Ешқашан берілме!!! (Дональд Трамп)

Қиыншылықтарды жеңу, сынақтардан сүрінбей өту әрбір пенденің өмірдегі басты мақсаты және ұстанымы. Ешқашан берілгіміз және жеңілгіміз келмейді. Бірақ осының бәрін жасап жатырмыз ба? Қалауымыз орындалып жатыр ма?

Күнделікті өмірде біз көптеген келеңсіздіктерге тап боламыз. Сынаққа шыдамай өмірге жеңіл қарап, қанша адамдар сынып жатыр. Өзін керексіз бір адам ретінде сезініп, түңіліп кететін адамдар да болады, солай емес пе? Тіпті, бастамай жатып, қол сілтейтіндер де жеткілікті. Ондайларды «Жаңбыр жаумай су болғандар» деп жақсы келтірген. Бұның бәрі ненің салдарынан деп ойлайсыздар? Егер үлкен жетістікке қол жеткізем десеңіздер, көптеген кедергілерге қарсы тұруды үйренгілеріңіз келсе, бүкіл әлемге өзіңіздің қандай мүмкіндікке ие екеніңізді көрсеткіңіз келсе, Отан мен ата-ана алдындағы борышыңызды орындағыңыз келсе, онда әлемді мойындатқан АҚШ-тың ең ірі «Trump International» құрылыс корпорациясының қожайыны, миллиардер Дональд Трамптың «Ешқашан берілме!» атты еңбегінінің кейбір тұстарын назарларыңызға ұсынамыз. Жазбадан мотивация алатындарыңызға сенімдемін.

Бизнес & Мен: Ешқашан берілме!!! (Дональд Трамп)

Өмірде адам басынан қиыншылық өтпей қоймайды.
Бұл сөзіммен бәрі келісер... Қандай сынақ болмасын оны бастан кешірген адамдар бір-бірін жақсы түсінеді. Бір жазушы айтып еді: бұл жерден әлі ешкім тірі кеткен жоқ деп. Мүмкін артық айтқан шығармын, бірақ қарыздарыңыз миллиард доллар көлемінде болғанда, басқаша ойлар едіңіз. 90-жылдары менің өз кепілдігіммен алған қарызым 975 миллион болды. Банкорт болдым, банктер кудалады, адамдардың барлығы мені көрсе ат тонын ала қашатын. Тоқырау кезеңі еді, жылжымайтын мүлік нарығы уақытша өмір сүруін тоқтатты. Бір сөзбен айтқанда, қайғылы кездер болды. Радиостанциялар бұл жаңалықты жедел таратты. Барлығы тек менің империямның құлағаны туралы айтып жатты. Ол әлем жаңалығына айналды, бір ауыздан барлығы «БІТТІ!» деді. Әрине, бұл керемет жаңалық болар еді, менің орнымда басқа біреу болса! Өмірімнің өте қиын кездері... Кінәм, өзімді сәл жетістікке жеткеннен соң, патша Мидас сезініп кеткенім болды. Ақыры мені құртқан өзімшілдігім болды.

Дегенмен беріле салу менде жоқ қасиет. Осының соққылар мен айтылған сын-пікірлердің арқасында мен сол сәтсіздікті жеңдім. Бұрышқа мені итерген сайын, жоғалтқанымды еселеп қайтаруға деген құлшынысым күшейе берді. Өз ұстанымымда берік тұру, табандылығым, күш-қайратым, алға қойған мақсатқа қайтсем де жету, берілмеу арқылы ғана олардың қателескенін мойындата алатынымды түсіндім. Осы кезде маған не күш берді? Сенесіздер ме, осы келеңсіз жағдайды сәтті мүмкіндік ретінде көрдім. Барлық мені көре алмағандарға, сыншыларыма, бәріне менің алдыңғы жетістігім кездейсоқ нәрсе еместігін, менің ойыммен санасу керек екенін дәлелдегім келді. Осыдан алған өмірлік сабағым — ойыңызды проблемаға емес, оның шешіміне жинақтау.
Мені «Гиннестің рекордтар» кітабына түседі деп ойладыңыздар ма? Жоқ, бірақ менің ол кітапқа есімім 1990-жылдардағы қаржылық құлдырауға байланысты енген. Мен бұны мақтан тұтамын. Бұл жағдай маған атақ пен даңқ сыйлады.
Көптеген жандар тығырыққа тірелгенде, сәтсіздікті олардың тағдыры деп есептейді. Ең басты құпия — мықты жігердің және асқан төзімділіктің басым болуы. Себебі кез-келген проблема – біздің өміріміздің жартысы. Келісесіздер ғой? Проблемалар арқылы ғана өзімізді шыңдап, жетістікке жете аламыз. Егер сіз бизнес ашуға дайын болсаңыз, сізге ешқандай кедергілер мен күмәнді шешімдер қорқыныш тудыра алмайды. Сіздің жағдайыңыздан да, иә, сіздің дәл қазіргі күніңізден де нашар күйдегі адамдар да өмір сүріп жатыр бұ әлемде. Шын айтамын, жан-жағыңызға қараңыз, сізден де ауыр күнді бастан кешіп жатқан адамдар бар. Ең дұрысы, ондай жағдай туа қалса, өзіңіздің мүмкіндіктеріңіз бен күшіңізге сену керек. Бұл тірі қалудың немесе жетістікке жетудің амалы емес, бұл — сіздердің міндетіңіз!

Бизнес & Мен: Ешқашан берілме!!! (Дональд Трамп)
Бәрі сіздің қолыңызда!!! Өзгелерге әрқашан басқа адамдардың ойын тыңдай біліңіздер, ал шешімді өздеріңіз қабылдаңыздар деймін. Интуицияңызды ескермеуге болмайды. Алайда, тәуекелге бас тіккенде, одан шығатын нәтиже соған тұрарлықтай болсын!!!
Әрбір мәселенің шешімін дұрыс тауып, не істеп жатқаныңызды нақты білуіңіз керек. Егер жағдай сіздің жоспарыңызға қарама-қайшы келіп жатса, «Бұл не? Келеңсіз жағдай ма, әлде трагедия ма?», — деген сұрақ қойыңыз. Біз Чикагода 2,7 миллион шаршы фунд 92 қабатты 800 миллион долларды құрайтын жоба жасадық. Оның құрылысы барысында көптеген қиындықтарға тап болдық. Бірақ жоба таңғажайып құрылыс болып қала бермек. Сіздер жаһандық жоба жасау барысында қиыншылыққа тап боламын ба деп ойласаңыз? Иә. Ал бұл қиыншылықтарға шыдамай, бағытыңызды бұрып жібересіз бе? Қандай жағдай болмасын, өз жолыңыздан таймаңыз!
Шығармашылыққа деген талпынысыңыз барлық қиындықтарды жеңеді. Алдыңызда дауыл, тасқын күтсе де, жұмыстан шығарып жіберсе де, не жанжал болса да, сіз оларды жеңе аласыз! Себебі, сізде тегін сақтандыру полисі бар, қандай дейсіздер ғой, әрине, ол — сіздің берік ұстанымыңыз «Ешқашан берілмеу!».

Шайқасқа дайынмын!
Сохо Нью-Йоркте орналасқан, шағын ғимараттармен салынған аудан. Бұл территория қатаң муниципалды ережелерге бағынады. Мақсатым — бұл жерде XXI ғасырдың қонақ үйін салу болды. Жер өте ыңғайлы. «Трамп Сохо» деп аталған 45 қабатты құрылысы 450 млн долларды құрайтын кондоминиумды жергілікті тұрғындар қарсылықпен қабылдады. Әрине, біз оған дайын болдық! Жоба бүкіл майда-шүйдесіне дейін ашық көрсетіліп, біздің құрылыс Сохоның аудандық заңының бүкіл талаптарына сай болды, ақыры бір жылдан кейін рұқсатқа қол жеткіздік. Қиындықтар біз ойлағаннан да көп еді. Бұл ірі көлемді жоспар, алайда біз де оны жүзеге асыра алмайтындай әлсіз емеспіз! Жайсыздық — өмірлік жағдайлардың бірі. Оны наразылық пен түңілу деп емес, өз күштеріңізді көрсетуге деген шақырту деп қабылдаңыз. Проблемалардан әрдайым жоғары тұра біліңіз, өзіңіздің құқығыңызды қорғауға әрқашан дайын болыңыз, сонда ғана бәрі жақсы болады!!!
Ешқашан берілмеудің арқасында адамдарға қол ұшын бере аласыз! Кейде біреуге бірдеңе беру арқылы тағы бір талантыңызды ашуға мүмкіндік береді. Қарапайым мысал келтірейін, жылда мен сурет салып, шетіне қолтаңбамды қойып, оны аукционда сатамын. Кейін түскен ақшаны Нью-Йорктағы аш халыққа таратып береміз, бір сөзбен қайырымдылық қорын көптеп ұйымдастырамыз. Бұл қаражатты айтпағанда, уақытты да, үлкен күш-қайратты да талап етеді. Бірде менің танысым, бұның бәрі саған не үшін қажет дегенде: «Өйткені, ол менің қолымнан келеді!», — деп жауап бердім. Ойлап көріңіздер, «Өйткені, мен оны істей аламын!» қандай керемет сөз. Егер де Сіз ұстанымыздан қайтпайтын адам болсаңыз, бір күні басқаларға да қол ұшын бере аласыз, осыны ұмытпаңыз!!!
Бизнес & Мен: Ешқашан берілме!!! (Дональд Трамп)

Проблеманың бар екенін ұмытпаңыз, сонда ғана санаңызда алаңдатушылық тумайды. Бұл сөздерді ылғи қайталап тұрған жөн. Үлкен мақсатқа жету үшін көп тер төгу керектігін ұққан шығарсыз. Жобаңыздың масштабы қаншалықты үлкен екендігі маңызды емес, бастысы келеңсіз жағдайлардан қашып құтыла алмайтыныңызда. Сіздің тегіңіз мейлі Трамп, не басқа болса да, жетістікке жетудің басты жолы қиындықтармен күресе білу. Дайын болыңыз!
Наразы топқа қосылмаңыз, жетістік тек сіздің қолыңызда! Қазір бір келеңсіз жағдайға тап болдыңыз делік. Сіз жалғыз емессіз, оған сенімді болыңыз! Наразы топқа қосылу, қосылмауыңыз сіздің позитивті көзқарасыңызда. Жағдайды бақылаудан өткізсеңіз, кімнен көмек сұрау керектігін түсінесіз, әрине, ол өзіңізден! Сіз тағы баға жетпес жаңалық ашасыз, жетістіктің, бақыттың, күш-қуаттың, денсаулықтың кепілі ол тек мына — өзіңіз!
Ешқашан, ешқашан. ешқашан, ешқашан, ешқашан, мейлі үлкен не кіші болсын, жай шаруа яки ұлы шаруа болсын, ешқашан, қандай жағдай болмасын, дұрыс шешім мен ар-ұяттан басқа ештеңеге берілмеңдер. Ешқашан күшке бағынбаңдар, алдарыңыздағы қарсылас мықты болса да, кейін шегінуші болмаңдар!!!

Өмірге хамелеон секілді бейімделіңіздер! Мүмкіндік туа қалған жағдайда міндетті түрде оны қолданыңыз! Тәуекелге бел буып, қателіктерге тап болған жағдайда ғана сіздер баға жетпес тәжірибеге қол жеткізесіздер! Міне, сол кезде, қандай мүмкіндікке ие болғаныңызды түсінесіз. Бастысы бар ынтамен шаруаға араласу. Тіпті «Қолымнан келетініне сенімсізбін», — деген сияқты жаман ойларға уақыт қалдырмаңыз, керісінше өзіңізге: «Бағымды сынап көрейін, барлығы жақсы болады!», — деп айтыңыз.
Өмірлік тәжірибе — керемет мұғалім. Соның көмегімен кез-келген қиындықтарды жеңе аласыз. Сол кедергілерге тап болғанда: «Берілме!» деген сөзді ұмытпағайсыздар. Бір ғана сөз өміріңізді жақсы арнаға бұрып, ойларыңызды да өзгертіп жібереді. Жетістіктің құпиясы осы!!!
Егер сіз үлкен олжаға қол жеткізгіңіз келсе, әрдайым мен сияқты өзіңізді толық сол жұмысқа арнаңыз. Еріншектік пен әрекетсіздік өз кезегінде сізді жетістікке апармайды. Зияткерлігіңізді және білімге деген құштарлығыңызды арттырыңыз. Еріккен адам — мен үшін ақылсыз адаммен бірдей. Бұның сізге ешқандай қатысы жоқ шығар…
Ештеңе оңай келмейді. Кейде бірдеңеге жету үшін сабырдан бөлек табандылық та керек. Өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді іздеңіз! Мүмкіндік — қиындық пен сәтсіздік деп аталатын ұсқынсыз бетпердеде жасырынып жатуы мүмкін. Әсіресе, бөтен адамдардың сәтсіздіктерінде. Ойланыңыз, сіздің тағдырыңыз сізге қиындықтар мен келеңсіздіктер арқылы келуі мүмкін. Шығармашылық дүниетанымыңызды қосып, жаһандық деңгейде ойланыңыз. Ал бастысы, интуицияға сеніңіз, ол сізді алдамайды!!!

Ешқашан берілмеңіздер!!! Қандай ауыр қиындықтар болмасын, оны жеңу, күресу, табандылық таныту, өз-өзіме сенімді болу, міне, мені жетістікке жеткізген қасиеттер, сіздің де қолыңыздан бәрі келеді, — дейді Дональд Трамп.

5 пікір

AlmasNakhypbek
Осыған ұқсас мысалдар көп. Брайн Трэйси, Стив Джобс, Роберт Киосаки және тағы басқа. Оқыңыздар, ойланыңыздар. бірақ шешімді өздеріңіз қабылдаңыздар. Жалпы, жазба жақсы жазылған. пайдалы. Сасып жатқан мясо болғанша, пайдалы қуырдақ бол деген принципті ұстанамын))
NurlanJanai
Брайан Трейсидің де пайдалы кеңестерін жазу керек.
DinaAbdigalieva
Басыма қиын жағдайлар түскенде «Шыда! Бәріне шыда! Сенің қолынан бәрі келеді!»деген сөздермен өз-өзіме сенімділік пен бұзылмайтын мықты қамал сияқты күш жинап аламын. Сондықтан әрбір қиындықты есепке балап, оның шешімін әрқашан табатынымызға сену керек!!!
jolyshov
осы кітаптың қазақша нұсқасы бар ма?
87080706595
Қиыншылыққа қарсы тұру, өзінің ерік-жігерін жану шын мəнінде жетістіктің негізін құрайды.

Пікір қалдыру