Павел Дуров туралы 10 факт

Павел Дуровты білмейтіндеріңіз кемде кем шығар. Жерден жеті қоян тауып жатқаным жоқ. Тек осы бір сабаз туралы 10 факті туралы қазақша кумәндеріңізді болашақта сейілту үшін. Қазір миллиондаған адамның басын бір желі басына тіреп қойған керемет идея иесі деп білем. Сіз бен біз білмейтін өміріндегі 10 фактіні ұсынып отырмын. Сонымен «ВКонтакте» желісі Павел Дуров 22 жасында негізін қалаған екен.
Блог - izbasar: Павел Дуров туралы 10 факт
1. Білімі
2001 жылы Академиялық гимназияны үздік аяқтайды. Оқу кезінде Дуровты информатика сабағында компьютерге отыруға тыйым салса да, ол еш қиындықсыз компьютер парольдерді бұзып отырған.
2006 жылы Санкт-Петербург Мемлекеттік университетінің «Ағылшын филологиясы және аударма ісі» мамандығын қызыл дипломға біріреді. Бірақ әлі дипломын алған жоқ.
Студенттік кезінде ол РФ президенті және үкіметтің стипендиясына қатар ие болған. Университет қабырғасында әр түрлі олимпиадаларға қатысып үш рет Потанин стипендиясына ие болады. Сондай-ақ, интеллектуалы жоғары және көшбасшылық қасиеті жоғары топқа енді.
Блог - izbasar: Павел Дуров туралы 10 факт
2. Бизнес және хобби
ЖОО бітіргеннен кейін Америкадан келген ескі досы Америкадағы студенттердің интернеттегі жобасы Фейсбукпен таныстырады. Дуров осындай жобаны Ресейде іске асыруды көздейді. Болашақ ірі жобаның бастапқы атауы «Студент.ру» кейін «Вконтакте» деп ауыстырылды. Оның айтуынша ерте ме, кешпе біз оқуды бітіреміз ғой дейтін. Бастапқыда жеке шақырумен тіркелетін. Яғни сайт жабық еді. 2012 жылдың қыркүйегінде 140 миллион адам тіркелген еді

Даму жылдамдығымен Рунеттің барлық рекордтарын бұзды.
2011 жылы Дуров 7,9 миллиард рубль табысымен Ресейлік миллиардерлер ішінде 350-ші орында тұрды

Блог - izbasar: Павел Дуров туралы 10 факт

3. Көзқарасы мен мүмкіндіктері
Дуровтың компаниясында Ресейдегі әр түрлі деңгейдегі программалау мен математикалық сайыстардың лауреаттары болған ең үздік программистер жұмыс істейді. Дуров Ресейде Санкт-Петербург пен Солтүстік, Батыс Ресейдің программалау бойынша олимпиадалық командаларын қаржыландырады. Ол Эрнесто Че Гевара мен Стив Джобсқа қарап өзін ынталандырады.
Блог - izbasar: Павел Дуров туралы 10 факт
4. Ол тәуелсіз
«Мен адамдарда интеллект пен тәуелсіздікті бағалаймын» дейді. 2011 жылдың соңында оппозицияның акциялары кезінде ФҚҚ (ФСБ) әлеуметтік желі жетекшілеріне үкіметке қарсы топтарды жабуды сұрағанда Дуров қарсылық білдіріп «Вконтакте» билікті де, оппозицияны да қолдамайтынын айтты.
Блог - izbasar: Павел Дуров туралы 10 факт

5. Павел Дуровпен байланыс
Әріптестерінің айтуынша Павел қатал, бизнесте де озбырлық жасауы мүмкін дейді. Ол «Вконтакте» офисына жақын маңынанпәтер жалдап тұрады. Оның сөзінше үйге жақын болғанда жұмысшылармен бірге жұмыс жасауға ыңғайлы. Оның өмірі жайлы «Код Дурова» деген кітап шыққан. Кітап шығысымен экранға шығуға рұқсат сатып алынған. Алдағы уақытта ол туралы кино көріп қалуымыз ғажап емес.
Блог - izbasar: Павел Дуров туралы 10 факт
6. Танымалдылық пен мойындалуы
Қайсібір батыстық БАҚ Павелді ресейлік Марк Цукерберг деді. Дуров пен Цукерберг таныстарының үйлерінде кездесіп танысқан. Forbes журналы «Ресейдегі танымалы 30 интернет–бизнес» өкілдерінің ішінде жетінші орында деп жариялады. «Вконтактені» жасаушылардың бірі Олег Андреев Павел басқа программистерге қарағанда студенттер мен оқушыларға не керек екенін көре білді. Ол кімде интернет жылдамдығы әлсіз солардың көзімен қарай алды деді.

Блог - izbasar: Павел Дуров туралы 10 факт

7. "Ірі оргиналды" Павел Дуров
Павел Forbes-тің ресейлік есерсоқ, дарақы, экстрентрик ерекше бизнесендерінің ішінде алдыңғы үштікке енді. Оның әдепсіз суретін жариялаған үшін ВКонтакте Mail.ru Group ірі акционерін жұтып қоятын ескертті

Блог - izbasar: Павел Дуров туралы 10 факт

8. Өте қауіпті
Санкт-Петербургте жол патруль қызметі инспекторын келеке қылған көрінеді. Сол үшін тексерістер жүргізілді. Нәтиже болмаған сірә))

Блог - izbasar: Павел Дуров туралы 10 факт
9. Сынау нысанасына айналуы
Санкт-Петербург қаласының туған күнінде офис терезесінен әріптестерімен бес мыңдық купюралардан ұшақтар жасап ұшырып, терезе астына жиналып жеңіл жолмен байығысы келгендерді бақылаған. Бұл акциясы танымалы блогерлер және журналистер арасында қатты сынға ұшырады. Ресей Федерациясының мәдениет министрі Владимир Мединский журналистерді қолдап «Өз халқына мал ретінде қарайтын адам түрмеде отырып тігінші не моторист мамандығын алу керек деді.»
Сергей Ениколопов ондайларды лагерьде емделу керек деп қатты сынға алды.

Блог - izbasar: Павел Дуров туралы 10 факт

10. Азаматтық позициясы
Ресей алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылу үшін оның ойынша қоғамды ескірген заңдардан лицензиялардан кедергілерде құтқару керек. Әлем жылдам өзгеруде. Ал, реттеушілер адекватты ойлап болғанша басқа өзгеріс келеді.

Сонымен NurlanJanai алған эстафетаны ары қарай AlmasNakhypbek және KhanagatNurbol бауырларыма беремін. Кеттік сендерде 48 сағат уақыттарың бар. Сәттілік!

20 пікір

tomarlik
Жақсы жазба, рахмет Ізбасар, біршама құнды мәліметтер беріп тастадыңыз… Ал эстафетаны қабыл алған жігіттер сіздерден жағымды жазба күтеміз…
NurlanJanai
Сен де дайын бол! Кезек келеді )))
AsylhanUysinbaev
Мына орыстан емес. Нұрекеден үлгі алсам да өлмеспін!!!
Красавчик Нұреке))))))
AsylhanUysinbaev
Ай осы жігіттен үлгі алсақта болады екен ғой…
NurlanJanai
Әрине, алысқа барудың қажеті жоқ!
neoaskar
Нұреке, қазақ интернетін шарықтатып, үлкен компанияның басшысы болып жатсаң, мысалы Стив Джобс сияқты, адамгершіліктен аттап кетпеш. Жұмысшыларға, мықты маман не күзетші, технишкаларға дейін дұрыс қарашы, жарай ма, әйтпесе, мынау сияқты есерсоқ басшыларды суқанып сүймейді. мұндайлардың қарамағында жұмыс істей алмайды екенмін. қанша жерден мықты маман болсам да, мұндай басшының қасында қой баққан жақсы.
NurlanJanai
Қолдан келгенше тырысамын!
izbasar
Негізі мәселе оның мінезінде емес, оның талантында ғой.
neoaskar
воот сол ғой, талатты екенмін деп мінез көрсету ерлік емес. мінезді түзеу ерлік саналады.
AsylhanUysinbaev
Ақынмын деп кеуде ұрған адам ақын емес. Сенің мықты маманмын деген сөзін қызық екен…
izbasar
Жігіттер бос отырей шайыр шайнаумен бірге ШЕЙРлей отыру сендерден қалған сүннет болсын)!
AlmasNakhypbek
Жақсы! Павел Дуров оказался в правильном месте в правильное время деп айтып жатады. Біздің өмірімізде сондай бір жағдайлар болып жатыр, жай интернеттің алдында билшиып отырғанымыз болмаса… мүмкіндіктер іздеу керек сияқты…
izbasar
оказался в правильном месте в правильное время көзірді ұсаған олда мықты. Көзір қолда тұрып боғын езіп жүргендер көп қой
ZhasulanOmarov
Дуров жайлы жақсы ақпарат алдым. Жазарыңыз көбейсін!
izbasar
Рахмет, Жасұлан!
ArmanAbdanbekov
Автор, жаңа пост күтеміз!
izbasar
ArmanAbdanbekov Рахмет, тырысамыз! Сізге де жазу керек еді!
BolatbekMuhtarov
жетінші пунктте Сергей Лазарев не ғып тұр))) соны тыңдай ма екен десем

Пікір қалдыру