Миллионнан үмітін үзіп қалғандар...

Кез-келген

өнер иесінің шабыт дүрсілінің тасып барып, уақытша бәсеңдеп қалатын шағы болады. Оны- творчестволық кризис десек те болады.

Осындай шақты, жазбагерлердің соңғы жазу қарқыны, тақырыптары мен белсенділік ықыластарына қарап шығармашылық жұтаңдылықты байқайсың. Мүмкін жаз маусымы аяқталып, блогтұғырдың негізгі тұрақты халқы -студенттер оқу процесіне дайындығын бастап кетті ме екен., кім білсін… Әлде о баста майланған шаңғыдай зулап өткен уақытының қалай сырғып кеткенін байқамай қалатын блогерлердің ыстық қызығушылығы бір сәтте су сепкендей басылды ма?
Бұл алаңда талай қан мен тердің майданы жатыр ғой. Не жазылмады «Blogtimeда» ....Махаббатан бастап, қазанды қалай қыру керек, жүрек қанша рет соғады, ауа -райы қандай боп тұр, көрші ауылға қаладан қыз келіпті, мен дәретханаға қанша рет барам, өкшем қышып кетіп еді, басымдағы битті қалай кетіремін деген тақырыптар да қозғалып, өз оқырманын тауып жатты. О баста «Жігітті өзіне қалай қарату керек», " Қызбен қалай сүйісу керек"деген тақырыптағы блогтар расында қызық болып, асыға оқып жаттық. Кейіннен бұр сынды дүниелерді шетке ысырып қоя салатын болдық. Блогерлерде талғам пайда болып, әркім өз тақырыбын іздеп оқитын болды. Әркімнің жазу стилі мен тұрақты қозғайтын мәселелері пайда болды. Тақырыбына қарап-ақ, төмедегі атын оқымай-ақ авторын көзді жұмып таба беретін халге жеттік.
Мәселен ,Ганибал Лектордың электроника мен IT технологияға қатысты жазбалары көптің кәдесіне жарады.
Құралай Раисова ханымның классикалық аудармалары жүректі тербеді. Ал Алмас болса, Нахыпбек мырзаның әр жазған жазбасы кемінде 5 пікірден бірден жинап алады ғой, Қайрат Нұртастың концертіне жиналған қыздар секілді, қаламы кеуіп үлгермеген жазбалары бірден танымалдыққа айналатын.
Өзімізге виртуалды достар жасап алдық. Блогерлер арасында достар мен достар еместер болып шағын пікірталас ошақтары жүріп жатты. Топ-топқа бөлініп, жікшілдік секілді тұстарды да байқадық.
Барлық блогерлер бір төбе Тазош пен Қоңырбай (екеуі бір кісі екенін де осы блогтан байқап үлгердік) бір төбе боп қазір "қызықсыз" болып бара жатқан блогтұғырда анда-санда итше шәуілдесіп қоямыз.
Қоңырбай мырзаның анайы жазбаларына рақмет ( мұндай жазбаларға рақмет айтам деп ойламаппын), әйтеуір мәнсіз болып бара жатқан блогосферамызды түрлендіріп қоюға тырысуда.
Блогтұғырдағы қазіргі «саяси » жағдайға қарап милионнан үміт үзіп қалған- ау деп, Ақбота Мұсабекқызының, Мақсат Есмұрат, Арайлым Жұмабек, Ізбасардың, Сарықазақтың жазбаларын іздеп қоям. Алғаш тіркеліп жаза бастағанымда осы ауылдың белсенді «көкпаршылары» осы кісілер еді. Салтанатты түрде қоштасыпГанибал да кетті жұмысқа, қалғандары жеке блог парақшаларын ашып, «солный концерт» құрып жүр екен. Бізге ренжіп қалды ма, жоқ әлде миллионның мінберіне шыққысы келмеді ме анық-қанығын егжей-тегжейлі түсіндіре алмайды екенмін. Ең бастысы, осы ортаға келіп жүзбе-жүз көріспесек те, ауылдас болып бірге шәй ішпесек те, Қазақстанның қай тұсында жүрмесеңдер де осы «алтын ұя» болған блогтұғырдағы әріптестеріме шексіз алғысымды айтқым келеді. Қаламымызды өткірлеп, шимайлап болса да, кейде тақырыптан ауытқып кетіп, жазбаның негізгі идеясы ашылмай қалса да, осы ортада төселіп, бір-біріміздің қатемізді түзеп, кімнің қандай екенін, артықтау кеткен тұстарымызды тұздай қуырып алатын кездерден алған сабағым мол. Өзіндік журналистер одағы қалыптасты десем де болады. Жазушы болам дегенге таптырмас тәжірибе ордасы. Ешбір оқу орны бере алмайтын білім мен жазған сайын шыңдала түсетін орта осы.
Осы ортада қарлығаштай қанат жайып ұшқан барша блогерлерге блог-бәйгені ғана емес, өмірдегі негізгі бәйгелерді жеңе берсін дегім келеді.

28 пікір

AzatMinbaev
Такырыбын ауыстыру кажет. Жазба 5+
AlmasNakhypbek
Өмірде жазусуды, арласауды, жазсын
akhan
түсінбедім
qonyrbai
"Өмірде жазысуды, араласуды жазсын!" Мұны Таз3-тің әдейі байқамағаны блогқа деген жауапсыздығынан болса керек-ті.
Tazosh
Мені Қоңырбайға телігеніңіз жаныма батқаны, Гүлнұр.
akhan
айып етпеңіз
qonyrbai
Теліген де, елеген де жоқ. Бір инсан деп пәтуасын берді ғой. Айдалада ақ отау.
NurKasiet
Осы ортада қарлығаштай қанат жайып ұшқан барша блогерлерге блог-бәйгені ғана емес, өмірдегі негізгі бәйгелерді жеңе берсін дегім келеді.
айтқаныңыз келсін
BerikDzhanabaev
Құдайға шүкір мен жоқ екенмін, уфф!
NurlanJanai
Менің де үмітім бар миллионнан )))
Біраз жерге шабыңдар, арттарыңнан қуамын!
akhan
АЛ КЕТТІК ЕНДЕШЕ
qonyrbai
Қараша айынан бастасаңыз, біраз жетістікке жетесіз.
qonyrbai
Tazosh degen baska insan. Tazosh betperdesin ozi sheshpese, magan nakka da kazheti zhok. Birak kusyk palkilordi «zherleu» rasimderi oz zhumysyn zhalgastyrady.
Daniyar_Zhanys
Е хе, Гүлнұр! Барған сайын қаламың қайралып келе жатыр. Толғамың қызық екен. Дегенмен, осы ортада көп адам меніңше миллион жазып жүрген жоқ. Өзім сондай болған соң ба, ойым осындай.
Tazosh
Қай жеңгенің — менікі. Жатыпатар миллион алған туралы біраз сілікпеңізді шығарған сенсация жариялайды, бұйырса.)))
qonyrbai
Таз3, өзіңнің басқа жұрттан екеніңді айт мұндағыларға. Құсық пәлкілөр мен қазіргі заманның айырмашылығы жер мен көктей.
Tazosh
Қайда, қайран, сол күндер?! Қоңырбай былшылы мол күндер.
KuralayRaisova
Жақсы жазба. Лайкқа лайық! Осы қыздың жақсы жазып жүргенін мен де байқадым. Қаламыңыз қуаттана берсін, қайрала берсін! Бір тілек — грамматикалық, унктуациялық қателерді тағы да тексеріп, сөздерді дұрыс жазуды өтінер едім. (Көңіліңізге алып қалмаңыз, шын ниетпен мінсіз жазғаныңызды тілеймін. Мысалы — «бастап кетті ме екен., кім білсін…», «Не жазылмады «Blogtimeда»… Махаббатан», "қоштасыпГанибал", т.б. )Ал Қоңырбай мырзаға «Керекинфо» сынды басқа блогтұғырлардың салқыны тиген-ау шамасы. Қызықты сараптамаңызға рахмет, өз басым риза болдым.
akhan
Рақмет, қазақ тілі сауаттылығынан хабарым бар, әлі де болса, блогтаймдағы техникалық пукнктерді түсіне алмай жүрмін,, содан шығар
qonyrbai
«Сен келерсің» киносын жібермей көресіздер ғой деймін.
qonyrbai
«унктуациялық» — пунктуациялық…
shyntakhova
Керемет, жазбаларыңызды оқыған сайын тамсаңа түсем. Тұнып тұрған дарын иесісіз-ау.
akhan
тым асыра сілтемеңіз))), біздікі болмасаң да ұқсап бақтың тірлігі ғой
qonyrbai
Біздің де ауылда той болғанның тірлігі ғой.
AmanzhanAdilzhanov
Блог марафонда көп адамдар оза шапты. Көп блог тақырыптары бар: Кино, Спорт, Білім. Діни тақырыпта неге блог жаздырмайды деп ойлаймын, қазіргі адамдардың кейбіреулерінің діни түсінігі аздау ма деп ойлаймын. Діни тақырыпта блог жазуға рұқсат болса, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамдардың хадистерін оқып, кейбір адамдар діни түсінігін жоғарылатса екен деймін. Боғауыздан тыйылып, жүректеріне иман келтіріп, Алланы тануға бет бұрса екен деймін, мені қолдайтындар аз болса да, өз ойым осы.
qonyrbai
Дін жайлы «Жайсаңда» жазсаң болады. Болмаса Ақбота секілді жеке блог парақшаңа жаз.

Пікір қалдыру