Алтын белгі мен ҰБТ – мақтанатындай дәреже емес

Сынамас бұрын бүгінгі «Алтын белгі» алғандарды шын жүректен құттықтаймын. Бірақ болашақта сол «алтындардың» 4 жыл университетте қалай оқығанын, кейін қандай жұмыста істегенін, қоғамда қандай орынға ие болғанын, елге қаншалықты пайдасы тигенін көрсететін мониторинг, статистика жасалғанда, «алтын» алғанымызбен соншалықты мақтанып, соны білімнің көрсеткіші қылмас па едік, бәлкім… Бір ауданда 3 мектеп болса, әр мектепте бар-жоғы 2 бітіруші сыныптың ішінен салыстырмалы түрде "үздік" оқығандар амалсыз алтынға таласып, алып шаhар Алматы мен Астанаға келгенде, өзін жоғалтып қойып, өзінің «алтын» алғанын ұмытып қалмауына кім кепілдік береді?!

Ғылым: Алтын белгі мен ҰБТ – мақтанатындай дәреже емес

Ричард Брэнсон деген мықты кәсіпкер және басқа да бизнесмендер мектепте үздік оқығандарға «ставка» қоймайды, керісінше сабақты жаман оқығандарға көбірек қызығады. Не үшін? Себебі тек қана сабақты оқыған адамның басқа іспен айналысатын уақыты болмайды. Қызықты xоббиларға уақыты бола бермеген соң, барлық пәнді жақсы оқыған адамның бір пәнді керемет білетініне күмәнданады. Былайша айтқанда, “алтын белгі” алғандардың ішінен кәсіпкер шыққандары аз. Коэффицентпен есептеп көруге болады. “Алтын белгіге” алтернативтер көп. Мысалы, Олимпиадала мен ғылыми жарыстарды көбейтіп, бір мамандықты терең білген, ғалымдар мен кәсіпқойлардың шығуына жағдай жасалғаны дұрыс еді. XXI ғасырда елдің экономикалық дамуына кәсіпкер мен менеджерлер көбірек керек екенін ескерсек, мектеп кезінен стартап байқаулар мен менеджерлікке даярлайтын көбірек клубтар ашылса, университетке дайын болып барып, онда өз кәсібін дөңгелетіп кете берер еді.

Ғылым: Алтын белгі мен ҰБТ – мақтанатындай дәреже емес

Енді ҰБТ деп жатырмыз, біреулер БҰТ деп жатыр, соған тоқталсақ, егер 4-пәніңіз физика болмаса, сіз 75% сабақты жаттаумен ғана тапсырып, жатта сақтау қабілетіңізбен ғана сіз университетке түсесіз. Жатта сақтай алмасаңыз, университетке жолай алмайсыз. 4 пәннің ішінде адал біліммен алынатын балл сол математика ғана, физика мен химияның өзінде де жаттайтын өмірде бір тиынға пайдасы жоқ теориялар өріп жүреді. Қысқасы, қазіргі заманда кітаптағы теория мен хронологияны, анықтамаларды жаттап алып, білікті маман болмайсыз, қолыңыздан түк келмейді. Бұрындары еді ол, тарихи бір оқиға жайлы білу үшін кітапхана аралап кітап парақтап кететін, қазір Google мен Wikipedia кез келген энциклопедиялық біліміңді береді. Мен аудармашылықта оқыдым, бір сөздің аудармасын немесе жазылуын білу үшін қалың сөздік арқалап жүруші едік, қазір Google Translator бар смартфонда, ана кітапты ешкім ақтармайды қазір.

Ғылым: Алтын белгі мен ҰБТ – мақтанатындай дәреже емес

Америкалық атақты ғалым, ұлты жапон Митио Каку “Болашақтың физикасы” атты кітабында былай дейді:

“Жуырда компьютерлер мен Google Glass көзәйнектері линза арқылы бүкіл ақпаратты көз алдыңызға бірнеше секунд ішінде шығарып береді, жаттау арқылы білім алу жоғалады. Негізгі бөлігі өмірге жарамсыз ақпараттар жиынтығымен миды толтырмайсың. Ал жетістікке жеткісі келетіндер креатив, суреттеу, бастамашылдық және лидерлік қабілеттерін дамыту керек. Қоғам тауарлық экономикадан интеллектуалды-шығармашылыққа ауысып жатыр, бұл дегеніміз – адамдар көбіне ойлау, сараптау, сынау және тез шешім қабылдау сияқты роботтар оңай жасай алмайтын қабілеттерін арттырады”.

P.S. Келесіде дипломның, әсіресе, қызыл дипломның дымға жарамсыз екенін дәлелдермен жазамын. Айтпақшы, мен мектепті тек қана беспен, одан кейін үш жыл лицейді де тек беспен бітірген адаммын. «Алтын белгі» алғандарды көре алмай жатқан жоқпын. Университетте нашар оқыдым бірақ… )))

3 пікір

AtirkulTashimova
ҰБТ-білімнің көрсеткіші емес! Тест деген терең білім емес. Терең білімді Кенес кезінің мұғалымдері беретін. Қазір жаттандылық жайлаған.Тез оңатын шүберек сынды түкке тұрғысыз.
AigulBalgalieva
МЕКТЕПТІ БЕСКЕ ОКЫП, БАРЛЫҚ ПӘНДІ ЖАТТАГАННАН, АЛГАН БІЛІМДІ ҚОЛДАНА БІЛГЕН ОЗАДЫ. МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА КЕРЕКСІЗ АКПАРЕТТАР КӨП. ОДАН ПАЙДА КАНША?
AllinAllin
Жазбада бәрі де шынымен дұрыс айтылған. Алтын белгі, «5» деген бағаға бітіру, университетті қызыл дипломмен бітіру еш нәрсеге кепілдік бермейді. Сондайлардың бірі болдым мен де.
Одан да ақылды қозғауды, терең ойлануды үйрену керек екен… Кейін маңыздысы ішкі рухани дамуы. Іштей сенімді, мықты, істі бітіре алатын, жауапкершілік алатын адамдар барлық жерге керек екен…

Пікір қалдыру