Сан есім

Қай тілде болмасын сан есімді цифрлер арқылы үйренеді. Алдынғы жазбаларымда айтқандай өлеңмен айтып жүріп тез үйренуге болады. Сіздерге көмек ретінде екі видеофайл тауып қойдым. Балаларға арналған деп айтпаңыз, мұнда маңыздысы цифрлердің атауын естіп, құлақты үйрету.


Мағынасына қарай есептік және реттік болып бөлінеді. Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіреді. Мысалы: uno (уно — бір), due (дуэ — екі), tre (трэ — үш), cinque (чинкуэ — бес) және т.б. Реттік сан есім заттың саналу ретін (қатарын) білдіреді. Мысалы: primo (примо — бірінші), secondo (сэкондо — екінші), terzo (терцо — үшінші).

Есептік сан есімдер:

Итальян тілін үйренейік!: Сан есім
Күрделі сан есімдер бірге жазылады:
1961 — millenovecentosessantuno
-uno-мен аяқталатын күрделі сан есімнен соң зат есім жекеше түрде тұруы мүмкін, және де -uno зат есімнің тегімен өзгереді:
Quarantun giorno (аталық тек)
Trentuna settimana (аналық тек)

Көп жағдайда сан есімнің алдында артикль қолданылмайды, тек төмендегі жағдайларда ғана артикльді қолданамыз:
1. егер сан есім заттың бар санын айтып тұрса:
Gli otto impiegati — бар сегіз қызметкерлері
I dieci nipotini — бар он немерелері

2. егер он үштен басталатын төмендегі көрсетілгендей формада ғасырлар берілсе:
Il Duecento (il'200) — il tredicesimo secolo — он үшінші ғасыр
Il Trecento (il'300) — il quattordicesimo secolo — он төртінші ғасыр
Il Quattrocento (il'400) — il quindicesimo secolo — он бесінші ғасыр және т.б.

3. күнтізбе мезгілін (датасын) көрсеткенде есептік сан есім ылғи белгілі артикльмен беріледі:
Il due settembre, il quindici ottobre, l'otto marzo;
Ерекшелік: айдың бірінші жұлдызы қашанда primo сөзімен беріледі: il primo arpile (dicembre, gennaio…);
4. уақыт кезеңін не оның бір бөлігін көрсететін сан есімдер:
Gli anni venti — жиырмасыншы жылдары
Gli anni trenta (quaranta, ottanta есс.) — отызыншы жылдары (қырқыншы, сексенінші және т.б.)

5. сағат уақытын көрсететін сан есімдер:
Sono le due (tre, quattro...) — қазір сағат екі (үш, төрт...)
È l'una e mezzo — бір жарым сағат
Sono le due meno cinque — екіге бес минут қалды

Байқаған боларсыз: сағат уақытын көрсетерде белгілі артикльді тек аналық текте (l'una, le due) қолданады, себебі ora (сағат) сөзі аналық тектегі зат есім.
Есептік сан есім зат есімнің тегі мен түріне байланысты өзгермейді. Тек кейбір ерекше жағдайда ғана түрленеді:
1. uno (бір) аталық тектегі сан есім және оның аналық тектегі сыңары una. un (una) сан есімі есептелініп тұрған зат есімнің алғашқы әрпіне қалай жекеше түрдегі белгісіздік артиклі сияқты өзгереді:
Итальян тілін үйренейік!: Сан есім
2. mille сан есімі жекеше не көпше түрде өзгереді, сонымен қатар көпше түрде mila қалыпсыз формада өзгереді
Mille euro — мың евро
Duemila euro — екі мың евро

сан есім мен зат есімнің арасына артикль койылмайды. Ережеден зат есім болатын un milione мен un miliardo сөздері ауытқиды. Олардың алдында артикль болады да соңында, зат есімнің алдында, di көмекші сөзі қойылады:
Un milione di euro — Миллион евро
Due miliardi di persone — екі миллиард адамдар

Итальян тілінде «in + есептік сан есім» конструкциясы бар, оларды былай аударуға болады:
Siamo in due (tre, quattro...) — біз екеуміз (үшеуміз, төртеуміз...)
Ci sono andati in tre. — Олар сол жерге үшеуі барды.

Реттік сан есімдер:

Итальян тілін үйренейік!: Сан есім
Реттік сан есім есептік сан есімнің грамматикалық ережелеріне бағынады. Зат есімнің артиклі сақталады:
La prima volta — Бірінші рет
Il secondo esame — екінші емтихан
Le primi rondini — Бірінші (алғашқы) қарлығаштар
L'undicesima lezione — он бірінші сабақ

Бөлшектік сан есімдер

Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді.
1. Жай бөлшек. Бөлшектің алымы ретінде есептік сан есім болады да бөлімі ретінде реттік сан есім болады:
Un terzo — 1/3
Un quarto — 1/4
Due sesti — 2/6

Реттік сан есім есептік сан есіммен сәйкес көптеледі.
2. Ондық бөлшек. Десятичные дробные величины выражаются:
а. ондық бөлшектік сан есім бөлімі (decimo, centesimo, millesimo) ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады
Un decimo — 0,1
Tre centesimi — 0,03
Un millesimo — 0,001

ә. үтір (virgola) арқылы:
0,1 — Un decimo — Zero, virgola, uno
2,5 — Due e cinque decimi — Due, virgola, cinque
0,01 — Un centesimo — Zero, virgola, zero, uno

Еселік сан есім

Еселік сан есімге doppio (екі есе), triplo (үш есе), quadruplo(төрт есе) және т.б. сияқты сын есімдер жатады.
Аты айтып тұрғандай, итальяг тілінде бұл заттың санын, мөлшерін еселеп көрсету үшін қолданылады:
1. зат есіммен үйлесетін сандық сын есім функциясы ретінде:
Il doppio lavoro — екі еселенген жұмыс (қосарланған жұмыс)
Il triplo guadagno — үш есе жалақы

2. заттанған есім сөз ретінде:
Un (il) doppio — қос, екі есе
Guadagna il doppio — екі есе көп табыс табады

Болжалдық сан есім

-ina, -aia жұрнағымен аяқталатын, заттың санын дәл білдірмейтін, шамамен болжалдап көрсететін сөздер ресми түрде де, функционалды түрде де туынды зат есімдер қатарына жатады, дегенмен сан есімдер санатында қарастыру дәстүр.
Болжалдық сан есімдер мына суффикстер арқылы жасалады:
1. -ina (ондықтар үшін):
una decina — ондаған
una ventina — жиырмаға жуық, жиырмадай

2. -aio, -aia (көп.т.) — жүздік пен мыңдық үшін:
Un centinaio — жүз шамалы
Due centinaia — екі жүзге жақын
Un migliaio — мыңға жуық
Tre migliaia — үш мыңға тарта

Қарастырылып отырған болжалдық сан есімдер қатарына тағы мына сөздерді қосады:
Un paio (due paia) — бір жұп (екі жұп)
Una dozzina — дюжина

Una dozzina сөзімен болжалды санды айтуы да, тура он екі санын айтуы да мүмкін.

Сонымен, тағы не қалды айтылмаған?
1. Күрделі сан есімдер қашанда бірге жазылады, мысалы: 3489 – tremilaquattrocentoottantanove, 7861 – settemilaottocentosessantuno.
2. Екпін есептік сан есімдердің соңғы буынына түседі. Ескеру: тек 19 – diciannove және 1 не 8-бен аяқталатын сан есімдер. Ол сан есімдердің бірінші жасаушы сөздің соңғы дауысты дыбысы түсіп қалады да екпін соңыныңалдындағы буынға ауысады. ventiuno не ventiotto деп айтуға болмайды. Дұрысы – ventuno, ventotto. Осылай тоқсанға дейін: novantuno, novantotto. Тағы бір ескерте кетер жәй: cento сөзінен құралған сан есім өзінің дауысты дыбысын сақтап қалады: centouno.
3. Көп жағдайда есептік сан есімдердің алдында артикль қойылмайды, сан есім сол артикльдің орнын басады деп айтуға болады. Тек заттың не адамның толық санын айтарда сан есімнің алдында артикль пайдаланамыз: Gli otto uomi — сегіз ер адамдар. I sette ragazzi – жеті балалар.
4. Mila – mille (1000) сан есімінің көпше түрі: mille baci – мың сүйіс, diecimila baci – он мың сүйіс.
5. Егер 1000-нан соң жүзден кем не жүзге еселі сан тұрса, араларына «e» жалғаулық сөзі қосылады және сөздер бірікпей, бөлек жазылады:1300 — mille e trecento,1004 — mille e quattro. Басқа жағдайда, жоғарыда айтып кеткендей, бірігіп жазылады.
6. Итальян тілінде milione – зат есім. Сондықтан оның алдында, ұанша миллион екендігін білдіретін сан есім тұруы керек. Milione сөзінен соң di қосымша сөзін қолдану керек: milione di euro – миллион евро. Зат есімге қатысты ереже сай көптенеді: quattro milioni, sei milioni.
7. Сандық мәні бар зат есім бар: ондық — una decina (ж.т.), diecine (к.т.), жүздік – un centinaio, centinaia, мыңдық – un migliaio, migliaia.
8. Сондай-ақ «in + есептік сан есім» конструкциясы бар. Оны былай қолданады: Siamo in dieci (due, sei...) – Біз он едік/Біз онбыз (екеуміз, алтаумыз...). Ci sono andati in quattro. – Ол жерге төртеуі барды.
Төменде біраз сан есімге байланысты бұрын-соңды өзім тауып үйреніп, білетін, тұрақты сөз тіркестерін келтірдім. Егер де осы тізімде жоқ сөз тіркесін білсеңіз төменде комментарийге жазып бөліссеңіз жақсы болар еді.
«0»
non lo guarda nemmeno – оған тіпті қарамайды, елемейді;
venire azzerato – нөлге келу; жоққа саю;
zero assoluto – абсолютті нөл;
per lei io conto zero – мені көзіне де ілмейді;
cominciare da zero – бәрін басынан бастау;
un bel nulla / vale zero – татымы жоқ;
«1»
uno non fa numero – тура аудармасы: біреу сан құрамайды; жалғыздың үні шықпас;
l’uno e l’altro – анау да, мынау да; екеуі;
uno solo – жалғыз өзі;
uno alla volta, a uno a uno – бір-бірден;
l’uno dopo l’altro – бірінен соң бірі;
uno e mezzo – жарты; жарым;
uno, due, tre ed eccoli contati — бар-жоғы; бір, екі, үш, санақтың бар-жоғы, осымен бәрі;
uno per tutti, tutti per uno – біреу — бәрі үшін, бәрі — біреу үшін;
per me è tutt’uno – маған бәрібір;
scriviamo due e riportiamo uno – екіні жазамыз, біреу ойда;
«2»
Итальян тілінде 2 мен 4 цифірі қандай да бір заттың санының шамалылығын білдіреді, «аз, шамалы» деген мағынада қолданылады.
questo sera si fa due spaghetti – бүгін кешкісін ол өзіне аздап спагетти жасайды;
fare due / quattro passi – кішкене серуендеп қайту;
fare due chiacchiere – бір-екі ауыз сөз айту; кішірігім сұхбаттасу;
mangiare due bocconi – бір-екі тілім жеу;
a due a due – екі-екілеп; жұппен;
su due piedi – дереу; шұғыл; аяқ асты;
fare due gocce — сіркіреп жауу;
vendere qc per due lire – өте арзан сату; қара бақыр тиынға сату;
tutti i due – екеуі;
una delle due – екеуінің біреуі;
dirne due – бір-екі ауыз сөз айту;
cantare a due – екеулеп ән шырқау; дуэтпен ән айту;
essere uno il due – егіз қозыдай;
stare tra due – тура ауд.: екеудің арасында тұру; ынжық, жасық, жасқаншақ болу;
due nocchieri affondano i bastimento – тура ауд.: екі басшы кемені суға батырар; екі қошқардың басы бір қазанға симас;
quei due fanno il paio – тура ауд.: мына екеуі жұп болады; ағама жеңгем сай, апама жездем сай; екеуі жарасымды жұп;
sanno più due che uno solo – тура ауд.: біреуден екеу көп біледі;
non posso mica spaccarmi in due – мен сан-саққа бөлініп, шашырай алмаймын;
a due posti — екі орындық;
mangiare per due – екі адам орнына жеу;
«3»
a tré per volta – бір дегенде үш рет; үш-үштен;
non c’è (mai) due senza tre – екі болмай үш толмайды;
perché due non sono tre / perché due non fa tre – тура ауд.: екі үшке тең емес; тең теңімен, тезек қабымен
«4»
Жоғарыда айтқандай, 4 саны «аз, шамалы» мағынаны білдіреді.
fare quattro passi – біраз сергіп қайту;
quattro gatti – тура ауд.: төрт мысық, өте аз адам деген мағынада қолданылады
fare quattro chiacchiere – бір-екі ауыз сөз айту; кішірігім сұхбаттасу;
a quattr’occhi – көзбе көз жүздесу; куәгерсіз, бетпе-бет әңгімелесу;
gridare ai quattro venti – тура ауд.: төрт желге айқайлау; шартарапқа жар салу; дүниенің төрт бұрышына жар салу;
stare chiuso tra quattro mura / pareti – төрт бұрышта қамалып отыру;
non dir quattro se non l’hai nel sacco – қап толмай төрт деме;
fare il diavolo a quattro – азан-қазан болу;
come due e due fanno quattro – екіге екіні қосқандай анық;
a quattro a quattro – лезде, шапшаң;
farsi / spezzarsi in quattro – апы кіріп, күпі шықты;
«7»
ai sette cieli – жеті аспанға жету;
levare / portare qualcuno ai sette cieli – төбесі көкке екі-ақ елі тимей қалды;
la sette meraviglie del mondo – әлемнің жеті кереметі
i sette peccati mortali – жеті үлкен күнә
avere sette vite (spiriti) come i gatti – мысықтай жеті өмір сүру; ажалсыз жан шықпайды
chiuso a sette chiavi – жеті қат жердің астында;
chiuso con sette sigilli – жеті қат жердің астында;
la città dei sette colli – жеті дөңнің үстіндегі қала
gli stivali delle sette leghe – жеті адымды етік
misura sette volte e taglia una – жеті рет өлшеп, бір рет кес; келісіп пішкен тон келте болмас;
«8»
otto volante – америкалық белестер
«10»
dieci con lode – тура ауд.: он мақтаумен; өте жақсы;
«100»
al cento per cento – түгел;
novantanove per cento – тура ауд.: жүздің тоқсан тоғызы; түгелдей дерлік;
a cento (a cento) – өте көп; жүздеп;
mille miglia cento – есеп-қисапсыз;
in cento contro uno – жүзі біреуге қарсы;
farsi in cento – жүз саққа бөліну;
«1000»
mille auguri! – мың құттықтау;
mille grazie! – көп рахмет;
mille volte – мың есе;
da mill'anni – мың жыл; өмірлік; мәңгілік;
te lo dò in mille – таба алмасыңды білем, бәс тігем;
ho ragione io mille mille – менікі әр дәйім дұрыс;
Енді математикалық амалдарды қарастырайық.
4,7 – quattro virgola sette
11% – undici per cento
1 + 8 = 9 – uno più otto fa nove uno più otto uguale a nove
6 – 5 = 1 – sei meno cinque fa uno
4 x 2 = 8 – quattro per due fa otto
18: 9 = 2 – diciotto diviso per nove fa due
22 = 4 – il quadrato di due è quattro / due al quadrato è quattro
23 = 8 – il cubo di due è otto / due al cubo è otto
√16 = 4 – la radice quadrata di sedici è quattro
3√27 = 3 – la radice cubica di ventisette è tre

0 пікір

Пікір қалдыру