Өрлеу өрге жетелейді

Өрлеу өрге жетеледі
Жетістіктерге жету, арманды орындау, биік белестерді баңындыру. Иә, өмірде бәріміз жетістікке жеткіміз келеді. Бәріміз арманымыздың орындалғанын қалаймыз. Ол үшін оқимыз, ізденеміз. Ғаламторды да шарлаймыз. Ғаламторда арманға жетуге, мақсатты орындауға байланысты материалдар көп — ақ. Бірақ қанша оқығанымызбен бүгін есте болса, ертен ұмытылып кетеді. Неге? Неге тез ұмытылып кетеді? Арманға, мақсатқа жетуге байланысты қанша материалдар оқысақ та, неге олар бізге айтарлықтай әсер етпейді?! Бұрын өз басым осындай кітаптарды оқығаныммен, біреуін бітіп екіншісіне көшіп кете беретінмін. Немесе кейбір кітаптардың сыртында мотивация туралы айтылғанымен, маған ешқандай мотивация бермейтін. Соның себебін мен жақын арада түсіндім. Мен бұрын оқыған кітаптар көршіміз Ресейдің, батыстың жазушыларыныкі болатын. Сонымен қатар мен орыс тілінде аударылғанын оқыдым. Сонда ұққаным, мен жалпы шетелдерліктердің кітабын оқығанмын. Ал шетелдік жазушылар кітаптарын басқа елге арнап емес өз тұрып жатқан елдегі аудиторияға, сол елдің менталитетіне арнап жазады. Яғни маған біздің елдің менталитетіне арналмаған. Түсінікті. Ал сонда бізідң елдің менталитетіне арналған қазақша кітаптар бар ма?- дейсіз ғой. Сұрағыңыз орынды. Иә, бар екен. Өмірде жетістікке жетуге, армандарды орындау үшін не істеу керектігін үйрететін кітап. Кітаптың аты: «Өрлеу». Авторы: Халықаралық дәрежедегі бизнес — тренер, табысқа жету саласы бойынша сарапшы маман --Аманжол Рысмендиев.
Блог - kkausara: Өрлеу өрге жетелейді

Мен осы кітапты алғаш қолыма алғанда, мұқабадағы «табысқа жетудің нақтыланған заңдылықтары» деген жазуы бірден назарымды аудартты. Сонымен қатар ішін- көзіммен бір шолып шыққанымда қазақша жазылған екен. Алып оқи бастадым. Әрине оқымастан бұрын авторы кім? Қайда? Қай жерде жұмыс істейді? Автор өзі қандай жетістікке жеткен? Бәрін іздеп сараладым. Өзіме керек ақпаратты білге соң кітап мені одан сайын қызықтырды. Оқығанда: мен
1) Жалқаулықты жеңу тәсілдерін
2) Арманға жету үшін өзіңді қалай шабыттандыру керек
3) Нақты мақсат қою жолдары
4) Өз-өзіңе сенімділікті қалай арттыру керек және т.б. көптеген пайдалы мәліметтер алдым.
Сонымен қатар кітапты жазған автор қазақ болғандықтан, қазақтың адамды тоқтатын мақалдарына қарсы адамды алдыға тартатын мақалдарын қарама қарсы салыстыра жазады. Мысалға: Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес ↔ Жыламаған балаға емшек жоқ деген сияқты мақал- мәтелдерді қарама қарсы қоя отырып, өмірде табысқа жету бәрі өзімізге байланысты екендігін түсіндіреді. Жай түсіндіріп ғана қоймай арнайы тапсырмаларын береді. Ал егер сізде оқып отырып мақсатыңызға жетуге байланысты идея туындаса оны жазып қоятын да орын қарастырылыпты.
Жалпы өз басым осы кітапты оқып мақсатқа жету үшін өзімнің нақты не істеу керек екендігімді түсіндім. Басында өз идеям өзіме қиын болды. Бірақ өзімді қолға алып тырысқаннан кейін аз уақытта өз нәтижесін бере бастады. Осы кітапты оқығанан кейінгі өзім үшін жеткен жетістігімнің бірі болашақтағы үлкен арманыма жете аламын деген сенім қалыптасып, алғашқы ірге тасын сөзбен емес іспен қаладым. Әрине әркімнің уақыты тапшы. Әр адамның өзінің проблемесы бар. Біреулер кітап оқуға уақыт жоқ, себебі жұмыста жүрмін дейді. Бірақ ниет болса, уақытты да табуға болады деп ойлаймын.

0 пікір

Пікір қалдыру