Қыз жүрегі немесе қыздың алғаш болып сезімін білдіруі

Махаббат: Қыз жүрегі немесе қыздың алғаш болып сезімін білдіруі

Асылы, қыз жүрегі тым нәзік дүние. Тек, нәзік жандылар өзіне лайықты деп, ер жігітін тапқан кезде арманның тәтті қиялына батады. Біреулердің жолы болып, қыздың ойын түсініп жігіттер тез әрекет етеді. Ал, біреулердің жолы болмайды деуге болмас. Дегенмен, өмір жолы әр кімде әр қилы.Солай емес пе?.. Соған байланысты жастардың арасында сауал жүргіздім. Жігіттердің де, қыздардың көзқарасы екі түрлі болды. Жігіттердің басым бөлігі қолдаса, біразы қолдамады. Қолдағандардың айтуы бойынша:

Кейде жігіттер ақымақтық жасайды. Жақсы емес пе? Біздер карта ашып жүрмейміз, сезімдерін болжап.
Деген секілді ойлар тізімі жеткілікті. Енді, мен олардың ойын былайша топшыладым:
Жігіттер қателеседі. Қандай жағдайда? Кейде олар өздерін жақсы көретін бойжеткендерді елемей, сырт жылтыр, іші түтін қыздарға жолығады.

Ал, енді Қыздар не дейді дейсіздер ғо. Олардың жауабы:
Жігіттер өздері тырысу керек. Қыздың намысы болу керек.
Екі жақтың ой-пікірлерін біле отыра, осындай ойға келіп отырмын:
Негізі, өз басым ойлаймын махаббатқа келгенде жалған намыс, өтірік арды қоя тұру керек. Намыс деп,мынаны айтуға болады . Егер, біздер, қыздар өзіміз ұнатқан жігітке бір емес екі рет білдіріп, одан түк нәтиже шықпаса. Міне, <strong>НАМЫС</strong> қайда деу керек.Себебі, мен ойлаймын кейін өкінбеу үшін әрекет ету керек. Қорықпай айту керек. Бірақ, ол әңгіме абзалы екеуіңіздің араңызда қалса. Ал, жігіттерге айтарым: айналаңызда жүрген қыздарын ойларын оқи алмасаңздар да, тым құрымағанда іс-әрекетіне мән беру керек.Мүмкін, бағыңыз жанып, адал жарыңызға айналар!

Осы орайда кішігірім оқиғаны ұсынсам деймін. Түнгі шабыт немесе ой… Қатты сөкпеңіздер...)☺☺
Ұзақ болды араласқанымызға. Екі көз жанарым мөлдіреп, тек соны ғана көруге зәру. Жанынан бір жігіт өте шықса да, ойында тек сол ардақтысы. Басқаны ойлауға да, ойлау түгіл шаруасы жоқ. Күндіз-түні телміріп, жалт етсе ұялы телефонына қарайды. Қуанады. Балаша секіреді. Оны көрсе одан басқасының өзгесі жоқ. Бір күні екеуі хат алмасып отыр.
Жігіт: Сәлем! Қалайсың?
Қыз: Керемет! Сен ше? Қыздың сол кездегі ойы: Оның жағдайы жақсы шығар.Менің халімді сұрап қайтеді.
Жігіт: Менде керемет! Жігіттің сол кездегі ойы: Менсіз жағдайы жақсы екен. Ал, менің оған қажетім шамалы.
Біразға дейін үзіліс болды. Кейін екеуі кері жаза бастады.Сол мезетте екеуі бірге: Менің саған бірдеме айтқым келген негізі.-деп жазды.
Жігіт: Сен әуелі жаз. Кейін мен.
Қыз: Жоқ, сен сосын мен жазамын.
Жігіт: Былай істейік екеуміз бірге жазайық. Екеуі соған келісіп жазады. Бірақ, екеуінің жазғандары бір бөлек, ойлағандары мүлдем басқа нәрсе болды.
Жігіт: Ертең қандай дәріс болады?
Қыз: Білмеймін.....- деді тоқтады.
Ол кезде жігіт қыздың үйінің алдына келіп тұрған. Ол кері үйіне кетіп бара жатырғанда жол апатына ұшырайды.
Бұл суық хабарды естіген қыз жылайды. Бірақ, жігіт аман-есен қалады. Қыз дереу емханаға жүгіріп келеді де, палатаға кіреді. Сол жерде оны көріп: Мен сені жақсы көремін!♥ -дейді. Жігітте мәз, өйткені ол батылдық таныта алмай жүрді сезімін білдіруге. Бірақ, ол кезде кімнің алғаш сезімін білдіргені маңызды болмады. Бвстысы, олар бақытты және бір-бірін қалтқысыз сүйеді.
Махаббат: Қыз жүрегі немесе қыздың алғаш болып сезімін білдіруі
Ойланайық, кейде намысқа бола қымбат жандарымыздан көз жазып қалып жүрмелік. Ең бастысы, сезіміміз жауапты не жауапсыз болса да айтайық. Тым құрығанда жаныңыз тыныш болады. Өйткені, сіз айта алдыңыз. Егер, сізді бағаламаса. Сіз демек өзге жанның бағысыз.Міне солай.
Махаббат: Қыз жүрегі немесе қыздың алғаш болып сезімін білдіруі
Махаббат: Қыз жүрегі немесе қыздың алғаш болып сезімін білдіруі

ҮШ ӨЛЕҢ: ҚЫЗ-ҒҰМЫР: ҚЫЗ ЖҮРЕГІ ЖЫЛАДЫ. ҮМІТ КӨҢІЛ. ЖАУҚАЗЫН ДӘУРЕН.
Қыз жүрегi жылады
Бақыт таңы нұр боп атып күлгенде,
Сезiмiнiң жанып оты бiр демде,
Махаббатқа сенiм артып жүргенде,
Ару-жүрек алданды.
Нұр жүзiнен күлкi қашып торығып,
Мұң теңiзi тағдыр-жолға жолығып,
Дұшпан түгiл досынан да қорынып,
Қыз жүрегi жылады.
Шат күндерiн көрiп өткен түс қылып,
Бақыт құсын жүрегiнен ұштырып,
Махаббатты «Жоқ!»,
«Жалған!» деп ышқынып,
Қыз жүрегi жылады.
Үмiт артып жүргенiнде таңдарға,
Сенiм артып жүргенiнде арманға,
Кездессе егер өтiрiк пен жалғанға,
Қыз жүрегi жылайды.
Кеудедегi аппақ арман алданса,
Берiлген серт өтiрiкпен жалғанса,
Мың құбылып есi кеткен жандарша,
Қыз жүрегi жылайды.
Қалғанменен қыз-көңiлде сыр анық,
Арман деген асу қайта құралып,
Жылайды да өксiп, тағы жұбанып,
Қыз жүрегi мiнер үмiт-кемеге.
Өмiрiнiң сынға түсiп сан қыры,
Шайқатылып арман-кеме тағдыры,
Тәлкек етiп теңiз-толқын ал мұны,
Қыз жүрегi жылады.
Сезiмiнiң сәтсiздiгi қыз жүрегiн жылатар,
Ал жiгiттер оттай ысып кеудесi,
Бiле алмай сенерiн не сенбесiн,
Болса анық сүйгенiнiң келмесi,
Iштен ғана тынады.
Үмiт-көңiл
Қиял, шiркiн, самғай да алар ендi,
Мұңлы ой бiртiндеп санаға ендi.
Отыз асты, сонда да тұрмыс құру,
Баяғыша арман боп қала бердi.
Қасиетiн iздеумен бiлiктi ердiң,
Бойжеткен боп еш қамсыз жүрiп келдiң.
Жиырмасында, шiркiн-ай, көздi арбаған,
Қаламады бiрiн де жiгiттердiң.
Өмiр, шiркiн,қарамад берi күлiп,
Оралта алмас жас күнiн керi жүрiп.
Қиялында өзiнше жасап алған,
Терезесiн қақпады серi жiгiт.
Сағыныштың естiлер далада әнi,
Кеше емес пе ед мұны да бағалары.
Сөз сап жүрген соңында жiгiттердiн,
Азайыпты-ау бұл күнде қаралары.
Мұң күйiнiң бұған да бұрды ма әнi?!
Қыз жүрегi кеуденi ұрғылады.
Сырласатын, бiр кеште мұң басатын,
Ұзатылып кетiптi-ау құрбылары.
Уақыт қалай орнында тұрсын ендi,
Лүп-лүп соғар жүректiң дүрсiлi ендi.
Бойжеткен қыз бір сәтте мұңаяды,
Бір-ақ сәтте ол-дағы қуанары.
Қыз-жүрекке арманы дөп қонғайсың,
Сезімі де суынбас от болғайсың!
Мұңайтатын сәттері аз болсын да,
Қуантатын күндері көп болғайсың!
ҒАБИДЕН ҚОЖАХМЕТ

Махаббат: Қыз жүрегі немесе қыздың алғаш болып сезімін білдіруі

0 пікір

Пікір қалдыру