Блог-Марафон байқауының ресми қорытындысы

1-мамыр мен 20-желтоқсан аралығында ұйымдастырылған «Блог-марафон» байқауы өз мәресіне жетті. Осы байқауға ат салысқан барлық блогерлерге «BlogTime.kz» блогтұғырының ұжымының атынан алғысымызды білдіреміз!
Корпоративтік блог BlogTIME CORP: Блог-Марафон байқауының ресми қорытындысы

Жүлде қоры:
1-орын: 1 000 000 теңге;
2-орын: 500 000 теңге;
3-орын: 300 000 теңге;
20 белсенді блогерге ынталандыру сыйлықтары беріледі.

Сонымен, 300-дей блогер қатысқан, 8 ай бойы сан түрлі жазбалар жазылған байқаудың жеңімпаздарын жариялайық!

320 жазба жазып, 53 994 ұпай жинаған AlmasNakhypbek 1-орынды жеңіп алды.
235 жазба жазып, 40 574 ұпай жинаған tomarlik 2-орынды иеленді.
217 жазба жазып, 18 970 ұпай жинаған maratkaniev 3-орынға орналасты.

Корпоративтік блог BlogTIME CORP: Блог-Марафон байқауының ресми қорытындысы
Жүлделі орындарды жеңіп алған блогерлерді құттықтаймыз!
Сайт ұжымы жеңімпаздарды марапаттау іс-шарасын форум, конференция, семинар-тренинг ретінде ұйымдастыру жағын ойластыруда. Ал іс-шараның өзін алдағы уақытта ақпан айында өтеді деп жоспарлап отыр.

Ал енді қалған белсенді 20 блогерді анықтау қалып тұр.

Құрметті блогерлер, ең белсенді 20 блогерді қандай критерий бойынша анықтауымызға болады?
Мысалы, номинациялар бойынша және т.б… Өз пікірлеріңізбен бөліссеңіздер!

16 пікір

Tazosh
Жарайсыңдар, жігіттер!
Алмас, Томарлық, Марат — барлықтарыңды құттықтаймын! Мерейлерің үстем бола бересін!


Номинациялар бойынша — "үздік оқырман," «жаңа серпін,» "үздік аудармашы" деген сияқтылар қалай болар екен?
Енді Тазошқа мүлдем номинация да жоқ екені айдан анық қой. Қоңырбай сынды қыртсыз Тазшаның да бір төбе болары сөзсіз-ақ еді, негізі.

Аманжанға «комикстері» үшін жеке номинация берсеңіздер екен және Берікке. Ганнибалды жеке шақырасыздар-ау енді. Күн қызына «оптимистік көзқарасы үшін» дегендей ма, жақсы номинация берсеңіздер екен. Гүлнұр Аханды ұмытып кетпеңіздер.
maratkaniev
Рақмет, Тазша бала!
SUN
Рахмет, Тазош !)
BerikDzhanabaev
Номинацияны ұйымдастырушылар өздері анықтамаса
maratkaniev
Негізінде Тәзөш-тің айтқан ойы құптарлық идея. Үздік 20-лыққа енген қолданушылардың блогтарының басым тақырыптарына қарай номинация таңдау керек.
BerikDzhanabaev
Не беретінін айтсаң жақсы болар еді дейм да оданда. Бәрі соны күтіп жүр ау осы
AlmatyJetkenbay
Қаралымы ең көп және бөліскендері осы жерде рекорд тоқтатқандарға. Ббір блог жазсада сапалы ппайдалы жазғанға берсін.
KhanagatNurbol
Мұндағы жазбалардың көбін ұйымдастырушылар жақсы білетін болу керек. Кім қандай бағытта не жазып жүргені де түсінікті болған шығар. Сондықтан ұйымдастырушылар өздері қоғамға, тақырыпқа, бағытқа сай тағайындаған жөн шығар. Әйтпесе мұндағылардың бәрінде өзіндік рекордтары бар болу керек)))
BerikDzhanabaev
Мiне менде осыны айтқым келген. Телефонмен шұбыртып сауатты жазу қиын болды тек
SUN
оны осы порталдың адамдары шешпесе) әйтеуір, осы 20 топ ішіне енген әр блоггердің еңбегін сараптап, дұрыс шешім шығарса болғаны. шынымды айтсам, маған блоггерлермен оффлайнда кездесу қызығырақ болып тұр)☺☺☺
maratkaniev
Сол бәрімізгеде қызық болып жүр, Күн қызы...
BerikDzhanabaev
Офлайн демекші, Алматыга жақын жердегiлерге рахат. Бiз сол жұмыста жүрміз шыбын шыбын болып. Кездескендерiн жақсы негізі. Отырыңдар, жуындар!
maratkaniev
Қыстыгөні қаяқтың шыбыны? Жұмысыңды реттеп сенде келсең жақсы ғой. Айтқандай, Маңғыстаудан екеуміз-ау деймін…
BerikDzhanabaev
Сары қазақта Мангыстаулык
maratkaniev
Үшеуміз бірге барады екенбіз-ау, әәә…
AmanzhanAdilzhanov
Бәріңді құттықтаймын! Ұтыс иегерлері ұтыстарыңды дұрыс жағына жұмсасаңыздар деймін!

Пікір қалдыру