Жақында 5G желісі шығады

2020 жылы Оңтүстік Кореяда 5G мобильдік желісін дамытады. Елдің Ғылым және технология министрлігінің хабарлауынша, ұлттық сымсыз желінің жасалуына 1.6 триллион вон (шамамен 1.5 доллар) қаржы бөлінген.

5G байланыс
Сарапшылардың болжамы бойынша, мобильдік желінің бесінші әулеті 4G LTE заманауи желісіне қарағанда 1000 есе артық, секундына 800 мегабайт жылдамдыққа жетуі мүмкін. Бұндай жылдамдықпен смартфон мен планшетке фильм жүктеу бірнеше секунд алады және Ultra HD форматтағы видеоларды ойланбай қарауға болады. Ғылым министрлігі бұны алдын ала жасалып отқан қадам деп біледі, себебі Қытай, Еуропа және АҚШ сияқты елдер де бұл технологияны іске қосуға асығады, сондықтан бәсекелестік өте күшті болмақ. Ал Оңтүстік Корея болса Samsung және LG сияқты техно-индустриядағы алпауыттардың мекені және әлемдегі ең жылдам интернетке ие ел.

Жаңа желінің мүмкіндігі 500 км/сағат жылдамдықтағы жүрдек пойыздарда интернетпен қолдану мүмкіндігін береді. “Желінің алғашқы сынақтары 2015 жылы басталып, ал 2017 жылы бета версиясы іске қосылады. Егер бәрі ойдағыдай болса, 2020 жылы барлық жұмыстар аяқталып, желі толықтай жұмыс істейді” – деп хабарлайды.

1 пікір

Shapagat
Кореялықтарға сәттілік тілей отырып, асыға күтеміз енді 5G-ді!!!

Пікір қалдыру