Қазақ радиожурналистикасының негізін қалаушы

Қарқаралылық тұлғалар: Қазақ радиожурналистикасының негізін қалаушыРамазан Сағымбеков-1932 жылы, ұлы жұттың уақытында, қазіргі Қарқаралы ауданының, Қайнарбұлақ с/о дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетінің түлегі. Қазақ радиожурналистикасын алғаш зерттеушілердің бірі. Қазақ даласына танымал журналист-ұстаз, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, тарх ғылымдарының кандидаты.
Республикалық «Социалистік Қазақстан » газетінің әдеби қызметкері, Шығыс Қазақстан облыстық газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, Қазақ радиосының бас редакторы, ҚазМУ-дің оқытушысы қызметтерін атқарды.
1974 — 1982 жылдары «Орталық Қазақстан» газетінін редакторы. Кейінгі жылдары Қарағанды педагогикалық институтында,ҚарМУ — да ұстаздық етеді. Ауыр науқасқа шалдыққанына қарамастан, «Қарқаралы» қоғамдық саяси журналының негізін калады.
Р.Сағымбеков редактор басқарып тұрған жылдары «Орталық Қазақстан» газеті республикалық газеттер тәрізді аптасына 6 рет шығып тұрды. Бірнеше мәрте одақтық, республикалық конкурстардың жүлделерін жеңіп алып, Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталады.
Ол кісінің қаламынан, «Терең тамырлар », «Алматыдан сөйлеп тұрмыз », «Ақжар-Мәскеу», «Достық нұры » сияқты кітаптар, көптеген тарихи — публицистиқалық мақалалар туындайды. Бүгінде ЖОО білім беруде, осы кісінің еңбектері қолданылып жүр.
Үкіметтің 2000 жылғы қаулысымен Қарқаралы ауданындағы, Қайнарбұлақ селолық огругінің, Аппаз орта мектебіне, Р.Сағымбековтың есімі берілген.

12 пікір

BerikDzhanabaev
tomarlik
Беке сіздің сол жазбаңызды қарамаған екенмін, айып етпессіз
BerikDzhanabaev
Ештеме етпес, бастысы жазба жазылды.
SUN
екеуіңізде ТАМАША жаздыңыздар !+5)мықты ,әрі қызықты дүние жанкүйерлеріне :)
tomarlik
Жазба түбегейлі өзгертілді, Бекең ренжімесін, әрі бір тақырыпты айналдыра бермейік…
SUN
жазба сіздікі ғой:)бұндай жағдай бәрінде кездесіп тұрады ғой :)
tomarlik
Дегенмен де, ұят болды...)))
SUN
өйй, не бопты)керісінше екі мықты жазба бар:)
BerikDzhanabaev
Өйй неге өйттің. Ренжіп не қылайын, менікі өтті кетті. Қайтадан қалдыр. Мына жазбаңды басқаға сал
SUN
соны айтам:)
tomarlik
Жарайды достар, еш нәрсе етпиді, ниеттеріңізге рахмет
Kasum
Әуелде өзгерген әртістер сияқты енді, айналып қарасам жазба да өзгеріп кетіпті )))

Пікір қалдыру