“АҚША ТАБУ және ҮНЕМДЕУ” байқауы

FORLIFE.KZ бизнес-порталы бүгіннен бастап, Blogtime.kz сайтында “АҚША ТАБУ және ҮНЕМДЕУ” байқауын жариялайды.

FORLIFE.KZ – құрамына 3 ірі жүйені біріктірген кәсіпкерлердің аудиторияны өз бизнесіне тарту үшін тиімді маркетинг жасауға мүмкіндік беретін бизнес-портал. Ал тұтынушылар кез келген тауар мен қызмет түрін оңай тауып, жағымды сыйлықтар алып, өз уақытын мазмұнды өткізеді.
Бизнес-порталдың мақсаты – нарықтағы барлық қатысушылар арасында тиімді және универсал жүйе жасау.

Байқаудың шарты
Корпоративтік блог ForLife.kz: “АҚША ТАБУ және ҮНЕМДЕУ” байқауы
“АҚША ТАБУ және ҮНЕМДЕУ” тақырыбына қатысты Blogtime.kz сайтында блог жазылу керек. Жазбада мына тақырыптарды қамту керек:
• ақша табу және оның жолдары;
• табылған ақшаны қалай үнемдеу;
• жиналған ақшаны қалай көбейту;
• бизнес жасау, кәсіпкер болу;
• бизнес ашуға кеңестер;
• жаңа бизнес түрлері;
• бизнестің жаңа айла-әдістері;
• байып кеткен жастар, миллионер, миллиардерлер, кәсіпкерлер өмірі жайлы;
• бизнеске, ақша табуға қатысты кітаптар, фильмдер, деректі фильмдер жайлы;
• Қазақстандағы және әлемдегі бизнес саласына шолу, сараптама, инфографика, сұқбат, статистика, видео, фотореп сияқты жанрларда жазуға болады.

— Жазба міндетті түрде Blogtime.kz блогтұғырында жазылуы шарт;
— Жазбаның тақырыбын қалай қоюды әркім өзі анықтайды. Тек қана жазба соңына FORLIFE.KZ ұйымдастырған Blogtime.kz сайтында “АҚША ТАБУ ЖӘНЕ ҮНЕМДЕУ” тақырыбында блог жазу байқауына деп жазуды ұмытпаңыз;
— Байқауға қатысып жатқан жазба кемінде 200 қаралым жинау керек;
— тағы да ескерте кететін жәйт, “АҚША ТАБУ ЖӘНЕ ҮНЕМДЕУ” байқауына жазылған блог автоматты түрде БЛОГ-МАРАФОНға қатыса береді.

Байқауға берілетін сыйлық
Шартты орындаған барлық блогерлерге BLOGTIME бренді жазылған VIP “CARD(FOR)LIFE” жеңілдіктер карточкасы сыйлыққа беріледі.
Корпоративтік блог ForLife.kz: “АҚША ТАБУ және ҮНЕМДЕУ” байқауы

Карточка туралы
— карточканың құны 5000 теңге;
— карточка арқылы Қазақстан бойынша 1000-нан аса тауар мен қызмет түрлеріне жеңілдіктер аласыз. Толығырақ.
— карточканың жарамдылық мерзімі 2020 жылға дейін;
— жеңілдік жасалатын тауар мен қызмет түрлері күн сайын арта береді. Ол үшін мына сайтты күнде қарап отырыңыз.

15 пікір

sdangylbayeva
Қазіргі таңда жұмысқа тұрған адам ақша табады, ал тапқан ақшаны үнемдеу әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан аталмыш жоба қазіргі заманның өзекті мәселесін қозғап отыр және одан пайдалы кеңестер алуға болады деп есептеймін.
MaratMaulen
Қолдағаныңызға, түсінгеніңізге рахмет.
Осы жобаға жазылған блогтар баршаға пайдалы болады деп сенемін!
AlmasNakhypbek
Карточка қаншалықты Қазақстанда өтімді екен?
qonyrbai
Алмас, сен бизнестің көзін тапсаң, бес мың теңгеге сатасың ба біреуге? :) Әлде үнсіз бизнесіңді ашып, бір жылда неше бес мың тапқан жақсы ма? :) Түсінген боларсың.
MaratMaulen
qonyrbai мырза, біз бизнестің қыр-сырын үйреніп, қазіргі таңда көптеген жобаларды жасап жатырмыз, яғни біз біреудің идеясына мұқтаж емеспіз. Керісінше осы байқау арқылы осында өзіңіз сияқты блогерлерге ақша табу мен үнемдеудің жолдарын үйреткіміз келеді. Әрбір байқауға қатысқан жазбаның астына өзіміздің осыған дейін жинаған тәжірибемізден келіп шығып, пікірлер жазып отырамыз.
MaratMaulen
Карточка Қазақстанның көптеген аймақтарындағы мыңнан аса қызмет пен тауар түрлеріне жеңілдік береді. Толығырақ мына сілтемеден мәлімет ала аласыз card.forlife.kz/index.php#index.php
AlmasNakhypbek
Карточканың қолдану аясы қаншалықты?
MaratMaulen
Карточка Қазақстанның көптеген аймақтарындағы мыңнан аса қызмет пен тауар түрлеріне жеңілдік береді. Толығырақ мына сілтемеден мәлімет ала аласыз card.forlife.kz/index.php#index.php
NurlanJanai
Blogtime-ның блогерлері, бұл байқауда өздеріңіз көп ізденесіздер. Сондай-ақ, ақшаға қызығушылық таныта бастайсыз. Ақша дегеніміз бизнес. Қазақстанның қазіргі ұстанған жолы – бизнесті, кәсіпкерлікті дамыту )))
MaratMaulen
Нұрлан Мырза, дұрыс айтасыз! Акша табуды білген дұрыс. Ең маңыздысы акша үнемдеуді де білген дұрыс! Себебі, коп адамдар айда орталама 90000 теңгедей алады. Әрине жаксы ақша! Бірак жетпейді! Күнге шакканда 3000 теңгеден айналады. Кәзіргі жағдайда 3000 ға ештеңке ала алмайсын! Кафеге досыңмен барсаң жетпейді! Ресторанды айтпайақ қойғанда…
Daniyar_Zhanys
Осы салада керемет блогерлер жиналады деп ойлаймын мен!!!
MaratMaulen
Рахмет Данияр мырза!
Лайым солай болсын! Себебі, бұл өзекті мәселені сіз блогерлер котермегенде кімдер көтермек?
Адамдардан Бай болу үшін не істеу керек десең, барлығының айтатыны көп ақша табу керек немесе коп жұмыс істеу керек дейді. Ешқайсысы үнемді болу деген сөзді аузына алмайды…
SUN
мен осы тақырып аясында жаздым .266 қаралым болды.жалпы, ол карточканы қалай алуға болады ?)деген сауал бар ойымда

Пікір қалдыру