Рэкетир-2: Көрмеу мүмкін емес фильм

Тизер не трейлер көргенше, «Фильм туралы» фильмді көріңіздер.



23 -мамыр күні Республика сарайында өткен режиссер Ақан Сатаевтың «Рэкетир-2: Өткен шақ шегінбейді» атты фильмінің тұсаукесеріне қатысқам. Мен бұл фильмнің бірінші бөлімін теледидардан көргем. Ол кездегі алған әсерім мықты болды. Өйткені ол кезде жас едім…

Көптен күткен күнге де жеттік. Жалғасы одан да қызығырақ, одан да шытырманды, криминалды болады деп күттім. Сенімді ақтады. Бірақ бұл бөлімде біріншісіне қарағанда драма өте көп. Жақсы әсер алдым. Менің ойымша бұрыңғы бірінші бөлімдей хит болмайтын сияқты. Кассалық табысты әкелуі мүмкін. Бірақ халық арасында бірінші рэкит секілді есте қалуы қиын.

Тұсаукесер басталмас бұрын әдеттегідей қонақтарды тегін сусын және тегін аспен қамтамасыз етті. Ауқат ұсынушылардың бәрі фильмде жарнамасы көрсетілетін мекемелер, яғни демеушілер (кейбіреулерін фильмді көргеннен кейін барып білдім). Lenova компаниясынан азын-аулақ смартфондар ұтысы ойнатылды. Сонымен қатар, жиналған жұрт кино актерлері және танымал тұлғалар мен суретке түсіп те үлгеріп жатыр.
Кеш басы «Фильм туралы» фильмді көрсетумен басталды. Аяқталғаннан соң үлкен концерт залына кірдік. Жүргізуші актерлер мен түсірілім командасын таныстырып, режиссерге сөз берді. Ақан өзінің осы күнге жеткеніне қуанып, осы фильмді түсіруде ат салысқан барлық жандарға өз алғысын айтты.

Ал енді фильм туралы айтсақ.
Кино: Рэкетир-2: Көрмеу мүмкін емес фильм
Бірінші картинадан аман шыққан актерлерді көрген керемет. Олардың жастары ұлғайған. Саян өзгерген. Жанұясы бар (екі ұл, бір қыз). Жаңа жас кейіпкерлер қосылған. Дастен мен Аружан өз рөлдерін жақсы ойнап шықты. Тіпті, кейіпкерлердің образы өздеріне жарасып тұр.

Тағы да Азамат Сатыбалдының рөлі де ерекше болды. Ол кісі осындай кейіпте бірінші рет көріп отырмын.
Максим Акбаров пен Аян Өтепбергеннің кейіпкерлері былай ойда мүлде қалмады. Олардың ерекшеленетін қырлары болмады. Онымен қоса, олардың соңғы жақта жасаған істері ерлік болса да, бәрі құр босқа кеткендей.
Кино: Рэкетир-2: Көрмеу мүмкін емес фильм
Фильмде жарнама тым көп. Бірақ оларды өте тиянақты бере білген. Сатайлықтар бұл саланы жақсы меңгергені анық байқалып отыр. Киноның таза коммерциялық тұрғыда жасалғанын Ақанның өзі де жасырмайды. Жалғасы болғанын қаладыңдар ма, міне!

Саундтректер ұнады. Молданазар, Луина, сәнді, жастарша, хит. БІрақ, бірінші бөлімдегідей есте қалатын саундтрек жоқ.
Кино: Рэкетир-2: Көрмеу мүмкін емес фильм
Фильмді қарап отырып, үшінші бөлімі болады-ау деген тұжырымға келе бастайсың. Сюжеттердегі әр тетік үшінші бөлімге жетелейді. Басты қарама-қарсы кейіпкер Жанның екі баласы бар: үлкені Альбина, кішісінің атын ұмыттым (Асылхан Төлепов ойнайды). Бұл жерде неғып інісі шыға келді. Қайдан ғана пайда бола кетті. Ал ол мүмкін үшінші бөлімнің басты кейіпкері болатын шығар. Форсаж 7 фильмдегі Джейсон Стэтхэм секілді кек қайтара ма? Ол да мүмкін. Пресс-конференция да Ақан Сатаев үшінші бөлімнің болатынын растады және оның идеясы да бар екен.

Жалпы фильмге барыңыздар. Кім не десін, о десін, бәрібір. Бұл өйткені көптен күткен фильм.

Пресс-конференциядан азын-аулақ бейне-роликті тамашалаңыздар!

3 пікір

ErzhanKhamitov
Тура осы посттың орысша аудармасы бар.
RayymbekToleugazy
бірінші рэкетир сияқты емес… біріншісі әлде қайда жақсы

Пікір қалдыру