Ғаламтордың құрығы мен былығы

Компьютер — Адамзат өркениетін өзгертуге тырысқан ғылыми жаңалықтардың ең озығы. Заманның үрдісіне сай мейлінше бейімделіп, жаңаша көзқарастарды қалаптастырып келеді. Дүниенің о шеті мен бұ шетін көз алдыңызға жайып сала алатын қауқарыда бар. Біздің дүние дейміз-ау… Күллі аспан кеңістігінде моньютерінен жарқ еткізеді.

Ал, осы жалпақ құрылғы аядай ғана ғаламтор деген «дерексіз» байланысқа тәуелді болып келеді. Жаңалықтарды жылдам жеткізіп, жаңаша табыстарға қолын еркін сілтей де алады. ХХ ғасырды Ұлы армандардың тоғысы десек, ХХІ ғасыр ақиқатын жасаушысы екенін анық аңғаруға болады. Кешегілер аңсап кеткен биік сатыларды, жаңа қоғамның жалынды жастары әбден игеріп алды. Адам баласының санасына еркін жайғасқан ғаламтор барлық мүмкіндіктердің орынын ауыстырып келеді. Пайдасы көбі-ақ. Тіпті толағай тегіздей терең десекте болады. Бірақ…
Ашық алаң болғаннан кейін, екінші қоғамның қолшақпарлары да болатыны сөзсіз. Самсаған мәліметтердің арасынан ағы мен қарасын айыра алмайтын халгеде жеттік. Есірткідей уланған буынсыз ұрпақтардың тәуелделігін арттыру үшін, теріс пиғылдылар қолдарынан келегенін жасап бағуда.
LIVE BLOG: Ғаламтордың құрығы мен былығы

Сайттар. Шексіз сайттар. Жарнамалар. Құлақты елітер жылы сөздер. Міне, осының барлығы туралы дүние деу, асқан қателіктің белгісі. Әріге ат шаптырмай-ақ, өзімізге үңілер болсақ оңып тұрғанымыз шамалы. Қанша жалынды жастарымыздың жат ағымның жетегінде кетіп, келешектеріне балта шабылғаны да хақ. Күні кешегі шілде айында қолдарына қару асынып, «Джихад» деп Сирия асқан қазақ бауырларымыздың тағдыры – осының айқын дәлелі бола алады.«Өздерін нағыз мұсылмандармыз» деп санайтын бұл қауымның өкілдері аса қауіпті екенін ескергендеріңіз дұрыс. Қатарын көбейтіп, торлы ауына іліктіру үшін еш нәрседен де аянбайды. Олардың басты қаруы ғаламтор екенін тағыда естеріңізге сала кеткенім дұрысырақ болар.

Бұнымен қоса қалтаңызды қағып түсетін зымияндарда осы әлемнің төрін кезіп жүр. «Шетелге апарамыз», «Бағасы арзан», «Бізде жеңілдік!» сынды лақпа жарнамаларымен санасыздардың ақылсыздығын өз пайдаларына жаратуда. Шетелге жол тартып жер иіскеп келгендердің жайын күнделікті теледидардан да естіп жүрміз. Бірақ, сонда да сенгіш келеміз. Неге? Осындай мүмкіндікті құр жіберіп алғымыз келмегендіктен бе?
LIVE BLOG: Ғаламтордың құрығы мен былығы

Айта берсек, қылығы көп ғаламтордың — былығынан қашан да сақтанып жүрейік!
#‎НаурызДода‬

0 пікір

Пікір қалдыру