Жауапкершілік: Оқытушы [мұғалім, профессор]

Ескерту: Негізі бұл жазба «Білім жүйесі байланысты» жазбалар сериясынан. Алғашқы жазбаны мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Жауапкершілікке байланысты революция…

Оқу оқыту барысы тек бір жақты (бір қырлы) нәрсе емес. Тек мұғалім ғана түсіндіріп (жұмыс жасап, лекция оқып), оқушы тек тыңдап (бос отыратып) қана қоятын нәрсе болмағандай, оқуға/оқытуға тек қана оқушы жауапты болмай мұғалім де жауапты болуы қажет.

Бұл мақалада мен мұғалімдердің оқушы (шәкірт) алдындағы жауапкершілікті туралы жазамын.

Менде барлығы 17 студент (бұл тек университетте). Со л студенттердің Java бағдарламалау пәні бойынша қорытындысын шығару керек. Алғашқы 7 аптаның қорытындысы былай: 100 балдан 1 студент 90 алды, 2 студент 73-77 арасында алды, 1 студент 65 алды, 3 студент 54-58 арасында алды, қалған 10 студент 50 ден төмен (екі алды, тапсыра алмады, пәнді мүлдем білмейді!). Бұл менің барынша «көтеріп» қойған бағам! Мұны неліктен айтып жатыр деген шығарсыз. Себебі: қорытындыны білген соң балға үймелеген арадай студенттер мені қоршауға алды. Әркімнің оқымай, үй тапсырмаларын орындамағынының жеке сылтауы бар! Біреуі ауырса, басқасында уақыт болмаған (менде күнде 24 сағат болса, ол студентте 23 болғаны ма?) Барлығының қалайтыны бір. Бал қосып беруімді қалайды. (жайдан жай, бонус тапсырмасыз, қосымша жұмыссыз, ЖАЙДАН ЖАЙ). Егер бал қоспасам, степендиядан айырылады, жазғы семестр үшін ақша төлейді, университеттен шығару мүмкін. Қалай ойлайсыз мен не істеуім керек? Егер мен 10 профессорға (мұғалімге) төмен (әділ) бал қойғанымды айтсам, 9-ы мені құптайды. Ал енді солардан не істеуім керек деп сұрасам, 8-і бал қосу керек деп жауап береді. «Неліктен?» деп сұрасам, олар: «Обалына қаласың, өсе келе өздері түсінеді, не істейсің өмірін «құртып»?».

ҚЫЗЫҚ. Солай емес пе? Сонда менің жауапкершілігім олардың степендия алуы мен университетті бітіруі ме? Ал менің білімді, жоғары мамандарды дайындауға байланысты мемлекеттің алдындағы жауапкершілігім қайда қалғаны? Мен болашақта «көтермеленген»студенттерді жұмысқа алған адамның обалына қалмаймын ба, сонда?

Ойым түсінікті деп ойлаймын (түсініксіз болса, қайта оқыңыз).

Біздің (оқутышының) жауапкершілігі — ол дарынды мамандар дайындау.

Ал степендияны сақтау, ол студенттің жауапкершілігі. Яғни степендия туралы студент қорытынды шықпас бұрын ойласын.

Бұл қағиданы мектепте де ұстаунуға болады. Мысалы: «алтын белгі» алуға байланысты. Директор мектептің аты шығу (көз бояушылық дер едім) үшін «алтын белгілерді» көбейту керек деп мұғалімдерге айтады, мұғалімдер сосын журналдарды көшіреді, ата-ана болса, балаға қымбат репетитор жалдайды (ұялы телефон да бар), ал оқушы… оқушы болса, ең соңында «үздік» атанады. ЖАРАЙСЫҢ. Басқа не деуге болады…

Ойларыңыз бар болса (бар деп ойлаймын) пікір білдіріңіз

PS: Бұл жазба қазір мен жазып жатырған кітаптан үзінді.

0 пікір

Пікір қалдыру