Миллионер боламын емес, болайық!

Бірлік туын желбіреnіп, алға тартайық....
© Алмас

Бизнес & Мен: Миллионер боламын емес, болайық!

Салем вертуалды өмірдегі оқырмандар мен достарым!(Адамдар оқиды ма мені?! Құдай біледі..) Наурыз мейрамын қалай өткіземіздің ішіндегі 8-наурызға қыздарға не береміз мәселесі шынымен басымызды ауыртатын жағдай болды. Алайда, шүкір ол бір күндік төңкерілісті де олай, я бұлай өткіздік. 20-наурыз келе жатқан сайын, менен сұрақ сұрайтындар көбейіп кетті. «Шынымен, миллионер болдың ба?», «Ақшаны қайда жаратасың?», т.б. Сол туралы тіс жарайын…

Мен өзімді дәл сондай бір миллионер адам сезінбейді екенмін, сөздің ашығы. Тек, 8 ай еңбек пен 4 ай күтудің жобасында міне мәренің иісі де шыға бастады. Алайда, мен толғандыратын басқа нәрсе бар. Фантастикалық ойымдағы жоба іске асатын болса, кез-келген еңбегімен тер төккен азамат миллионер бола алады. Оған нық сенемін.

Жалпы, миллионер болу — еңбек пен үлкен мақсатты керек еткенімен, одан бөлек бірлік пен ауызбіршілікті қажет ететін сала. «Мен миллионер боламын» деген қатаң өмірлік принциптен «Біз миллионер болайық» қағидасына көшу керек. Қаншалықты жұрттың баласын ойласаң, соншалықты өзіңді ойладым деген тұжырымды зерттеп, соған сену керек екенін осы күндері түсініп отырмын.

«Алаған қолым береген»

Нақыл сөз орынды айтылған. Қаншалықты алғаныңмен емес, қаншалықты бере алғаныңда мән жатыр. Білім, уақыт, сабыр, мағына, көңіл деген түсініктерді басқаларға берген сайын, еселеп келетін бақыт тамшыларына көміліп қаласың.

Бизнес & Мен: Миллионер боламын емес, болайық!

Неге мен емес, біз?

Универді барлығымыз оқыған шығармыз. Оқып жатқандарымыз да бар. Сол универде көбінесе бірлікпен жұмыс жасамасаң, қалып кету мүмкіншілігің өте көп. Қанша жерден білімді болсаң да, барлық білімді игеру мүмкін емес. Әркім өз білетінімен бөлісіп, жалпы топтың дамуына әсер етсе, ол адамдардан бір нәрсе шығады. Сондықтан болар, қазақ атамыз, «Бірлік – түбі тірлік» деген.

Бизнес & Мен: Миллионер боламын емес, болайық!

Тарихымыздан үзінді


751ж. Атлах шайқасы. Бірлік пен ауызбіршіліктің туын желбіретіп келген арабтармен бірігіп, Қытайға қарсы соғыспағанда, қазақ елін бұл күндері қытай тайпаларының арасынан таппай қалатын бе едің?!

Үш жүздің басын біріктірген Төле бидің де, мықты ұстанған негізгі принцібі сол бірліктің нышаны еді. Олай болмағанда, Жоңғар бауырларымыздың артынан біз де кетер ме едік?

1837-1847 жылдар аралығы. Қазақ ханы Кенесары Қасымұлының бірлік туын ұстап, Ресей империясының отарлауына ұзақ уақыт қарсы шығу себептерінің бірі де, осы ауызбіршілік еді.

1986ж. Қызыл алаңға жастар бірігіп шықпаса, үлкен өзгерістерге қазақ халқы шыдай алар ма еді? Басымызға қойып берген Колбиннің санасында не пиғылдар болғанын кім білсін…

Тарих сахнасынан біріккен халық әрдайым дегеніне жетіп, өз тағдырын дұрыс жолда шеше алғандығын көре аламыз. Сол бабалардың әрекеттерінен неге үлгі алмасқа, деймін ғой мен…

Бизнес & Мен: Миллионер боламын емес, болайық!

Сайттармен бірлікте жұмыс жасайық!

Қазақстандағы казнеттің фундаментін құруға ат салысып жүрген сайттар көп. Мысалы:
kerekinfo.kz blogiada.kz blogtime.kz massaget.kz blogus.kz aitaber.kz (Бұл тек менің ғана білетіндерім..) Солармен бірге үлкен шараларға жауапкершілік алу керек деп ойлаймын. Күнделікті не ішіп, не жегеніңді, қалай қыдырғаныңды қара сөзбен жазып, соны блог деп ойласаң, қателесесің. Себебі, сенің блогыңнан бір жаңа нәрсе үйренетін адамдар коэффициенті өте аз. Блог – пайдалы бір ақпарат қамтитын БАҚ әлеміндегі құжат деп қабылдайық.

Бизнес & Мен: Миллионер боламын емес, болайық!
Бизнес & Мен: Миллионер боламын емес, болайық!

Бизнес & Мен: Миллионер боламын емес, болайық!

«Біздің Шымкент жақта, бірінші – жастардың махаббаты. И одан кейін барып – ақша..»
© Нұржан

Шаншар әзіл-ысқақ театры

Бизнес & Мен: Миллионер боламын емес, болайық!

Нұржан ағамыздың айтқанындай, бірінші үлкен жобаларға деген қызығушылық пен жауапкершілік. И одан кейін барып артынан келетін миллиондар мен сыйлықтар. Еңбегің ақталуы үшін сапалы қылып жазу керексің. Саннан сапаға көшетін уақыт жеткен баяғыда. Тек, қателік өзімізден. Кітап ашып үйренбеген сияқтымыз. Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтады:

«Білім — кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады.»
толығырақ

© Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Бизнес & Мен: Миллионер боламын емес, болайық!

Мысалмен бекітейік

Үлкен бір жиналыста 500 адам жиналып, маңызды бір конференция өткізіп жатқан көрінеді. Адамдар арасында келіспеушіліктің шығайын деп жатқандығын сезген кезекті доклад жасаушы, барша халықтың назарын өздеріне аудартып, оларға қолдарына бір-бір шардан алуын қалайды. Мұның мағынасын түсінбеген көпшілік, аң-таң болып, ары қарай не болатынын қызығып күтті. Доклад жасаушы олардың қолдарына қалам (маркер) беріп, өздерінің аттарын (есімдерін) жазып, шарларды бір үйіндіге тастауларын өтінді. Осылайша, адамдар өз есімдерін жазып, шарларды араласытырып тастады. Арада, көп уақыт өтпестен, доклад жасаушы оларға сол базар болып жатқан үйіндінің ішінен өздерінің шарларын табу керектігін айтты. Арада, бір сағат өтсе де, өзінің аты жазылған шарды табу қиынның қиыны еді. Мәселенің өзектілігін түсіндіргісі келген доклад жасаушы, енді әркімге үйінді ішінен бір шарды алып, оны аты жазылған иесіне беруді талап етті. Сол-ақ екен, аз уақыт ішінде зал ішінде барлығы есімі бар шарларға қауышты. Бұл әңгімеден шығатын қорытынды мораль:

"Өзге адамға мән бергеніңде, саған мән беріледі,
Өзге адамға жан бергеніңде, сен үшін жан беретіндер де табылады… "
© Алмас

6 пікір

lgm
Тамаша, Алмас!
AlmasNakhypbek
Тамаша болғанда, жаңа идея, қосылатын ой айтсаңыздаршы. Барлық айтқан тілектерге қосыламын деген тойдағы әңгіме болмасын)))
kobe
Қолдаймын!
DinaAbdigalieva
Алмасм аға, маған бәрінен сайттармен бірігіп жұмыс істеген қатты ұнады. Неге? Себебі кейде керемет жобалар жайлы білмей қалуымыз мүмкін. Сол себепті бір-бірімізбен бөлісіп отырсақ, жұртшылыққа да тиімді болар еді.
AlmasNakhypbek
ИЯ, өте дұрыс айттың! Бөлісіп отырайық! Менің вк даласындағы парақшама жазылып қойыңдар! Алмас Нахыпбек

Пікір қалдыру