Горькийдің балалық шағы

Балалық шақ – бұл әр адамның өмірге деген ең алғашқы қадамын басатын шағы. Адамның болашақ іс-қимылы мен мінез-құлқының қалыптасуы тікелей балалық шақты өміріне байланысты болады екен.
Кітап Battle: Горькийдің балалық шағы
Жазушы Максим Горький де (шын есімі — Алексей Максимович Пешков) кез келген адамның тұлға болып қалыптасуы балалық шағынан басталатынын айтқан. Жас кезіндегі жасаған, көрген-білген әр оқиғаны есте сақтап, алдағы өмірлік тәжірибесіне қолданатын болады.

Осы себеппен Максим Горький 1913 жылы танымал трилогиясын жазуды бастап, алғашқы бөлімін Лев Толстойдың шығармасындағыдай «Балалық шақ» деп атайды. Бұл автобиографиялық повесть болып саналады. Ол өзі өмір сүрген мен ауылды суреттеп шықты. Анасы мен әкесінен ерте айырылған Максим Горький 11 жасында жетім қалып, сырттағы адамдарға жалданып жұмыс жасауына тура келді. Бұл қиын-қыстау кезіндегі ауыр сынақтарды өз баласына арнап жазып, оның осы бір XIX ғасырдың қандай болғанын білсін деп жазған болатын.

Алеша Пешков (автор барлық кейіпкерді шынайы есімдерімен атады) әкесі қайтыс болғаннан кейін, анасы мен әжесі үшеуі Нижный Новгородтегі нағашы жағына барады. Сол жерден бастап оның оғаш өмірі бастау алды. Әрбір оқиғаны еске түсіріп, «қатігез ертегілер» секілді жазып шықты.

Бала жастайынан бастап, туыстар арасындағы дау-дамай мен төбелесті көріп өсті. Ауылдағы нағашы атасынан қатты қорқып қалады. Кейін ол содан қатты ауырып, біраз уақыт жатып қалады.
Алексей көптеген әділетсіздіктердің куәгері болады. Үйдегі цыган әйел де қайтыс болады. Оны нағашы атасы жақтырмаған болатын.
Кітап Battle: Горькийдің балалық шағы
Оның Натали атты тәтесі уақытынан бұрын толғақ қысып, кейін ішіндегі баласымен бірге қайтыс болады. Нағашысының шеберханасы өртке оранады. Кейін нағашы атасы үйді сатып, жиналған мұраны екі баласы – Михаил пен Яковқа екіге бөліп береді.
Артынша анасы жаңа еркекке күйеуге шығады. Одан бір ұл туады. Оларды асырай алмаған өгей әкесі үйін сатып, әйелінің төркіндеріне тұра тұрады. Содан өгей әкесі жаңа сүйікті тауып, әйелімен ажырасып кетеді. Соңына қарай, Алешаның анасы қайтыс болады.

Алешаның өміріндегі көп қиыншылықтар болған. Сонымен қатар, біраз жақсы адамдармен танысып, қарым-қатынас жасады. Ауылындағы «Хорошее Дело» атты кісінің арқасында жазуды үйренді. Кейін осының көмегімен әжесінің айтқан әңгімелерін қағаз бетіне түсірді.

Қайсы бір жағдай болмасын, осы автобиографиялық жанр, кітап авторы Максим Горький өзінің өмірін осындай трагедиялық сипатпен жеткізе білді.

1 пікір

DinaAbdigalieva
Осы кітапты 10-сынып оқып жүргенде оқығанмын, үлкен әсер қалды. Бәрінен атасын қалай сипаттағаны өте жақсы жазылған. Жалғасы ретінде тағы 2 кітап бар. Ендігі өмірі студент кезі, яғни университет жайлы болмақ. (Оқуға кеңес берем)

Пікір қалдыру