Газет - журналға онлайн жазылу әдісі

Бәрін айтта бірін айт. Кеше ғана табалдырығымыздан имене аттаған "ғаламтор" бүгінде төрімізден ойып орын алған. Тіпті, бізді басқарып, қожамызға айналды десек те болады. Ғаламтор – уақыт өткізу амалы, ақша табудың жолы, кітапхана, жеңгетай, азғырушы шайтан, ақыл үйретуші данышпан, білім беретін мектеп. Санамалай берсек кете береді ұшы-қиырсыз. Расында бүгінде барлық шаруа ғаламтор арқылы шешілетін болған. Ол басты ақпарат көзіне де айналып үлгерді. Бір жерде болған оқиғаны газет жазамын, баспадан шығарамын дегенше жұрт оқып-біліп отырады. Осының салдарынан газетке жазылушылардың саны әлде неше есеге төмендеп кеткен. Бірақ, солай екен деп, жұрттың газет оқымайтындығына интернетті кінәлай беруге тағы болмайды. Егер расында да интернет газет оқырмандарының азаюына алып келетін болса, шетелдік алпауыт газеттер ендігі жабылып, банкрот болып қалар еді. Бірақ олай емес. Еуропалық газеттердің таралымы миллион данаға дейін жетіп жатады. Ол енді, сол елдің халқының менталитеті мен журналисттерінің біліктілігінің арқасы болар. Оған бас қатырмай, газет пен журналды дамытуға деген ғаламтордың үлесі туралы сөз қозғайық.

Бәлкім бәріңіз естіген болар, әлде естімедіңіз бе? Білмеймін. Әйтеуір жылқы жылының аяқ шешінде Қазпочтаның басшылығы тың бастаманы қолға алған болатын. Бүгінгінің жұртында уақыт тапшы. Почтаға барып немесе редакцияға келіп, мерзімді басылымдарға жалып жатуға елдің мұршасы жоқ. Біреу жұмыста, енді біреу ерініп жатыр, кейбіреулер газет-журналдың бар екенін ұмытып кеткен. Бұл мәселенің барлығы жаңа реформаның аясында өз шешімін тапты. Енді сіз үйде отырып-ақ, қалаған басылымыңызға еркін түрде жазыла аласыз.
Бұл қызмет түрі www.postmarket.kz сайтында орнатылған. Қазіргі таңда интернет пайдаланушылар аталмыш сайтқа кіріп, көңілдері қалаған басылымға емін-еркін жазыла алады. Сізден талап етілетіні сайтқа тіркеліп, оқығыңыз келген басылымды таңдау және төлем жасау. Төлем банктегі шотыңыз арқылы жүзеге асырылады. Аталмыш сайтта елімізде жарық көретін 1600 газет-журнал орналастырылған. Жазылып, ақысын төлеген соң, үйіңізге жеткізіп береді.
«Қазпочта» АҚ төрағасы Бағыдат Мусин аталмыш жобаның халыққа ұнайтындығына сенімді. Расында мерзімді басылымға жазылу жолының жеңілдеуі отандық баспа журналистикасының дамуына өзіндік үлес қоса түсуі керек. Әсіресе қазақ тілді басылымдардың дамуына айрықша жәрдем тиеді. Оған шағын зерттеу жүргізу барысында көз жеткізген болатынбыз.
Қазір қала тұрғындарының көпшілігі газетке жазылып жатуға уақыт таппайды. Апта сайын жарыққа шығып тұратын газеттерді дүңбіршектерден сатып ала салады. Осылайша өз қалауларын қанағаттандырады. Алайда осы жерде көзге көрінбес мәселе бар. Оның мысалы ретінде Қарағанды қаласын алып қарайық. Біздің қаланың дүңбіршектерінде сатылымда тұраған газеттердің дені орыс тілді басылымдар. Жалпы Қарағанды бойынша оннан астам орыс тілді газет жарыққа шығып тұрады екен. Ал қазақ тілінде ақпарат жалғыз ғана газет «Арқа ақшамы» апталық газеті бар. Оның өзі тек жазылу арқылы тарайды. Дүңбіршектерге сатылымға түспейді. Осыдан тура екі жыл бұрын ғана ашылған жас басылым. Жас та болса, тұщынып оқитын дүниелері жетерлік. Қала өміріндегі өзекті мәселелерді көтеріп, жұмысына жауапсыз қараған басшыларды сын садағына алып келе жатыр. Сөйте тұра, танымалдылығы аз. Танымал болмаған соң сатып алушылардың қарасы да аз. Осы себепті дүңбіршектерден алынып тасталған болатын. Тек жазылу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Алайда жазылудың машақатының көп болуы басылымның әрі қарай дамуына айтарлықтай кедергі келтіреді. Тәуелсіз басылым болғандықтан, оқырмандарды мәжбүрлеп жазғызу мүмкін емес. Бас қатырған мәселенің шешімін «Қазпочта» басшылығы тауып берді. Жазылудың оңайлатылуы алдағы таңда газет оқырмандарының санының аруына алып келеді деп күтудеміз. Лайым солай болғай.

Газетке онлайн түрде қалай жазыламын?

Енді сіздерге аталмыш сайтты қалай қолдану керектігі жөнінде айта кетейік. Түсінбей жатушылар болғандықтан, суреттер қою арқылы баяндауды жөн санап отырмыз. Көңіліңіз қалаған басылымға үйден шықпай-ақ онлайын жазылу үшін әуелі www.postmarket.kz сайтына кіріңіз. Кірген соң үстіңгі жақта, оң жақ шетте орналасқан «войти/регистрация» батырмасыннан басып, тіркеліңіз.

1 сурет.

Білу керек!: Газет - журналға онлайн жазылу әдісі

Тіркеліп болған соң, сайттың бас бетіне өтіп, «Подписка на газеты/журналы» батырмасын басыңыз.

2- сурет.

Білу керек!: Газет - журналға онлайн жазылу әдісі

Тағыда сұхбат терезесі ашылады. Өзіңіздің тұрғылықты мекеніңізді көрсетіп, жазылғыңыз келген басылымды іздеп, таңдап алыңыз.

3-сурет.

Білу керек!: Газет - журналға онлайн жазылу әдісі

Іздеу нәтижесі сізге таңдаған басылымыңызды тауып береді. Қасында бағасы көрсетіледі. Соның үстінен бассаңыз келесі бетке өтесіз.

4-сурет.
Білу керек!: Газет - журналға онлайн жазылу әдісі

Артынша тағы бір сұхбат терезесі ашылады. Бұл жерде сіз газеттің қай айда жарық көрген номерлерін алғыңыз келеді, соған тапсырыс бересіз. «+» немесе «-» таңбашаларын басу арқылы таңдау жүргізе аласыз.

5- сурет.

Білу керек!: Газет - журналға онлайн жазылу әдісі

Қай айға жазылатындығыңызды есептеп болған соң рәсімдейсіз. Ол үшін «оформить» батырмасын басу керек. Осыдан соң, келесі бетке өтсеңіз болады. Бұл жерде сізге таңдаған басылым үшін ақы төлеу қажет болады. «Оплатить» батырмасын басу арқылы өз банкіңіз арқылы онлайн төлем жасайсыз. Сонымен шаруа тәмам. Газетті үйіңізде күтіп жата беріңіз. Апта соңында жаңа номері қолыңызға тиеді.

6- сурет
Білу керек!: Газет - журналға онлайн жазылу әдісі
Ал енді, компиютерде отырып алып, банктегі шотты қалай басқарамын? Онлайн төлемді қалайша жүзеге асырамын деп толғанып жатқан болсаңыз, сұрағыңыздың жауабы бар. Ол Сұрақ-жауап сайтында орналасқан. Сілтемеден өтіп, біліп алыңыз: Интернет арқылы Халық банк шотындағы ақшаңды қалай көруге болады?

P/S: Қазпочтаның осы жобасы өз басыма қатты ұнады. Қазақ тілін дамыту үшін әуелі ақпарат алаңымызды қазақыландырып, таза қазақ тілінде идеология тарататын һәм ұлттық құндылықтардың мерейін асқақтатып, жоғын жоқтайтын басылымдарға қолдау көрсету. Жазылыңыз, оқыңыз, бөлісіңіз. Уақыт бөліп қарап шыққандарыңызға рахмет!

8 пікір

qonyrbai
Керемет! Ұнады. :)
AlmasNakhypbek
Осы бауырым әрдайым жаңа жаңалықтар ашып жүреді!!! Аман болшы! Керемет! Маған ұнады..!
NurlanJanai
Тақырыпты неге нақты қоймаймыз?

Жобаның аты, жобаның несін таныстырайын деп жатырсың соны жазу керек қой тақырыпқа )
tomarlik
тақырып өзгерді Нұреке ))) Айып етпеңіз…
DinaAbdigalieva
Охо, мұнау күшті ғой!
ArayErzhankyzy
Адамның жұмысын жеңілдету үшін не істелмей жатыр десеңізші. Жақсы нәрсе екен мынау.
Zhalgas
Тегін шығар десем)))

Пікір қалдыру