Роберт Кийосакидің инфографикасы

Бизнес саласындағы оқыған ең алғашқы кітабымның авторы, кітаптың аты – Богатый папа, бедный папа. Сіздерде оқыған боларсыздар. Кітаптан оқығанымды, өмірден түйгенімді өз күнделік блогыма жазып қояйын.
Роберт Кийосаки – америкалық миллионер, бірнеше бестселлер кітаптың авторы, Гавай аралында туып өскен американдық жапон.

Бай әке, Кедей әке. Кітаптың олай аталатын себебі: Туған әкесі білім министрі болған, министр болған соң, табысы да жаман емес, кедей деуге келмейді, бірақ бұл жерде кедей сөзі басқа мағынада қолданылған, оны төменде жазып кетемін. Ал бай әке деп отырғаны, досының әкесі, әке деп айтатын себебі, кішкене бала күнінен білгенін үйретіп, тәлімгері (наставник) болған. Кішкене күнінен бизнеске бейімделген Роберт, алған, білген білімімен, тәжірибесін бөлісіп, миллиондаған адамның бизнеске деген көзқарасын өзгертті, көзін ашты.

Бизнес немесе жалданып жұмыс жасаудың айырмашылығын көрсететін, өте сәтті шыққан түсіндірмесі «Ақша ағымының квадранты».
Бизнес & Мен: Роберт Кийосакидің инфографикасы

Бұл квадрантты 4 секторға бөліп көрсеткен, яғни ақша табудың 4 бағыты. Кім қандай жұмысынан, еңбегінен ақша табуы көрсетілген.

Сонымен:

1. Сектор Е – Біреудің қол астында – жеке меншік болсын, компанияға немесе мемлекеттік мекемелерде қызмет ететін, жалданып, жалақыдан жалақыға жұмыс жасайтын, адамдардың тобы. Бұл топқа жататындар: Трактористтен бастап, құрылысшы, мұғалім, дәрігер, директор, бас директорлардың өзі осы топқа жатады.

2. Сектор S – Специалисттер, демек бұл топта, басқа біреуге жалданып жұмыс істемейтін, ақшаны өзі қызмет көрсету арқылы немесе сауда саттық арқылы табатын адамдар. Олар: жеке кәсіпкерлер, фотограф, тамада, әнші, адвокат, деген сияқты қызмет көрсетіп ақша табатындар.

3. Сектор B – Бизнес. Бұл жерде системасы автоматтандырылған орта және үлкен бизнес құрған адамдар, компания жатады. Демек бұл компания, иесі жоқ болсада қызмет жасап, ақша түсіп тұрады.

4. Сектор I – Инвесторлар. Ақшасын белгілі бір проектілерге, компания активтеріне, бизнес-жобаларға құю арқылы бірнеше жыл ішінде, сол ақшаны бірнеше есе өсіріп, финанс портфелін құрған адамдар.
Суретте көрсетілген квадранттың сол жағындағылар ақшаға жұмыс істейді.

Сектор Е – айлықтан айлыққа дейін, белгіленген бір ақысын алып амалдап жүргендер. Егер бірнеше ай жұмыссыз отырып қалса, оларға келіп жатқан ақша болмайды. Өмір сүру үшін, жүріп тұру, ішіп, киіну үшінде ақша керекқой. Ешқашан уақыттары болмайды, өйткені үнемі жұмыс жасаумен күндері, жылдары өтеді. Сондағы алатыны, бір айлық шығын өтейтін ғана ақы. Тоқтап қалса, өлумен тең. Мысалы: Артынан жау қуып келе жатқан адам сияқты, егер тоқтаса өледі, сондықтан қанша шаршаса да, қиналса да қашу керек. Ұраны: Ақша жоқ, уақыт жоқ.

Сектор S – бұл топта солай ақшаға жұмыс істейді. Жеке шағын бизнестері бар, өздері сол бизнесті басқарады. Егер бірнеше айға демалыстап кетіп қалса, бизнес әрі қарай дамып, ақша түсіріп тұрмайды, конкуренция өте көп. Бұл топтағылар үлкен мұхиттағы кішкене балықтар сияқты, өз ұясынан шығып үлкен теңізге кетсе, акулалардың жемтігі болады. Акула деп – үлкен бизнесті айтып тұрмын. Ұраны: Ақша бар, уақыт жоқ.
Ал квадранттың оң жағындағылар система құрып қойған, өздері жоқ болса да, үнемі ақша түсіп тұрады, бизнесі дами береді.

Сектор B – Бұндағы адамдар үлкен бизнесі болса да күніне 24 сағат қолдары бос, барам деген жеріне барады, қанша айға болса да, солай бола тұра шоттарына минут сайын ақша түсіп тұрады. Өйткені олар құрған жүйеде командадағы адамдары оның орнына жұмыс істейді. Бұлар бизнестегі акулалар. Ұраны: Ақша бар, уақыт бар.

Сектор I – бұларда бизнесмендер сияқты 24 сағат қолдары бос, сонымен қатар ақшасы өсе береді. Өздерінің финанстық жүйесін құрып алған. Көбіне үлкен бизнестің жұмысы осы инвесторларға тәуелді. Өйткені үлкен бизнеске ақша құятын осы адамдар. Ұраны: Ақша бар, уақыт бар, билік бар.

Бизнес & Мен: Роберт Кийосакидің инфографикасы

Әлемде 7 500 000 000 адам бар, соның 80 %-і сол жақ квадрантта болса, оның 70%-і жалдамалы жұмыста, 10%-ы жеке кәсіп, спциалисттер.

Әлем халқының тек 20%-і ғана үлкен бизнеспен және инвестициямен айналысады екен. Сол 20%-дың ішінде көбі бизнеспен айналысатындар, тек 5%-і ғана инвесторлар.

Суреттен көріп отырғаныңыздай, әлемнің жартысынан көп бөлігі сол жақ квадрантта бола тұра, ең көп еңбек ететін осылар болса да, ең аз ақша алатында осылар. Әлемдік капиталдың тек 20%-і ғана тиесілі, жалпы барлығын қоса есептегенде.

Ал оң жақтағылар, жасайтынын кезінде жасап алған, қазір ойнап күліп, қыдырыстап жүріп-ақ әлемнің 80% ақшасын иелеп отыр.

Әр топтың менталитет бойынша айырмашылығы:

Сол жақтағылардың менталитеті: Ойлау қабілетін көп жұмыс жасатқысы келмейді. Тек көріп тұрған нәрсеге ғана сенеді, көрінбейтінге енбейді. Өзінің жұмысына қарағанда, біреудің, үкіметтің жұмысын көп жасайды. Армандайды, бірақ жәй армандау керек болғандықтан армандайды, орындау, жету керек болғандықтан емес, арманына жете алатынына сенбейді. Өмірінде болып жатқан сәтсіздіктеріне, айналасындағы адамдарды және үкіметті кінәлайды. Үнемі көңілсіз жүреді, барлық жағдайға негативпен қарайды. Алдына қойған мақсаты жоқ. Байлардың бәрі бандит, адал жолмен баю мүмкін емес деген ойда. Күнделікті айтатын әңгімелері: Көршісін, туысын жамандау, талқылау, бір-бірінің кемшілігін айту, теледидардан, сериалдан көргенін талқылау. Барлығы емес әрине, басым көпшілігі. Бұл топтағыларда көп ақшасы, дүниесі болсада, кедей деп саналады. Ол ақшасына байланысты емес, менталитетіне, ойлау қабілетіне, санасына байланысты.

Оң жақтағылардың менталитеті: Көбіне ойлау қабілетін арттырып, өзін-өзі дамытумен айналысады, түрлі кітаптар оқып, өзіне керек жақтарын өмірде қолданып отырады. Көп армандайды және сол армандарына жету үшін анық мақсат қояды. Өзін көңілді ұстауға тырысады, айналадағы жағдайдың бәріне позитивпен қарайды. Күнделікті айтатын әңгімелері: Жаңа идеяларды талқылайды, бизнеске қатысты, өзін дамыту сияқты әңгімелер. Барлық дүниесін, ақшасын жоғалтып алсада, өртеніп кетседе, бұл топтағылар бай деп саналады. Өйткені оқыған білімімен, жинаған тәжрибесі арқылы, қайтадан жағдайын жасай алады.

Бай болу не үшін керек?

Бай болу не үшін керек, ақша қолдың кіріғой. Тұратын үйім, ішетін тамағым, денсаулығымыз аман, туыстарым тірі жүрсе, тату-тәтті өмір сүрсек жетеді маған деп ойлайды көп адамдар. Бірақ қанша солай ойласа да өмірінде көп қиыншылықтар болып жатады. Солай ойлай тұра ақша үшін бір-бірін қырып жатады. Неге??? Өйткені заман өзгерген сайын, барлық жағдайын жасау ең соңында ақшаға келіп тіреледі.

Ақшамен денсаулық сатып алмайсың – бірақ қажетті дәрі, ем-дом сатып аласың, ота жасатасың.
Ақшамен бақыт сатып ала алмайсың – бірақ өзіңді бақытты сезінуге қажетті арманыңдағы дүниелерге ие боласың.

Мен осы жазбада, біреуді төмендету, кемшілігін бетіне басу үшін емес, алға қарай ұмтылып, өмірін жақсарту үшін қадам жасап, алдына мақсаттар қойып, бизнес жасауға шақыру үшін жазып жатырмын. Жоғарыда сол жақ топтағылар туралы қаншалықты жаман жазылсада, бұның бәрі шындыққой. Қазіргі күні біреудің қол астында жұмыс жасап жүрсекте, арманымыз, мақсатымыз, ойымыз жеке бизнес ашу болуы керек.

Жеке бизнес тек, жеке басының мәселелерін шешу үшін ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына әсері тиеді. Еліміз қазір тек шикізат сатумен ғана халықты қамтамасыз етіп отыр, шикізатта мәңгілік емес, бір күні таусылады. Халыққа берері қалмайды, сондықтан үкіметке сеніп, аузыңды ашып отыра беруге болмайды. Европаның, Азияның көп елдерінде мүлдем шикізат болмаса да, біздің елден әлде қайда жақсы өмір сүреді. Мысалы бір ғана Сингапурды айтуға болады. Өйткені онда бизнеспен көпшілік адам айналысады. Мемлекетке салық түседі. Өндірістер ашып, шетелге шығарса, импорт азайып, экспорт көбейгенді елдің табысы да жақсарады, халықтың жағдайыда жақсарады, адамдардың бақытты болу индексіде артады.

Сондықтан президентті жамандап отыра бермей, іске кірісуге шақырамын.

Ойларыңыз болса төменде пікір жазып, бөлісе отырыңыз.

3 пікір

DzhakaSpring
Мен де былтыр осы кітапты оқып шыққан болатынмын. Бірақ өкініштісі жалданып жұмыс істейтіндер топбына бір жыл болды қосылдым. Алғашқы жұмыс тәжірибем, алғашқы жұмыс орным пайда болды. Бірақ адам бұдан жалығады екен.
RaushanTaupikova
кыз балага киын сиякты барибир, осындай ер-азаматтар коп болса
NurbergenZhantore
иә қыздарға міндетті емес. отбасына қарап, баласын бағу басты міндет.

Пікір қалдыру