Жас журналистер жүлделі оралды

Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында «журналистика» мамандығы бойынша «Ең дарынды болашақ журналист» атты пәндік олимпиада өтті.
Блог - azhar_94: Жас журналистер жүлделі оралды
Аталған байқауға еліміздің 11 жоғарғы оқу орнының ең үздік студенттері қатысты. Олимпиада ережесі бойынша, студенттер сайыстың алғашқы кезеңінде журналистика мамандығының негізгі пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап берсе, ал екінші турында «Ең үздік таныстыру», «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік мақала», «Ең үздік онлайн жазба» номинациялары бойынша өз біліктіліктерін көрсетті.

Олимпиада қортындысы бойынша «Шығыс Шынары» командасының жетекшісі Г. А. Бекбосынова «Үздік жетекші» номинациясын иеленсе, ал топ мүшесі Назерке Ахметованың «Өз елінің өгей адамдары» атты мақаласы «Ең үздік мақала» номинациясын жеңіп алды.

Бұл додада бірінші орынды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, екінші орынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті иеленсе, ал С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Шығыс Шынары» командасы ІІІ орынды қанжығаларына байлады.

0 пікір

Пікір қалдыру