Кәсіпті сүю - құндылық

Біздің қоғамда пәленшенің жұмысы жақсы, түгеншенің мамандығы мәнсіз деушілер көп. Өз ісінен ләззат алып, сүйсініп істейтіндердің саны сирек. Өзім де жұмысыма деген құлшынысты тудыру үшін себепті әр нәрседен іздедім. Сөйтсем, Стив Джобс айтқандай өзгеріс (ол әлемді өзгертуді қалады және мақсатына жетті) керек екен, дүйсенбіде спортзалға барамын, келесі айдан бастап, пайдалы іспен айналысамын деген глобалдық өзгеріс емес, жай ғана жұмыста жүрген өзіңді өзгерту…


Бір кітапқа көзім түсті. Әдетте басындағы бес бетін оқып, жаба салатын мен бір отырғанда біраз бөлігіп оқып тастадым. Адам белгілі бір жұмыс орында жүргенде көбіне маған ештеңенің қатысы жоқ, барлық шаруаны шеф шешеді деп сол жалақысын алып жүре беруге дағдыланған. Онысы да дұрыс, себебі біздің елде көбіне “инициатива наказуема” демекші, бірдеңені бастап, бүлдіріп қойсаң, бастамаңды жазалауға бастық барын салады.

Әсілі, жаман жұмыс жоқ, жаман жұмысы көп. Көшедегі аула сыпырушы да өз жұмысын сүйсініп істесе, оның өмірі мәнді де сәнді болар еді. Бүгінгі блогтағы жазбамның кейіпкері Фред деген жігіт болмақ. Ол бір үлкен кәсіпкер немесе дарынды жазушы емес, жай пошташы болған. Бір қарағанда қазаққа “барып кел, шауып кел” жұмыс көрінгенімен, Фред өз ісі арқылы жұртқа қуаныш сыйлауды мақсат қылады.

Мартин Лютер Кинг:

“Адамның маңдайына көше сыпырушы деп жазылған болса, ол –Микеланджело сурет салғандай, Бетховен музыка шығарғандай, Шекспир сонетті жазғандай беріліп, барын салып, көшені сыпырар болса, бүкіл аспан және жер әлемі “Мінекей, қарашы, қандай керемет аула сыпырушы, өз жұмысын керемет істейді” деп айтар еді”.

Бизнес & Мен: Кәсіпті сүю - құндылық

Менің жұмыс істеуге жағдайым жоқ, жұмысқа баруға машинам жоқ, қолға ұстайтын смартфоным жоқ дегеннің бәрі далбаса екенін Фредтің мысалында жоққа шығаруға болады. Себебі адамның жағдайы оның қалай жұмыс істеуіне әсер етпейді, керісінше адамның қалай жұмыс істегені оның жағдайына қатты әсер етеді. Фредің қолында ешқандай ресурс болмады, үстінде көк форма мен қолында қарапайым хат салатын сөмкесі ғана болды.
Ке келген жұмыста жұмысшы немесе бизнесменнің клиентке құрметі құндылық болу керек. Адам бар ынтасын, талантын, уақытын сол құндылыққа жұмсайтын болса, онда Фредің жетістігі қайталанады. Ақшамен немесе басқа да дүниелермен клиент разы болмайды, клиентке сапалы өнім, қызмет пен көтеріңкі көңіл-күй керек. Оны үйрену үшін көп ақша қажет емес, тек қана өз жұмысыңа, мамандығыңа деген сүйіспеншілік болса ғана жеткілікті. Фред Смиттің қазіргі таңда кім екенін жұмбақ қылмай оның кім екенін қысқаша айтайын, қалғанын Уикипедиядан оқып аларсыздар.

Бизнес & Мен: Кәсіпті сүю - құндылық

Фред Смит – атақты америкалық әлемде алғаш рет экспресс жеткізу қызметін жолға қойған кәсіпкер. FedEx (Federal Express) компаниясының негізін қалаған.

1.06.2014 #ПП #КК

1 пікір

PerizatDurzhanova
Жумысты бастар алдында адамда сол жумысты истеуге деген ниет пен ынта болу керек, содан кейын гана жумысты берилип истей аласын. Бул менин жеке ойым.

Пікір қалдыру