Google Motorola-ны сатып жіберді

Осыдан 2.5 жыл бұрын Google компаниясы Motorola Mobility компаниясын 12.5 миллиард долларға сатып алғанда, интернет-компаниялардың ішіндегі ең үлкен және сәтті келісім болды деп ойлаған едік. Ал қазір Google қазір бұл қадамның ең үлкен қате болғанын мойындап отыр және Motorola-ны Қытайдың Lenovo компаниясы бірнеше есе арзан, 2.9 миллиардқа сатып жіберді.


Google мен Motorola-ның жұмыс істескен 2 жылда көп мобильді телефондар шыға қойған жоқ. Бар жоғы екі-ақ телефон: Moto X және Moto G сатылымға шықты. Алайда ешқандай танымалдылыққа ие болмады.
Motorola патенттерінің көп бөлігін және ғылыми бөлімін пайдалану құқығын Google өзінде сақтап қалды. Сондықтан Google Motorola-ны арзан бағаға сатып отыр.

Motorola-ны сатып алған Lenovo жаңа нарыққа есік ашты, компания кейінгі кезде осындай табыстарға қол жеткізуды жиілетті. Жақында ғана IBM компаниясының серверлік бөлімін сатып алған болатын.

Ал Google алдағы уақытта не істемек? Осындай ірі активті сатып жіберген интернет-алып басты назарын Android платформасын дамытуға аударады.

0 пікір

Пікір қалдыру