біз өзіміз ауылда өстік, тайм-менеджментті табиғаттан меңгердік. Таңертең мал жайғайсың, сабаққа барасың, от жағасың, кейін қалаға оқуға келдік. Мен бір күнде 500 бет кітап оқитын едім, сондықтан күнде шаршаңқы болып жүретінмін. Бір күні «бухгалтерия» сабағынан беретін Жомарт дегем ағайым: «Қуаныш, сен осы не істеп жүрсің? Неге күнде ұйқың келіп жүреді? Сен аз ұйықтағанша, ояу жүрген кезіңді дұрыс пайдалансаң қалай болады?»,-деді. Сол кезде тыныққан ойдан артық ештенкенің жоқ екенін түсіндім», -деді Қуаныш Шонбай.«Уақытты сен басқара алмайсың, уақыт – сен ұйықтағанда да, тірі болсаң не өліп қалсаң да жүреді.Саған не істеу керек? Саған өзіңді басқару керек, уақыттың ішіндегі өзіңді тәрбиелеу қажет. Өмірде жетістікке жету үшін не керек? Мен үшін 3-ақ нәрсе керек. Бірінші – арман, екінші – тәртіп, үшінші әрі негізгісі – білім. Адамдарда бір-бірінен 4 түрлі артықшылық бар. Біреу әдемі болса, екіншісі әдемілеу емес. Екінші айырмашылық: біреуде ақша жоқ, өзге біреуде ақшасы көп. Үшіншісі, тамыр-таныстық. Сен туған отбасыда тамыр-таныстық мықты, кейбір отбасыда мүлдем жоқ. Демек, сенің олардан артықшылығың бар. Төртіншісі – талап. Талап өзге де бар, сенде жоқ болуы мүмкін. Оған сен кінәлі емессің, тек жаратушы солай жаратқан. Осыған қарап сен Құдайды әділетсіз деп айтуың мүмкін, бірақ олай емес. Құдай білімді ғана баршаға ортақ етіп жаратқан. Оны игеру тек өзіңе байланысты. Ал уақыт – сол білімді алудағы құрылғы ғана. Демек, құдай әділетті», – деген тұжырыммен спикеріміз адамның жетістікке жетуіне білімнің рөлі аса зор екенін тілге тиек етті. Жетістікке жеткісі келетін адам, міндетті түрде алға қойған мақсатын орындайды. Ал қалғандары – тек сылтауға жүгінеді. Уақыт – сенің әміршің, оның тілін таба білуің қажет.

0 пікір

Жазба авторы пікір қалдыруға рұқсат берген жоқ