Саналы Talks

Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады.
Ия, кешегі кішігірім идея, бүгін үлкен жобаға айналды жəне менің идеям осыншалықты ауқымды болады деп ойламадым. Ted Tolks атты жобаны əркез you tube тан көріп, неге біздің Тараз қаласында осындай жоба жасамасқа деген ой келді.
Сонымен «Еркін пікір» ЖҚБ — ның төрайымы Ақнұр Сəрсенбекпен ақылдаса отырып, «Саналы Tolks» атты жобанының тұсауын М.Х.Дулати атындағы ТарМУ — нің қабырғасында өткізген болатынбыз.
Облыс көлемінде жұмыс жасап жүрген ағаларымыз: Серікбол Берікқожа, Қосалиев Бауыржан ағаларымыздың ерекше көмегінің арқасында, тəй — тəй басып дамып келеміз…
Міне кезекті рет өткізілгелі отырған кешіміз, Тараз қаласында өз кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтарымыз өз ойымен, идеясымен бөлісетін болады.
Мекен — жайы: ТарМПИ, филология факультеті
Күні:21.12.2016
Уақыты: 16:00
Модератор: Бауыржан Қосалиев
Жоба авторы: Ерғали Əбуғали
#саналытолкс #еркінпікір #саналыtolks

0 пікір

Пікір қалдыру