avere

Итальян тілінің екінші маңызы жоғары етістігі — «avere» (ие болу).
Ол да көмекші етістіктер қатарына жатады, яғни осы етісіктің көмегімен көптеген маңызды тұрақты сөз тіркестер ғана жасалып қоймайды, бұл етістік істің болу шағын көрсетуге пайдаланатын құрал.

«Ие болу» етістігінің формасы бұрыс, сондықтан оның жіктелуін жаттап алу қажет:
io + ho = менің (менде бар)
tu + hai = сенің (сенде бар)
lui/lei /Lei + ha = оның (онда бар), Сіздің (Сізде бар)
noi + abbiamo = біздің (бізде бар)
voi + avete = сіздің (сізде бар)
loro + hanno = олардың (оларда бар)
Итальян тілін үйренейік!: avere
Итальян фонетикасынан естеріңізге түсірейін: «h» — дыбыссыз әріп, итальян тілінде ол айтылмайды. Ендеше ho [: о] болып оқылады, hai — [: ай], ha — [: а], және hanno — [: анно].
«Avere» етістігінің мағынасы көп, олардың ішіндегі ең маңыздысы – ие болу, иелік ету:
1) ие болу, иелік ету, қол жеткізу: менің әйелім мен балаларым бар – ho moglie e figli, сенің әдемі дауысың бар – hai una bella voce;
2) алу, сатып алу, сату: сен күртешені арзанға сатып алыпсың – hai avuto una giacca per poco prezzo, менің жұмысым бар – ho avuto un lavoro;
3) зат есіммен «avere» етістігі тіркескен жағдайда күй-жәйді сипаттауға болады: біз жаурадық – abbiamo freddo;
4) «avere» етістігі мен белгілі сезімді білдіретін есім сөздермен тіркескен жағдайда сол сезімді сипаттайды және ол сол сипатты етістікті алмастыруы мүмкін: сүю – avere amore (amare етістігінің орнына қолданады);
5) avere + a, avere + da, avere + che конструкциялары міндетті болу, міндеттенуді, болашақта болар мүмкіншілікті сипаттайды: сен жазуың керек – hai da scrivere, оның басқа айтары жоқ – non ha più niente da dire, сендерге басқа ештеңе қалмады – non avete da fare altro;
6) avere + per – санау, есептеу: өлдіге санады – avere per morto, сендер бізді кім деп тұрсыңдар? – per chi ci avete?
7) бірдеңенің пайдасыз екендігін белгілеу үшін aver bel орамы қолданылады: мейлі, айта берсін, бәрі бір… — hanno bel dire, fa lo stesso…
8 ) сондай-ақ экономикалық термин болып саналады, дүние-мүлік, байлық, дәулет, несие және авуарды сипаттайды.
Avere етістігі сондай-ақ адам жасын көрсетеді: қанша жастасың? – Quanti anni hai? мен – 20 жастамын. – Ho vent’anni.
Алдында non демеулігі тұрса, онда етістіктің болымсыз формасы болғаны:
io + non ho = менікі емес (менде жоқ)
tu + non hai = сенікі емес (сенде жоқ)
lui/lei/Lei + non ha = оныкі емес (онда жоқ), Сіздікі емес (Сізде жоқ)
noi + non abbiamo = біздікі емес (бізде жоқ)
voi + non avete = сендердікі емес (сендерде жоқ)
loro + non hanno = олардікі емес (оларда жоқ)
Жіктеу есімдігін қолданбаса да болады, себебі етістіктің әр жаққа тән өзіндік жіктелу формалары бар: Non ho la tua giacca. – сенің күртешең менде жоқ. Non abbiamo niente. — бізде ештеңе жоқ.
Сұраулы сөйлем құру үшін интонацияны қолдану жеткілікті: Hai un asciugamano? – сенде сүлгі бар ма?
Әдеттегідей төменде біраз тұрақты сөз тіркестерін келтіремін.
Мысалы: ашығу, аш болу – avere fame, мен ашпын (менің ұарным аш) – ho fame, сен ашсың (қарның аш) – hai fame, ол аш – ha fame, біз ашпыз – abbiamo fame, сендер ашсыңдар – avete fame, олар аш – hanno fame. Болымсыз не сұраулы түрі: мен аш емеспін – non ho fame; сен ашсың ба? – hai fame?
ho freddo – маған суық/ мен жаурадым/ мен тоңдым
ho caldo – маған ыстық/ мен ысынап кеттім
ho fretta – мен асығыспын
ho fame – мен тамақ ішкім келеді, мен ашпын
ho sete – мен су ішкім келеді, мен шөлдедім
hai ragione – сен дұрыс айтасың(істедің)
hai torto – сен қателестің
ho paura (di qualcuno, di qualcosa) – мен қорқамын (біреуден, бірдеңеден)
ho vergogna – мен ұяламын
hai fortuna – сенің жолың болды
ho bisogno di… – маған … қажет
ho voglia di… – мен… қалаймын
dopodomani hai da fare? – бүрсігүні сен боссың ба?/ арғы күні сен не істейсің?
ho sonno – менің ұйқым келді
ho… anni – мен … жастамын
avere successo – табысты болу (жетістікке жету)
ho diritto – менің құқым бар
ho in dotazione – менде бар
ho a disposizione – менде бар
abbiamo la maggioranza – біз көппіз (біз көпшіліктеміз)
ho la procura di… – мен… өкілетті өкілі ретіне айтып тұрмын
ho la volontà di (studiare) – мен ынталана (оқимын)
avere un incidente –апатқа ұшырау (жол апаты)
avere effetti positivi – оңтайлы нәтижесіге жету
ho amore –ғашықпын
ho odio (ho in odio) – жек көремін
ho compassione – мүсіркеймін
ho cura – қам жеймін
ho a noia – ішім пысты
ho pazienza – шыдаймын
avere per nulla – түк құрлы көрмейді
per chi ci avete? – бізді кім деп ойлайсыз?
hai i peli sul cuore – сен -тасжүрексің
hai la coda di paglia – сен — қанішерсің
hai la linqua biforcuta – сенің тілің зәрлі
hai una bella faccia tosta – сен көкбет адам екенсің
hai un cervello di gallina – тауықтың миындай ғана миың бар екен
hai la testa tra le nuvole – сен қиылыңда қалқып жүрсің
hai scheletri negli armadi – сөзбе сөз: сенің шкафыңда сүлде жатыр (бұрындары орын алғын ұятты, масқара ісі бар).
«avere» етістігіне байланысты видеолар:



0 пікір

Пікір қалдыру